«Грэмми» Америкалық дыбыс жазу академиясының премиясы, АҚШ дыбыс жазу қауымдастығымен 14 наурызда 1958 жылы құрылған болатын. Бүгінгі күні музыка индустриясында ең абыройлы марапат болып табылады және кино индустриясында тек Оскармен теңеседі.
Грэмми жыл сайын 108 категория бойынша, музыканың 30 жанры бойынша «Recording Academy» мүшелерімен марапатталады. Алғаш Грэмми марапаттауы 1959 жылдың 4 мамыр күні өтті.[1] 2011 жылы өткен марапаттаудан кейін Америкалық дыбыс жазу академиясы бірнеше категорияны алып тастады.[2] Қазіргі күні Грэмми 94 категориядан тұрады.
Музыкалық жанрға және басқа салалық ерекшеліктерге қарамастан шығармалар белгіленетін Негізгі аймақ (ағылш. General Field) төрт санатты қамтиды. Олар ең беделді болғандықтан, олар бейресми түрде «Үлкен төрттік» (ағылш. The Big Four) деп аталады.[3]