Ресей империясы

Ресей империясы
орыс. Россійская Имперія

Империя

22 қазан 1721 — 14 қыркүйек 1917



Байрақ (1896-1917) Елтаңба
Ұраны
Съ нами Богъ!
Құдай бізбен бірге!

Ресей империясы 1850ж.
Астанасы Петроград
(Санкт-Петербург)
Ірі қалалары Мәскеу, Киев, Варшава, Одесса, Ташкент
Тіл(дер)і Ресми:
орысша
Аймақтық:
полякша (Польша патшалығы),
финше және шведше (Ұлы Финляндия князьдігі)
Діні православие
Ақша бірлігі Ресей рублі
Аумағы 21,800,251 км² (1914)
Халқы 178 378 800 адам (1914)
Басқару формасы Унитарлы абсолюттік монархия

Унитарлы парламентті жартылай конституциялық монархия (1906-1917)

Патша
 - 1721–1725 (бірінші)

- 1894–1917 (соңғысы)

I Петр

II Николай

Ресей империясы (реформаға дейінгі орыс. Россійская имперія; сондай-ақ Всея Руси импе́рия) — Ресей монархиясы орнатылған соңғы мемлекеті. Ол - Шығыс Еуропа мен Орталық және Солтүстік Азияда орналасқан трансқұрлықты мемлекет және қазіргі күнге дейін үшінші ең үлкен мемлекет болып саналады (Британ империясы мен Моңғол империясыдан кейін). Ресей империясы 1721 жылдың 22-қазанында құрылып, 1917 жылғы ақпан төңкерісінің кесірінен, уақытша үкімет орнатылып, Республика жарияланған соң 1917 жылдың 14-қыркүйегінде ыдыраған.

Орыс мемлекетінің отарлық саясаты нәтижесінде құрылған. І Петр 1721 жылы Ресейді империя деп жариялады. XVIII–XIX ғасырларда Ресей империясының құрамына Балтық бойы, Украина, Беларусь, Польшаның шығыс бөлігі, Бессарабия, Солтүстік Кавказ, Финляндия, Сыртқы Кавказ, Орталық Азия аумақтары күшпен енгізілді. Ресей империясы XVIII ғасырдың 2-ширегінен бастап қазақ жерін отарлауға кірісті.

XIX ғ-дың соңына қарай Ресей империясының жерінің аумағы 22,4 млн км², тұрғындары 1897 жылғы санақ бойынша 128,2 млн. (оның 43%-ы орыстар) болды.

Ресей империясы XX ғасырда 81 губерниядан және 20 облыстан тұрды. Губерниялар мен облыстардың бірқатары генерал-губернаторлықтарға біріктірілді. Бұхар және Хиуа хандықтары Ресей империясының вассалдары болды. 1914 жылы Ұранқай өлкесі Ресей империясының протекторатына айналды. Ресей империясы монархиялық мемлекет болып, онда Романовтар әулеті билік жүргізді. Мемлекеттік тілі орыс тілі, діні христиан дінінің православия тармағы болды. Патша өкіметі Ресей империясындағы орыс емес халықтарды рухани тұрғыда отарлауға, шоқындыруға ерекше мән берді.

Ақпан төңкерісі нәтижесінде Ресей империясы құлап, орнына Ресейдің уақытша билігі келді.

Экономикасы

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!