«Антонов» мемлекеттік кәсіпорны (укр.Держа́вне підприє́мство «Анто́нов») — украиналық авиақұрылыс концерні. Концерн құрамына конструкторлық бюро, зертханалар комплексі, эксперименталды зауыт және ұшақтарды жобалау мен сертификаттаумен айналысатын тәжірбиелік комплекс кіреді.
Тарихы
ОКБ-153 тәжірибелік-конструкторлық бюросы (ТКБ) 1946 жылы 31 мамырда (б)ПК ОК мен КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен Новосибирск авиациялық зауытында құрылды. Бас конструктор болып Антонов Олег Константинович тағайындалды.
ТКБ-ға бірден ауылшаруашылық Ан-2 ұшағын жасап шығаруға тапсырма берілді. Бұл ұшақ 1947 жылы 31 тамызда алғаш әуеге көтерілді.
1952 жылы ТКБ Киевке көшті.
1953 жылдың соңында ТКБ екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған әскери-тасымалдаушы ұшақ құрасытыруға тапсырма алды. Нәтижесінде 1956 жылы 11 ақпан алғаш ұшқан Ан-8 ұшағы жасап шығарылды. 1956 жылы ТКБ Ан-10 және Ан-12 ұшақтарының жобалау жұмыстарын бастады. 1957 жылы 7 наурызда Ан-10 жолаушы ұшағы өзінің алғашқы ұшуын орындады, ал сол жылдың 16 желтоқсанында Иркутск авиациялық зауытынан шыққан Ан-12 тасымалдаушы ұшағы алғаш ұшуын орындады. 1956 жылы ОКБ-153 КСРО Үкіметінің тапсырмасы бойынша Ан-14 ұшағын бойынша жұмыстарын бастады. Ан-14 алғашқы ұшуы 1958 жылы 14 наурызда орындалды. 1957-1959 жылдар аралығында Ан-24 жолаушы ұшағы (алғаш ұшуы 1959 жылы 20 қазақнда) жасап шығарылды.
1959 жылы Киев төңірегіндегі Гостомель ауылында ұшақтарға ұшу тәжірибелері мен жақсарту жұмыстарын өткізуге арналған әуе базасының құрылысы басталды. 30 жыл аралығында осы жерде Еуропаның алғы шепкі ұшу орталықтарымен тең дәрежелі, жақсы жабдықталған комплекс құрылды. 1960 жылдың соңында ТКБ Ан-22 «Антей» ұшағының жобалап бастады. Бұл әлемдегі алғашқы кең фюзеляжды ұшақ болды. «Антейдің» алғаш ұшуы 1965 жылы 27 ақпанда болып өтті.
1962 жылы Ан-12 ұшағына Ленин премиясы берілді, ал Олегу Константиновичке Бас конструктор атағы берілді.
1970-жылдардың басында кәсіпорын көпмақсатты Ан-28 ұшағын жасап шығарды. Оның алғаш ұшуы 1973 жылы 29 қағтарды болып өтті. 1970-жылдары кәсіпорын ТКБ үшін алғаш рет екі контурлы турбореактивті қозғалтқыштармен жабдықталған ұшақ - Ан-72 ұшағын жасап шығарды. Ан-72 әуеге алғаш 1977 жылы 31 тамызда көтерілді. Оның негізінде 1983 жылы 29 қыркүйекте алғаш ұшқан Ан-74 ұшағы жасап шығарлыды. 1971 жылы ТКБ Ан-124 «Руслан» алыс қашықтықтық ауыр тасымалдаушы ұшағының жобалау жұмыстарын бастады, ал 1982 жылы бұл ұшақ алған әуеге көтерілді.
1984 жылы кәсіпорын әмбебап Ан-225 «Мрия» аса ауыр тасымалдаушы ұшағы бойынша жобалау жұмыстарын бастады. 1988 жылы 21 желтоқсанда ол алғаш ұшты. 1989 жылы мамырда ұшақты «Буран» ғарыш кемесімен бірге Байқоғырға ұшуы болды, ала маусымда ұшақ «Буранмен» бірге Ле Бруже авиациялық салонына қатысты. Қазіргі тағда Ан-225 «Авиалиний Антонова» әуе компаниясының құрамында коммерциялық жүк тасымалдарында қолданылуда.
1989 жыды О. К. Антонов атындағы АҒТК-нің бөлімшесі болып табылатын «Авиалинии Антонова» әуе тасымалдаушы кәсіпорны құрылды.
Ан-225 ұшағын жасап шығарғаннан кейін кәсіпорын орта қашықтықтық Ан-70 тасымалдаушы ұшағын жасауға кірісті.Ұшақ алғаш 1994 жылы 16 желтоқсанда ұшты. 1990-жылдары жеңіл көпмақсатты Ан-38 ұшағы жасап шығарылды. Ан-38 алғаш 1994 жылы 23 маусымда ұшты. 1993 жылы «Антонов» АҒТК Ан-140 жаңа регионалдық ұшағын жобалап бастады. Бұл ұшақ алғаш 1997 жылы 17 қыркүйекте ұшты. 2000-жылдары кәсіпорын Ан-148 регионалдық жолаушы ұшағын жасап бастады, ал 2004 жылы 17 желтоқсанда оның алғаш ұшуы болды.
Соңғы жылдары «Антонов» АҒТК тек әуе көлігін ғана емес, сонымен қатар жер үсті көліктерін де жасауда: