Тәжікстан Жоғарғы Жиналысының Ұлттық Кеңесі, қысқартқанда Тәжікстан Ұлттық Кеңесі, кейде Маждлиси Миллии (тәж. Маҷлиси миллии, орыс. Национальный Совет) — Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы. Кеңестің 33 мүшесі бар; 25 мүшесі бес жылдық мерзімге сайланатын жергілікті депутат болса, қалған 8 депутатын президент тағайындайды. Заң бойынша экс-президенттердің барлығы Ұлттық Кеңестің өмірбақи депутаттары болады.[1]
Сайлау жүйесі
Депутаттардың 25-еуі халықпен сайланса, қалған 8-і Тәжікстан президентімен тағайындалады. Сайлау жүйесі анонимды.
Комитеттері
Маджлиси Милли алты комиттетен тұрады:
- адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және конституциялық негіздер мен заңдылықты қамтамасыз ету
- аграрлық мәселелер, халықты жұмыспен қамту, экологиялық және әлеуметтік мәселелер
- қоғамдағы әйелдерге қатысты әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау, ғылым мен білім, мәдениет және саясат мәселелері
- Ұлттық кеңес пен Өкілдер палатасы, атқарушы билік, саяси және қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары және парламентаралық байланыстар арасындағы ынтымақтастық
- экономика және байланыс
- мемлекеттік бағдарламаларды бақылау
Төрағалары
№
|
Суреті
|
Есімі (өмір сүрген жылдары)
|
Төрағалығы
|
Саяси партиясы
|
1
|
|
Маһмадсаид Убайдуллоев Маҳмадсаид Убайдуллоев (1952 туған)
|
17 сәуір 2000
|
17 сәуір 2020
|
ТХДП
|
2
|
|
Рустам Эмомали Рустами Эмомалӣ (1987 туған)
|
17 сәуір 2020
|
Қазіргі
|
ТХДП
|
Дереккөздер