Шығыс Жағабұлақ мұнай кен орны – Ақтөбе облысы Темір ауданындағы кен орны. Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 840 км жерде орналасқан. Құрылым геологиялық-геофизикалық әдіспен анықталып, 1989 жылы бұрғыланған. Кен орны 1991 жылы ашылды.
Қанығу сипаты
- Кен қабатының орташа тиімді қалыңдығы 23,4 м
- Мұнайының қанығу коэффициенті 0,65 – 0,75
- Бастапқы қабаттық қысым 45,1 МПа
- Температурасы 87°С
- Мұнайдың тәуліктік шығымы (7 мм-лік штуцерде) 25 – 105 м3 шамасында
Құрамы, тығыздығы
Дереккөздер
- ↑ Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1