Ан-22 «Антей» («бұйым 100», НАТО кодтау жүйесі бойынша: Cock) — кеңестік ауыр турбовинттікөліктік ұшақ. Бірінші кеңестік кеңфюзеляжды ұшақ. Алғаш рет аспанға 1965 жылы көтерілді. Сериялы 68 ұшақ жасалынды, сонымен бірге сынаулар үшін екі бөлек ұшақ жасалынды.
Төртқозғалтқыш турбовинтті жоғарыплан, екікильді қауырсынмен және жүктік люкпен жабдықталған.
Тарихы
Ан-22 («бұйым 100») ұшағының жобалауы бойынша жұмыстар 1960 жылы басталды, оны басқарған бас конструктор А. Я. Белолипецкий[1] басқарды. Жүктік кабина жобалауы сол кездегі әскери техниканы сыйдыру негізімен жобаланды, 50 тоннаға дейін.
1961 жылы макеттік комиссияның «бұйым 100» бойынша мәжілісі өтті. 1963 жылы прототип дайындалуы басталды, 1964 жылдың жазына таман дайын болды. 1964 жылдың18 тамыз күні бірінші ұшақ ұшу сынақтарына берілді. Осы уақыттан бастап ұшақ Ан-22 «Антей» атауын алды.
Алғаш ұшуын Ан-221965 жылдың27 ақпанындаКиев Әуе зауотынын аэродромынан Узин әскери аэродромына өткізді. Кабина ішінде Ю. В. Курлина, ал екінші пилот В. И. Терског, штурман П. В. Кошкина, бортинженер В. М. Воротникова, бортэлектрик М. П. Раченко, бортрадист Н. Ф. Дробышева және жетекші инженер. Н. Шаталов болды. Бірінші халықтық ұшақ демонстрациясы 1965 жылдың15 маусымындаЛе Бурже авиасалонында өтті.
Ан-22 сериялық жасалуы Ташкентское авиациязауотында орнатылды. Алғаш «Антеилер» ӘӘҚ құрамына 1969 жылдың қаңтарында басталды. Ұшақ жасалуы 1976 жылға дейін созылды. 1965 жылдаң қарашасынан 1965 жылға дейін 66 «Антеи» жасалынып, оның 22 — Ан-22А үлгісінде.
2010 жылда 7 Ан-22 қолдануда (6 Ресейде және 1 Украинада), 18 сақталуда.[2] Ресейде 2011 жылда: RA-09342, RA-09328, RA-09329, RA-08832, RA-09309, RA-09344.
Жетекші сынаушылар
Авиация генерал-майоры Дедух С.Г.;
Полковник-инженер Панков И. М.;
Полковник-инженер Ищеев М.П.
Нұсқалары
Ан-22 — базалық;
Ан-22А — 80 тоннаға дейінгі жүктерді көтеруге арналған ұшақ;
Ан-22А — жетілдірілген. Әуе стартермен ерекшеленеді. 28 ұшақ дайарланған;
Ан-22ПЗ («тасымалдаушы») — Ан-124 және Ан-225 ұшақтарының үлкен габоритті бөліктерін тасымалдау үшін жасалған.1980—1983 жылдары 3 ұшақ жасалған.