Ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (ағылш.unmanned combat aerial vehicle, UCAV, кейде Жауынгер дрон, немесе Соғыс дроны, ағылш.combat drone) — ұшқышсыз ұшу аппаратының (UAV) бір түрі болып, ол әдетте ракета, ATGM және дәлдігі жоғары бомбалар секілді әуе қарулары мен құралдарын алып жүреді, әрі бақылау мен шарлаудан басқа дрон соққысын жасауға қолданады.[1][2] Әдетте бұл дрондарды адамдар нақты уақыт режимінде басқарып отырады, дегенмен аппараттың өзінде түрлі деңгейдегі автономиялылық (дербес қимыл) болады.[3]
Мұндай типтегі ұшақтарда адам ұшқыштар болмайды.[4]Оператор бұл құралдарды қашықтағы терминалдан басқарған кезде адами ұшқышқа қажет түспейді, нәтижесінде салмағы жеңіл, ұшқышты ұшаққа қарағанда кішірек өлшемде болады. Көптеген елдердің отандық басқарылатын UCAV аппараттары бар, көптеген мемлекеттер ең жаңа үлгідегі қарулы дрондарды импорттауға, немесе өз даму бағдарламалары бойынша жасап шығаруға талпынып жатыр.
Қолданушылар
Басқарылатын жауынгер дрондары бар елдер (дрон атаулары ағылшынша берілді):
АҚШ - MQ-1 Predator, MQ-9 Reaper, Global Hawk, RQ-180 Sentinel.
Тарихы
Соғыс дроны тұжырымдамасы туралы алғаш ізденушілер АҚШ тапқырлаушысы, радио құрылғысын алғаш тапқырлаған Ли Де Форест (1873–1961) және теледидар инженері У.А.Санабрия (1906–1969) болды. Олар өз идеяларын 1940 жылы "Popular Mechanics" журналында мақала етіп жариялады.[22] Бүгінгі заманауи әскери дрон Джон Стюарт Фостердің жасампаздық нәтижесі болды, ол ядро физигі, әрі Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының (сол кезде Лоуренс радиация зертханасы деп аталған) бұрынғы жетекшісі болатын.[23] 1971 жылы бір ұшақ моделінің әуесқойы болған Фостер оны қару жасауға қолдануға болады деген ойға келеді.[23] Ол жоспар құрып, ақыры 1973 жылға қарай DARPA (Defence Advanced Research Projects Agency) арқылы "Прерия" (Prairie) және "Калера" (Calera) деп аталатын екі прототип жасады. Олар модификацияланған шөп шапқыштың қозғалтқышымен жұмыс істеп, 13 кг жүкті екі сағат бойы көтеріп жоғарыда тұра алды.[23]
1973 жылы Араб-Израиль соғысында (Yom Kippur War) ИзраильМысырды зениттік зымырандардың барлық арсеналын атуға мәжбүрлеу үшін АҚШ-тың қарусыз Райан Файерби (AQM-34) дрондарын қолданды. Египет қорғанысын тез әлсіреткен бұл миссияны Израиль ешбір ұшқышын жараламай сәтті орындады. 70-80 жылдардың аяғында Израиль Шарлаушы (Scout) және Пионерді (Pioneer) жасады, олар қазір қолданылатын жеңіл, планер типті UAV моделіне ауысуға өкілдік етті. Израиль ұшқышсыз ұшу аппараттарын (UAVs) нақты уақыт режимінде бақылау, электронды соғыс және жаңылыстыру құралы ретінде алғаш қолданды.[24][25][26] 1982 жылы Ливан соғысы басталған кезде Mole Cricket 19 операциясында Израиль осы ұшқышсыз ұшақтар ұсынған суреттер мен радарлы жаңылыстырудың арқасында ешбір ұшқышын құлатпай, Сирияның әуе қорғанысын толығымен жаншуға қол жеткізді.[27]
1980 жылдардың соңында Иран-Ирак соғысында Иран алты RPG-7 патронымен қаруланған дронды пайдаланды.[28]
Израильдің жетістігіне таңданған АҚШ тез арада бірқатар UAV сатып алды, ал оның Hunter және Pioneer жүйелері Израиль модельдерінің тікелей туындыcы болатын. Алғашқы 'UAV соғысы' бірінші Шығанақ соғысы болды: 1991 жылғы мамырдағы Әскери-теңіз күштері департаментінің есебі бойынша: "Шөлдегі дауыл" операциясы барысында кем дегенде бір UAV барлық уақытта әуеде болған". Шығанақ соғысында соғыс дрондарының пайдасы толық паш болған соң, әлемдік әскерлер ұшақсыз ұшақтарды отандық дамытуға кең көлемде қаражат бөлді.[29] Алғашқы "өлтіру" американдық UAV жағынан 2001 жылдың 7 қазанында Кандагарда болған.[30]
Соңғы жылдары АҚШ терроризмге қарсы соғыс шеңберінде шет елдердегі және түрлі жерлердегі нысандарға ұшқышсыз соққы жасауды көбейтті. 2014 жылдың қаңтарындағы есеп бойынша, бес жыл ішінде АҚШ-тың дрон соққыларынан 2400 адам қайтыс болды деп есептелген.[31] 2015 жылдың маусымында АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтарының соққысының жалпы саны 6000-нан асты деп бағаланды.[32]
Болашақ моделдер
Жалпы шолу
Ескерту: Бұлардың кейі ұшқышсыз ұшақтың протоипі емес, технологиялық демонстранттар (TD) болып, қолданысқа енбеуі мүмкін.
Taranis - бұл Британдық ұшқышсыз әуе соғыс аппараты (UCAV) технологиясының демонстрант түрі. Ол Ұлыбританияның ұшқышсыз ұшу аппараты (эксперименттік) бағдарламасының (SUAV[E]) страатегиялық маңызды бөлігі. BAE бұл тұрғыда Taranis-тің рөлін былай сипаттайды: "Бұл £124 млн тұратын төрт жылдық бағдарлама Ұлыбритания үкіметінің стратегиялық Ұшқышсыз ұшу аппараты эксперименті (SUAVE) болып табылады, нәтижеде толық интеграцияланған автономды жүйелерге және байқалуының төмендігі ерекшелігіне ие UCAV демонстрант майданға келді".
Taranis демонстрантының максималды ұшып шығу салмағы (MTOW) шамамен 8000кг болды, көлемі BAE Hawk аппаратымен қарайлар болды, - бұл оны әлемдегі ең ірі UAV-дің бірі етеді. Ол жасырынғыш, жылдам ұшады, әрі көптеген оқ-дәрілерді бірқатар нысандарға жібере алады, сондай-ақ ұшқышты және ұшқышсыз басқа жау ұшақтарынан қорғануға қабілетті. Ол 2007 жылдың қыркүйегінен бастап жасалып, сынақ 2009 жылдың басында басталды. Taranis-тың алғашқы ұшуы 2013 жылы тамызда Аустралияның Вумера қаласында болды.[38] Демонстранттың екі ішкі қару-жарақ қуысы болды. Оған "толық автономия" енгізілген болып, бұл платформа миссияның көп бөлігін "өзі ойластыра алады".
Бірлескен ұшақсыз әуе соғыс жүйелері (Joint Unmanned Combat Air Systems, немесе J-UCAS) —- АҚШ-тың бірлескен әскери Теңіз күштері мен Әуе күштерінің ұшақсыз әуе соғыс аппаратын қалыптастыру жобасы. J-UCAS әдетте DARPA, яғни АҚШ қорғаныс министрлігінің Қорғаныстық жетілдірілген ғылыми жобалар басқармасы жағынан басқарылады. 2006 жылғы Төртжылдық қорғаныс рецензиясында (Quadrennial Defense Review) J-UCAS бағдарламасы тоқтатылды.[39] Бағдарлама стелс-технологияларды қолдануға, UCAV-ті дәл басқарылатын қару-жарақпен қаруландыруға мүмкіндік беретін еді, мысалы Бірлескен тіке шабуыл оқұтмсығы (JDAM), немесе дәл басқарылатын ұсақ оқ-дәрілер, мысалы, қарсыласының әуе қорғанысын талқандау үшін қолданылатын кіші диаметрлі бомба, тб. Контроллерлер ұрыс даласында және айналасында болып жатқан өзгерістерді жоспарлау және оған жауап беру үшін жасандысеріктер арқылы нақты уақыт режиміндегі дереккөздерді қолдана алады.
Бұл бағдарлама кейінірек ұшқышсыз тасығыш ұшақты дамытуға арналған АҚШ теңіз күштері бағдарламасы ретіндегі UCAS-D-тің құрамына енгізілді.[40]
N-UCAS
UCAS-D және Northrop Grumman X-47B - бұл АҚШ теңіз күштеріндегі J-UCAS-тің жалғыз ізбасарлары, J-UCAS жобасы 2006 жылы тоқтатылған болатын. Боинг компаниясы осы секторда X-45N бойынша зерттеу жасады.
2011 жылы The New York Times-тың "Қытайдың әскери-теңіз амбициясы" атты жаңа жылдық мақаласында былай делінген: "Пентагон Қытайдың зымыран қауіпіне оңай ұшырауға жол бермес үшін Азиядағы американдық әскери-теңіз күштеріне қолдауын арттырып, оларға алыс теңізден атылатын тосқауыл күшін жобалауға мүмкіндік беруі тиіс. Зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі жетіспейтіндіктен, әскери-теңіз күштері DDG-1000 эсминецін сатып алуды тоқтату алғашқы қадам болады. Ең маңыздысы теңіз күштерінің қысқа қашықтықтық ұшқышты F-18, F-35 қатарлы шабуылдаушы ұшақтарға тәуелділігін азайту, тасымалдаушылар ұсынған N-UCAS жүйесін пайдалану...."[41]
2011 жылдың 6 қаңтарында АҚШ қорғаныс министрлігі (DOD) 2012 жылғы бюджеттік өтінімге N-UCAS бойынша қосымша инвестиция салатынын мәлімдеді.[42]
АҚШ әскери-әуе күштері UCAV бағдарламасын орта қашықтықтағы тактикалық соққы беретін авиациядан алыс қашықтықтағы стратегиялық бомбалаушы ұшақтарға дейін өзгертті.[39] "Алыс қашықтық соққысы" (Long Range Strike) бағдарламасының технологиясы "Lockheed Martin Polecat" демонстраторына негізделген.
Тель-Авивтің оңтүстігіндегі Пальмахим авиабазасында Elbit Hermes 450эскадрильясына ие Израиль әскери-әуе күштері Hermes 450-ді шабуылдаушы ұшқышсыз ұшақ ретінде пайдалануға бейімдеп, оны екі Тозақоты (Hellfire) зымыранымен жабдықтаған, немесе түрлі мәліметтер бойынша, олар екі Рафаэль зымыранын жасаған. Израильдік, Палестиналық, Ливандық ақпарат бойынша, және тәуелсіз сарапшылардың пайымдауы бойынша, израильдік ұшқышсыз ұшу аппараттары (UAV) Газа секторында жаппай қызмет көрсеткен, әрі Екінші Ливан соғысында қарқынды қолданыс тапқан. Израиль бұл мүмкіндікті жоққа шығармады, бірақ бүгінгі күнге дейін мұны олар ресми түрде растаған да емес.
↑China's Weapons of Mass Consumption (20 March 2015). — «Since 2011, China has also sold the Wing Loong, an armed drone, to several countries in Africa and the Middle East, including Nigeria, Egypt, and the United Arab Emirates.» Тексерілді, 7 қараша 2016.