Қазақстан — Польша қатынастары — Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастар. Қазақстанның Варшавада елшілігі бар, сондай-ақ Польшаның Астанада елшілігі бар. Елдер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүшелері болып табылады.
Тарихы
Польша мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасы этникалық поляктардың Қазақ КСР аумағына, КСРО-ға жаппай жер аударылуынан басталады.
Польша мен Қазақстан 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнатты.
Сапарлар
Польша президенті Анджей Дуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Польшада 2016 жылы Поляк-Қазақстан экономикалық форумында қабылдады. Поляк президенттері Квасьневский мен Качинский Қазақстанға тиісінше 1999 және 2007 жылдары келді.
Экономикалық қатынастар
2014 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 2,2 миллион АҚШ долларынан асты. Қазақстанда Қазақстанға шамамен 130 миллион доллар инвестиция салған 200-ден астам поляк кәсіпорны бар. Екі елдің сыртқы сауда агенттіктері кәсіпорындар арасында коммерциялық байланыстар орнату үшін үкіметаралық Польша-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық комиссиясын құрды[1][2].[3]
Көлік қатынасы
Поляк LOT авиакомпаниялары Варшава мен Астана арасында ұшады.
Қазақстанның Польшадағы елшілері
И. Тутеволь (1999-2000)
Т. Айтмұхамбетов (2000-01)
Қ. Жигалов (2000-03)
Т. Сүлейменов (2003-05)
А. Волков (2005-12)
Е. Өтембаев (2012-2016 жыл)
А. Әбибуллаев (05.2016-02.2017)
М. Баймұхан 7 маусым, 2017
Польшаның Қазақстандағы елшілері
Селим Хазбиевич (пол. Selim Chazbijewicz) (2017—қазіргі уақыт);