Ан-225 «Мрия» (укр.Mрія: «Арман», ішкі атауы : бұйым «402», НАТО кодификациясы бойынша: Cossack — «Казак») — аса ауыр жүктерді көтеруге арналған ауыр әскери-көліктік ұшақ. Басты жобалаушы О. К. Антонов атындағы ТКБ.
Ұшақ Кеңес Одағында Киев Механикалық Зауытында 1984—1988 жылдарында жобаланып шығарылған. Жобаның басшысы — В. И. Толмачёв. Бірінші ұшуын 1988 жылдың 21 желтоқсанында жасаған. Жобалау кезінде екі ұшақты жасау жоспарланып, олардың құрылысы басталған болатын, бірақ кәзіргі уақытта ұшуға қолайлы тек қана бір ұшақ өндірілді, екінші ұшақты жинау жұмыстары тоқтатылған. Негізгі эксплуатант украиндікAntonov Airlines компаниясы. Ұшақ Ресей - Украина соғысы кезінде жойылды
Жасалу тарихы
Ан-225 «Буран» ғарыш кемесін тасымалдау мақсатымен құрастырылған. Ан-225 негізгі мақсаттары тасығыш-зымыранның түрлі бөліктерін және «Буран» ғарыш кемесін өндіріс орнынан космодромға тасымалдау болып табылды. Оған қоса Ан-225 егер ғарыш челного қосалқы аэродромдарға қонған жағдайда оны қайтадан космодромға тасымалдауы керек болатын.
Сонымен қатар, Ан-225-ті ғарыш кемесінде әуе старты жүйесінің бірінші сатысында қолдану жоспарланған болатын, осы мақсат үшін ұшақтың жүк көтерімділігі 250 тоннадан асуы керек болатын.[1]