жаңа жылдықкомедия
Крис Коламбус
Джон Хьюз (ағыл.)қаз.
Джон Хьюз
Джо ПешиДэниел СтернМаколей Калкин
Хулио Макат (ағыл.)қаз.
Джон Уильямс (ағыл.)қаз.
Түсірген:Hughes EntertainmentДистрибьютор:20th Century Studios
103 мин.[1]
$18 000 000[2]
$476 684 675[2]
АҚШ
ағылшын тілі
1990 жыл
Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған
ID 0099785
Үйде жалғыз қалғанда (ағылш. Home Alone) — 1990 жылы Джон Хьюздың (ағыл.)қаз. сценариі бойынша түсірілген америкалық жаңа жылдық комедия. Режиссері - Крис Коламбус. Маколей Калкин фильмде Кевин Маккаллистердің рөлін сомдады. Кевиннің отбасы Парижге жаңа жылдық демалысқа ұшып кетіп, оны үйде қалай жалғыз қалдырып кеткендерін байқамай қалады. Алғашында Кевин үйдегі жалғыздықтан рақаттанады, бірақ кейіннен екі қарақшыға тап болады. Қарақшылар рөлдерін Джо Пеши мен Дэниел Стерн орындады. Сондай-ақ картинаға Джон Херд (ағыл.)қаз., Кэтрин О’Хара (ағыл.)қаз. және тағы басқа актерлар қатысты.
Сыншылар фильм жайлы әртүрлі пікір білдірді. Фильм Солтүстік Америкада шыққан жаңа жылдық комедиялар арасында ең көп кассалық табысқа ие болды[3]. Сонымен қатар фильм АҚШ кинематографиясының тарихындағы ең көп кассалық табысқа ие болған комедия ретінде рекорд орнатқан. Бұл рекорд 2011 жылы «Бас жазу: II-ші бөлім (ағыл.)қаз.» кинофильмі шыққанға дейін ұсталып тұрған[4]. Картина төрт сиквелдан тұратын франшизаның негізі болды, олардың екеуі ғана тікелей жалғасы болып саналады. Дегенмен «Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған» фильмінде ғана толықтай бұрынғы актерлық ұжым сақталды. Ал қалған екі сиквел толықтай дербес болып есептеледі.
1991 жылы фильм «Фильмдегі үздік ән (ағыл.)қаз.» («Somewhere in my Memory» композициясы) және «Фильмдегі үздік музыка (ағыл.)қаз.» номинацияларында «Оскар» сыйлығына ұсынылды[5]. «Somewhere in my Memory» композициясы «Визуалды медиадағы үздік ән (ағыл.)қаз.» номинациясы бойынша «Грэмми» сыйлығына ұсынылды, алайда жеңіске жетпеді[5]. Басты рөлді орындаушы Маколей Калкин «Комедия немесе мюзиклдегі үздік ер адам рөлі (ағыл.)қаз.» номинациясында «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды[5].
Фильмдегі оқиға желтоқсан айында орын алған. Маккалистерлер отбасы Чикагоның шет аймағында орналасқан Питер мен Кейттің үйіне жиналады. Сол жерден барлығы бірігіп қыстық демалыстарын өткізу үшін Парижге ұшпақ болады. Үй иелерінің ұлы, сегіз жасар Кевинді туған бауыр-қарындастарымен басқа да өзі құралпылас туысқандары мазақ қылады. Кевин мен оның үлкен ағасы Базз өзара араздасып қалады. Кевинді жазалау мақсатында шатырдағы қабатқа ұйықтауға жібереді. Ыза болған Кевин отбасының жоқ болып кеткенін тілейді. Сол түні қатты жел соғып электр желілері зақымданады, сондықтан оятқыш сағаттағы уақыт артқа қалып қояды. Ертесінде асыққан отбасы, шатырдағы қабатта ұйықтап жатқан Кевинді ұмыт қалдырады. Кевин үйде жалғыз қалды.
Ояна салысымен Кевин үйде жалғыз қалғанын түсініп, тілегі орындалғанына қуанады. Әйтсе де көп кешікпей оның көңіл-күйі күрт бұзылады: көрші қарт Марлиді кездестірген балақайдың зәресі ұшады. Кевиннің естуі бойынша қарт Марли 1958 жылы өз отбасын қар күрейтін күрекпен өлтірген. Кейінірек Кевин тағы да басқа қатермен жолығады. Ол өз маңайындағы демалыс кезінде босап тұрған үйлерге ұрлықпен түсіп жүрген екі қарақшыны кездестіріп қалады. Өздерін «дымқыл қарақшылар» деп атайтын Гарри мен Марвтың көздері Маккаллистерлердің үйіне түскен. Оны білген Кевин әртүрлі қулықтар арқылы қарақшыларға өзінің үйде жалғыз қалғанын білдіртпеуге тырысады.
Парижге ұшып бара жатқан Кейт ұлын үйде жалғыз қалдырып қойғанына көзі жетеді. Анасы тезірек үйіне қайтпақшы болады, бірақ келесі екі күнге Чикагоға дейін билеттер жоқ болып шығады. Питер және отбасының басқа да мүшелері оның ағасы Робтың париждік пәтеріне жол тартады. Ал Кейт болса қайта АҚШ-қа ұшып кетеді, бірақ Чикагоға емес, Пенсильвания штатындағы Скрантон (ағыл.)қаз. қалашығына. Ол жерге жеткенде Кейт Чикагоға дейін ұша алмайтындығын біліп, жеңіл көліктегі полька орындайтын музыкалық тобымен бірге жол тартуға шешім қабылдайды. Ал ол уақытта Гарри мен Марв Кевинның расымен де үйде жалғыз қалғанына көздері жетеді. Алдыңғы түнде Маккаллистерлердің үйіне түспек болған олар, Кевиннің олардың жоспарын естіп қалғанын байқамай қалған.
Рождество күнінің дәл қарсаңында Кевин шіркеуге балалар хорын тыңдауға барады. Шіркеуде Кевиннің жанына қарт Марли келіп отырады. Онымен сөйлескен Кевин, Марли жайлы естіген сыбыстары өтірік екенін біліп, ол жайлы қателескеніне көзі жетеді. Марли шіркеуге хорда ән салатын немересін тыңдауға келгенін, оны шіркеуден тыс жерде көре алмайтынын айтады. Себебі ол кезінде ұлымен қатты ұрсысып, көп уақыт бойы бір-бірімен араласпаған. Кевин Марлиге ұлымен қайта татуласып көруге ұсыныс жасайды.
Шіркеуден үйіне қайтқан Кевин ұрыларды жақсылап күтіп алуға дайындалмақ болған. Ол үйдің әртүрлі жерлеріне кішігірім тұзақтар орнатады. Үйге кірмекші болған Гарри мен Марв Кевин ұйымдастырған кедергілерге тап болып, түрлі жарақаттар алады. Ұрылар Кевинді бүкіл үйді айналып қуғанда, ол полицияға қоңырау шалып көршінің үйіне қашып үлгереді. Әйтсе де Кевин Гарри мен Марвтың қолдарына түсіп қалады. Олар қалай қу балақайдан өштерін алатынын ақылдасып жатқанда, арттарынан Марли келіп күрекпен ұрып талдырады. Келіп жеткен полиция қызметкерлері «дымқыл қарақшыларды» дереу тұтқынға алады. Маңайдағы тоналған үйлерді су басып кеткендіктен, олардың бәрі екі алаяқтың істері екеніне тікелей дәлел болады. Тоналған үйден кетпек бұрын Марв ылғи да су құбырының шүмегін ашық тастап кететін.
Рождество күнінің таңертеңінде оянған Кевин өзін көңілді сезінеді, өйткені оның отбасы әлі де үйге қайтып келмеген. Сол сәтте ол кіреберіс есіктің ашылғанын естиді. Үйге кіріп келген Кейт Кевинді шақырады. Кевин анасына қарай түсіп, онымен қауышады. Дәл сол уақытта оларға бірінші пайда болған мүмкіндікпен үйлеріне қайтқан қалған Маккаллистерлер қосылады. Ұрылармен болған оқиғаны Кевин отбасындағы ешкімге айтпады. Кейіннен Кевин терезеден Марлидың өз ұлымен және оның отбасымен татуласқанын көреді. Марли да Кевинді байқап қалады – бір-біріне қол бұлғаған олар, әр қайсысы өз отбасына оралады.
1988 жылдың аяғында Джон Хьюз (ағыл.)қаз. «Жаңа жылдық демалыс» (ағыл.)қаз. атты фильмнің сценариін агенті Джек Рапки арқылы Крис Коламбус жібереді[7]. Хьюз Коламбустың жаңа жылдық фильмдерге деген жылы қөзқарасы жайлы біліп, оған фильмді түсіруге ұсыныс жасайды[8]. Коламбус пен Хьюз алдын ала келісімге келеді. Дегенмен Коламбуспен басты рөлді орындайтын Чеви Чейзбен (ағыл.)қаз. болған түсініспеушіліктен кейін, режиссерлік орнынан бас тартады[8].
1989 жылы Джон Хьюз өзінің сценарийі бойынша «Бак ағатай» (ағыл.)қаз. атты фильмін түсірумен айналысады. Бұл фильмде Маколей Калкин екінші қатарлы рөлде ойнады[9]. Коламбус «Жаңа жылдық демалысты» түсіруден бас тартқаннан үш ай өткен соң, Хьюз оған тағы да екі фильмнің сценариін ұсынады. Хьюз «Шегіне жеткенде» (ағыл.)қаз. мен «Үйде жалғыз қалғанда» атты сценарийлер жазған болатын. Бұл сценарийлерді Коламбустан басқа Патрик Рид Джонсонға (ағыл.)қаз. да ұсынады[8]. Джонсон екі сценарийден де бас тартады, Коламбус болса «Үйде жалғыз қалғанда»-ны түсіруге келісімін береді[8]. Басында фильм Warner Brothers студиясында түсірілуі керек болатын[10]. «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің түсірілімі 1989 жылдың ақпан айында басталуы керек болатын. Бірақ Warner Brothers шығармашылық бюджетін екі есе көтеруге келіспей, фильмнен бас тартады (бастапқы бюджет 10 миллион долларды құраған)[10]. Жаңа демеушілер іздеген Хьюз 20th Century Fox директорлар кеңесінің төрағасы Джо Рот (ағыл.)қаз. арқылы студияға фильмді ұсынады[10]. 20th Century Studios келісімін беріп, 18 миллион долларды құрайтын бюджетті бөледі[11].
Хьюз Коламбусқа басты рөлге Маколей Калкинды алуға кеңес береді. Дегенмен Коламбус Кевиннің рөліне үлкен кастинг жариялайды. Ол Калкинның кандидатурасына тоқтамай тұрып, жүздеген балаларды қарап шығады[9] (олардың ішінде Джеффри Уайзман да болған, кейіннен балаларды санағанда Кевинмен шатастырылып қалатын көрші бала Митч Мерфидің эпизодтық рөлін ойнады). Жасына байланысты Калкин тек қана кешкі сағат онға дейін ғана түсе алған. Бұл түсірілім ұжымына біршама қиындықтар әкелді, өйткені фильм көп жағдайда түн кезіндегі оқиғаларды көрсету керек болатын[9]. Кевиннің орнына трюктарды орындайтын каскадерлермен жұмыс та ұжымға қиын тиген. Коламбустың айтуы бойынша: «Каскадер балалар трюктарды орындаған кезінде мүлде күлкіге деген орын болмады. Балақайлардың қауіпті трюктарына қарап, мен олардың аман-есендіктерін ғана тілейтінмін». Алғашында трюктер түгелдей қауіпсіздік белдіктерін қолдана орындалатын. Бірақ камерада тым көзге түскендіктен белдіктерден бас тартуға тура келді[9]. Коламбус интервьюлердің бірінде Джо Пеши жайлы айта отырып: «"Жөнді жігіттер" (ағыл.)қаз. фильміндегі Джоның кейіпкері әрдайым менің күлкімді келтіретін. Джо - қандай жағдай болса да комедияға жөнді орын таба білетін актерлардың бірі деп ойлаймын. Ол біздің фильмге расымен де өте қатты қатысқысы келген»[8]. Пеши орындауындағы Гарри Лайм есімді қарақшының аты Кэрол Ридтың (ағыл.)қаз. «Үшінші адам» (ағыл.)қаз. фильмінен алынды (бұл фильмде дәл сондай атты кейіпкерді Орсон Уэллс ойнаған)[8]. Коламбус кейіннен айтқанда: «Джо – біздің заманымыздың ең мінезді актерларының бірі, ол біздің жетекші кейіпкеріміз болды. Джо Гарриді диккенс типті кейіпкер ретінде көрсеткісі келген. Ол кейіпкерін саусақтары кесілген қолғап киетін, қысқа шашты болғанын қалады. Екі шетке шайқала жүруді де өзі ойлап тапты. Бұған қоса ол әрбір екі сөздің арасында "Fuck" тәріздес дыбыстарды қосатын, бірақ кейіннен одан бас тарты. Отбасылық фильм түсіретін болғандықтан, Джоға оны "Fridge" сөзімен алмастыруға кеңес бердім»[12].
Маккалистерлердің үйінің ішкі көріністерін түсіру үшін қолданылған үш қабатты жекежай Иллинойс штатындағы Уиннетка (ағыл.)қаз. қалашығында[13] Линкольн-Авеню, 671 мекенжайы[14] бойынша орналасқан. Үй 1920 жылы салынған. Жекежай 1988 жылдың 15 желтоқсанында сатып алған отбасының иелігінде болған. Түсірілім кезінде олар үйде тұра беруді жалғастырған. Ішкі көріністер үшін бұл үйдегі ас үй, жертөле, алдыңғы зал мен бірінші қабаттың үлкен бөлігі қолданылды[15]. Қалған интерьер (ас бөлмесі, екінші және шатырдағы қабат) толықтай декорацияда түсірілді[15]. Үйде 5 жатын бөлме, толықтай ауыстырылған шатырдағы қабат, жылыжай мен қосарлы гараж бар[16]. Үйдің артқы ауласындағы ағаштағы үйшік фильм үшін арнайы тұрғызылып, түсірілім біткенде қайта бұзылды[17]. 2011 жылдың мамыр айында жекежай 2,4 миллион долларға сатылымға қойылып[18], 2012 жылдың наурыз айында 1,585 миллион долларға сатылды[14]. Назар аударуға тұрарлық туристік нысан ретінде жарнамаланып, «үйіңіздің кинода көрініп қалуына қалай қол жеткізуге болады» деген үлгі ретінде келтіріледі[19].
Шіркеу ретінде Иллинойс штатының Ок-Парк (ағыл.)қаз. қаласындағы Грейс епископалды шіркеуі түсірілді[20]. Бірақ шіркеудің ішкі көріністері Хэвен-Миддл мектебінде түсірілген. «Лас жанды періштелер» атты фильмдегі фильмді түсіргенге бір күн ғана уақыт жұмсалды[6]. 1940-шы жылдардағы гангстерлік кинобейнелеріне (ағыл.)қаз. ұқсас болу үшін ақ-қара түсті бейнекамера мен сол заманның бұйымдары қолданылды[6]. Париж-Орли (ағыл.)қаз. әуежайындағы көріністер О‘Хара халықаралық әуежайінің (ағыл.)қаз. бір бөлігінде түсірілді[21].
4 желтоқсан 1990 (Кассета (ағыл.)қаз.)27 мамыр 2015 (CD)
Классикалық музыка
56:58
Sony Classical (ағыл.)қаз.
Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack —«Үйде жалғыз қалғанда» кинобейнесінің саундтрегі[22]. Альбомдағы композицияларды Джон Уильямс (ағыл.)қаз. жазған. Sony Classical (ағыл.)қаз. лейблінде 1990 жылдың 4 желтоқсанында Кассета (ағыл.)қаз. форматында шығарылған[23]. 2015 жылдың 27 мамырында Sony Masterworks (ағыл.)қаз. лейблінде компакт-диск форматында қайта шықты[24].
Бастапқыда фильмнің режиссері Крис Коламбус саундтрекке деген музыканы Брюс Бротонға (ағыл.)қаз. жаздырмақшы болған[9]. Фильмнің алғашқы постерларында Бротон композитор ретінде көрсетілген[9]. «Австралиялық құтқарушылар» (ағыл.)қаз. атты толық метражды мультфильмінің музыкасын жазумен айналысқан Бротон, Коламбустың ұсынысынан соңғы сәтте бас тартады[9]. Сол себепті Коламбус Стивен Спилбергтің көмегімен Джон Уильямспен келісімшартқа отырады. Фильмде «O Holy Night» (ағыл.)қаз. және «Carol of the Bells» (ағыл.)қаз. сынды дәстүрлі әндер орындалады. Саундтрек «Фильмдегі үздік музыка (ағыл.)қаз.» номинациясында «Оскар» сыйлығына ұсынылған[5]. «Somewhere in my Memory» композициясы «Фильмдегі үздік музыка (ағыл.)қаз.» мен «Визуалды медиадағы үздік ән (ағыл.)қаз.» категорияларында ұсынылды[25].
«Үйде жалғыз қалғанда» Солтүстік Америкада 285,8 миллион доллар, басқа елдерде 190,9 миллион доллар жинаққа ие болған. Әлемдік прокаттағы толық жинақ сомасы 467,7 миллион долларды құрайды. Фильмнің бюджеті 18 миллион долларды құраған[2].
«Үйде жалғыз қалғанда» алғаш уик-эндте 1202 кинотеатрда көрсетіліп, 17 миллион доллар жинады (бір кинотеатрға шаққанда 14 211 доллар).[27] Фильмнің үлкен танымалдығының арқасында кинотеатр экрандарынан ұзақ уақыт бойы түспеді[28]. Кассалық жинақ бойынша 16 апта бойы бірінші орынды ұстаған - 1990 жылдың 16-18 қарашадан 1991 жылдың 1-3 ақпанға дейін[28]. Дегенмен жинақтар бойынша ондықтағы орнын 1991 жылдың 26-27 сәуіріне дейін жоғалтпады[29]. Кинотеатрлардағы көрсетілімдер басталғаннан тоғыз ай уақыт ішінде АҚШ-та 285 761 243 доллар жинап, Солтүстік Америкада сол жылдың ең үлкен кассалық жинақтарына ие болды[30]. Гиннесстің рекордтар кітабіна барлық уақыттағы ең үлкен кассалық жинақтарға жеткен комедия ретінде енгізілген[31].
Кинотеатрлардағы көрсетілімдері біткен кезінде «Үйде жалғыз қалғанда» барлық уақыттағы кассалық жинақтар (ағыл.)қаз. бойынша үшінші орынға қол жеткізді[28]. Картинаның әлем бойынша толық жинақтары 477 561 243 долларды құрады. Box Office Mojo (ағыл.)қаз. сайтының есептеуі бойынша АҚШ-та 67,7 миллион билет сатылған[32][33].
«Үйде жалғыз қалғанда» сыншылардын әр түрлі пікірлеріне ие болды. Rotten Tomatoes сайтында 50 сыншының пікірлері бойынша 62% жағымды рейтингіне ие болды. Сыншылардың берген орташа бағасы 5,5/10 құрады[35]. Metacritic[үлгіні алып тастау] сайтындағы орташа бағасы тоғыз сарапшының пікірлерінің негізінде мүмкінді жүз балдың алпыс үшіне ие болды[34]. CinemaScore (ағыл.)қаз. сайтындағы көрермендердің берген дауыстары бойынша «А» орташа бағасы қойылған (бағалау шкаласы «F»-тен «A+» дейін)[38].
Американдық Variety (ағыл.)қаз.басылымы «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің актерлік ұжымын мақтады[41]. The Washington Post басылымының рецензиялаушысы Джин Купер фильмдегі әзілге деген көзқарасты мақтады[42]. Дәл сол басылымның сыншысы Хэл Хинсон Крис Коламбустың режиссурасімен Калкинның актерлік ойыныңа тәнті болғанын айтады[43]. The New York Times басылымының сыншысы Кэрин Джеймс фильмнің бірінші жартысы жалықтыратын көріністерге толы десе, екінші жартысындағы қара юморді жоғары бағалады. Сонымен қоса Кевинмен қарт Марлидің арасындағы диалогі мен фильмнің ақтық көріністерін мақтады[44]. Уақыт өте «Үйде жалғыз қалғанда» көрермендер арасында мерекелік классикаға айналған. The Huffington Post[45], Thrillist (ағыл.)қаз.[46], Empire[47], CinemaBlend[48] басылымдары бүкіл уақыттағы жаңа жылдық фильмдердің ішіндегі ең үздіктердің бірі деп есептейді.
1991 жылы фильм Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack[25] саундтрегі үшін «Фильмдегі үздік музыка» (ағыл.)қаз., «Somewhere in my Memory»[5] композициясы үшін «Фильмдегі үздік ән» (ағыл.)қаз. номинацияларында «Оскар» сыйлығына ұсынылған. «Somewhere in my Memory» композициясы «Визуалды медиадағы үздік ән» (ағыл.)қаз. номинациясында «Грэмми» сыйлығына ұсынылғанымен, жеңіске жете алмады[5]. Маколей Калкин «Комедия немесе мюзиклдегі үздік ер адам рөлі» (ағыл.)қаз. үшін, ал фильм «Комедия немесе мюзикл жанрындағы үздік фильм» (ағыл.)қаз. номинацияларында «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылып, жеңіске жетпеген[5]. 1991 жылы фильм British Comedy Awards (ағыл.)қаз., Kids’ Choice Awards (ағыл.)қаз. және «Жас актер» (ағыл.)қаз. сыйлықтарының жүлдегерлері болды[5]. Сол жылы 18 айдың ішінде сатылған 3 миллион билеттер үшін «Алтын экран» (нем.)қаз., дәл сол уақыт ішінде сатылған 6 миллион билеттер үшін «Жұлдызды алтын экран» жүлделеріне ие болған[5]. Американдық киноөнер институтінің (ағыл.)қаз. «100 жылдың ішіндегі ең күлкілі 100 американдық фильмдері» (ағыл.)қаз. тізіміне енгізілуге ұсынылған[49].
1992 жылы бірінші фильмдегі актерлік ұжымның қатысуымен Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған атты коммерциялық табысты жалғасы шықты[50]. Режисері – бірінші фильмді түсірген Крис Коламбус, сценарий авторы мен продюсері тағы да Джон Хьюз болды[50]. Бірінші фильмдегі «Лас жанды періштелер» атты фильмі «Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте адасу»-да жалғасын тапты, бірақ «Өте лас жанды періштелер» деп аталды[50]. «Періштелер» жайлы екі мета-ленталардың басты кейіпкері Джонни есімді стереотипті мафиози болды, оның рөлін Ральф Фуди (ағыл.)қаз. орындады[50].
Франшизаның үшінші бөлімі Үйде жалғыз қалғанда 3 деген атпен 1997 жылы шықты. Фильмнің актерлық ұжымы мен сюжеті толықтай басқа болған[51]. Сценариін тағы да Хьюз жазды. Режиссері - Раджа Госнелл (ағыл.)қаз.[51]. Басты рөлдерде Алекс Дэвид Линц (ағыл.)қаз. пен Хэвиленд Моррис (ағыл.)қаз.[51]. Жоғары бюджетке қарамастан («Үйде жалғыз қалғанда»-ға қарағанда екі есе артық) кассалық жинақтары 79 миллион доллар ғана құрады[52].
Теледидарда ғана көрсетілімге түсірілген төртінші фильм «Үйде жалғыз қалғанда 4» (ағыл.)қаз. деп аталды. Фильм 2002 жылдың 3 қарашасында ABC телеарнасында бірінші рет көрсетілді[53]. Бұл фильм франшизаның алғашқы екі фильмдегі кейіпкерлер жайлы болғанымен, олардың рөлдерін басқа актерлер сомдаған[54]. Картинаның режиссері Род Дэниел (ағыл.)қаз., сценариін Дебра Франк пен Стивен Хэйз жазған[54]. Кевин Маккаллистердің рөлін Майк Вейнберг орындады[54]. Сонымен қатар фильмге Френч Стюарт (ағыл.)қаз., Мисси Пайл (ағыл.)қаз., Джейсон Бех (ағыл.)қаз., Эрик Авари (ағыл.)қаз. сынды актерлар қатысқан[54].
2012 жылдың 25 қарашасында «Үйде жалғыз қалғанда 5: Мерекелік ұрлық» (ағыл.)қаз. атты соңғы бөлімі ABC Family телеарнасында көрсетілді[55].. Сценариін Аарон Гинбург және Уэйд МакИнтаер жазды. Картинаны режиссер Питер Хьюитт (ағыл.)қаз. түсірді[56]. Басты рөлдерді Кристиан Мартин, Эдди Стиплз (ағыл.)қаз., Джодель Ферланд (ағыл.)қаз., Дог Муррэй, Элли Харви (ағыл.)қаз., Деби Мейзар (ағыл.)қаз. және Малкольм Макдауэлл (ағыл.)қаз. орындады[56].
Бала бағушының шытырман оқиғалары (1987) • Жарылған жүректерге арналған отель (1988) • Үйде жалғыз қалғанда (1990) • Жалғызбасты ғана (1991) • Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған (1992) • Миссис Даутфайр (1993) • Тоғыз ай (1995) • Өгей шешей (1998) • Екі жүз жыл жасаған адам (1999) • Хәрри Поттер мен Пәлсапа тас (2001) • Хәрри Поттер мен жасырын бөлме (2002) • Богема (2005) • Сүйемін сені, Бет Купер (2009) • Перси Джексон және Найзағай ұрлағыш (2010) • Пиксельдер (2015) • Рождестволық хроникалар 2 (2020)