Тәжікстан елтаңбасы (тәж.Нишони Тоҷикистон) немесе Тәжікстан эмблемасы — Тәжікстан Республикасының рәміздерінің бірі. Ол — алдындағы Тәжік КСРелтаңбасының өзгертілген нұсқасы болып келеді. 1993 жылы 28 желтоқсан күнінен бері қолданыста.[1]
Дизайны және символикасы
Сипаттамасы
Тәжікстан елтаңбасы — жеңілтілген тәжік туы қоршаған сол жағында мақта, оң жағында бидай баулары бар; орталығында тәж, көтерілген күн мен таулар бейнеленген эмблема. Екі бауды астында симметриялы кітап байланыстырып жатыр.[1]
Елтаңбаның қазіргі дизайны Кеңес одағының геральдикасына негізделген. Оны біз екі жақтағы мақта мен бидай бауларынан және көтеріліп жатқан күннен байқай аламыз.
Символикасы
Елтаңбаның орталығында салынған тәж бен 7 жұлдызды біз Тәжікстан туынан да байқай аламыз. Ол Саманид мемлекеті заманынан бері қолданылудағы символ, және ол тәжік халқының басты белгісі болып келеді. Осының басты себебі — парсы тілінде «тадж» этнонимы «тәж» сөзін білдіреді. Оның үстіндегі 7 жұлдыз елдің 7 облысын (регионын) білдіреді.
Елтаңбаның негізінде Памир таулары мен кітап бейнеленген. Көтерілген күн өмірдің басталуын, және бидай елдің байлығын білдіреді.
Тарихи елтаңбалар
Тәжік АКСР елтаңбасы
Тәжік АКСР елтаңбасы 1924 - 1929
Тәжік АКСР елтаңбасы 1929 - 24 ақпан 1931
Тәжік АСКР Орталық Сайлау Комитетінің сипаттамасы бойынша:
Тәжік АСКР Мемлекеттік Елтаңбасы қызыл-сары фонда орналастырылған алтын күннің сәулелерінде салынған алтын дос (тәжік орағы) пен балға, сол жағында мақта мен оң жағында бидай бауларымен қоршалған елтаңба болып келеді. Астында парсы жазуындағы тәжік тілінде және орыс тілінде: «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!» (қазақша «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!») деп жазылған.
Екі жағынан тәжік туымен оралған бидай баулары, орталығында қанаты бар алтын арыстан салынған нұсқа Тәжікстанның бір жыл ғана елтаңбасы болған еді. Арыстанның артында күн сәулелері, және астында төбесінде қар жатқан таулар бейнеленген.
Қанатты арыстан бейнесі үндіарий халықтарында (парсылар мен тәжіктер) күш, билік, күн мен отты білдіреді. Бұл символ Месопотамиядан Иранға, және кейінірек Орта Азияға көшті.