Сазанқұрақ газ-мұнай кен орны

Сазанқұрақ газ-мұнай кен орны
46°56′41″N 50°18′43″E / 46.9446372°N 50.3118896°E / 46.9446372; 50.3118896
Ел Қазақстан
АймақАтырау облысы
Ашылған уақыты1993 жыл
Сазанқұрақ газ-мұнай кен орны (Қазақстан)
Сазанқұрақ газ-мұнай кен орны
Жылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Сазанқұрақ газ-мұнай кен орны

Сазанқұрақ газ-мұнай кен орныКаспий маңы ойысының оңтүстік-батыс ернеуі маңы өңіріндегі газ-мұнай кен орны. Атырау қаласынан батыста 85 км жерде, Каспий теңізінің солтүстік жағалауына жақын орналасқан. 1993 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Кен орны жасырын бұзылған үш қанатты тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Құрылымның тұзды күмбезі неогеннің алдында мүжіліп шайылған бет түрінде жер бетінде ашылған. Триастың, юраның және бордың тұзүсті шөгінділері де неогеналды үйлесімсіздікпен қиылған, сөйтіп көтерілімнің шет жағында стратиграфиялық қалқаланған тұтқыштар түзілген. Неогеналды үйлесімсіздік бетімен қалқаланған өндірістік мәні бар мұнай жатыны Каспий маңы ойысында бірінші рет анықталды. Мұнайлы горизонт төменгі бордың валанжин жікқабатынан орын алған.

Жатыс сипаты

Өнімді қойнауқаттың беті бойынша тұтқыш солтүстігінен горизонттың неоген шөгінділері астына сұғыну бетімен шектелген жартылай күмбез болып табылады. Оның өлшемдері -550 м-лік изогипса бойынша 4,5x0,6 км, амплитудасы 200 м. Горизонттың күмбездегі жатыс тереңдігі 415-455 м аралығында ауытқиды, жалпы қалыңдығы 35 м-ден 58 м-ге, тиімді қалыңдығы 12 м-ден 47 м-ге дейін өзгеріп отырды. Жинауыштардың ашық кеуектілігі 33-39% келген құмнан құралған. Мұнайдың шығымы 24 м³/тәу-ке жетеді. Қойнауқаттық қысым 4,9 Мпа, температура 24°С. Мұнайы ауыр, тығыздығы 917 кг/м3, күкіртті (0,46%), аз парафинді (0,66%), шайырлы, аз мөлшерде асфальтендері бар. Хлоркальцийлі типті табанасты суларының тығыздығы 1148 кг/м3, минералдылығы 157 г/л. Кен орны 1998 жылдан игерілуде.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!