Балтық елдері немесе Балтық маңы елдері, Балтық жағалауы елдері (эст.Balti riigid, Baltimaad, латышшаBaltijas valstis, лит.Baltijos valstybės) — Солтүстік Еуропада, Балтық теңізінің шығыс жағалауында орналасқан үш тәуелсіз мемлекетке — Латвия, Литва, Эстония — ортақ айтылатын геосаяси термин.
Үш мемлекет те Еуроодақ, НАТО және Еуроаймақ мүшелері. Балтық елдері 1991 жылға дейін КСРО құрамында болған.