Мамыт (Шығыс Орал) қоңыр көмір кені орны

Мамыт (Шығыс Орал) қоңыр көмір кені орны
50°34′53″N 58°42′46″E / 50.5814926°N 58.7128258°E / 50.5814926; 58.7128258
Ел Қазақстан
АймақАқтөбе облысы
Жану жылуы5825 ккал/кг
Теңгерімдік қорлары0,6 млрд.т млн т
Жылдық өнімі433,6 мың т
Мамыт (Шығыс Орал) қоңыр көмір кені орны (Ақтөбе облысы)
Мамыт (Шығыс Орал) қоңыр көмір кені орны

Мамыт (Шығыс Орал) қоңыр көмір кені орныОрал сырты үстіртінің шығысындағы Мамыт өзенінің алабында, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша кентінің шығысында 25 км жерде орналасқан. Кен орны 1994 жылдан игерілуде. Қоңыр көмір қоры 0,6 млрд.т. Жылына орта есеппен 433,6 мың т тауарлы көмір өндіріледі. Тұрмыстық отын ретінде пайдаланылады.

Геологиясы мен сипаты

Геологиялық барлау жұмысы 1951-1960 жылдары жүргізілген.

  • Көмір қабаты орта юра дәуірінің саз және алевролит қабатындағы көмірленген ағаш қалдықтары бар ұсақ түйіршікті құмда шоғырланған.
  • Шөгіндінің қалыңдығы 400 м-ге жуық, ортаңғы бөлігінде қимасының қалыңдығы 150-165 м.
  • Көмірдің 30 қатының 23-і өнімді саналады. Олардың қалыңдығы 0,7-10 м. Өнімді қаттың тереңдігі оңтүстігінде 5-7 м, кен орнының оңтүстік-шығысында 180-220 м.
  • Негізгі өнімді әрі қуатты қабаты 3-9 м тереңдікте жатыр.

Құрамы және физикалық қасиеті

  • Көмірдің күлділігі 22-28%, кейде 30-40%-ға жетеді.
  • Ылғалдылығы 30-40%.
  • Ұшықтық заттардың үлесі 35%.
  • Меншікті салмағы 1,66, кеуектілігі 50%.
  • Жанғыш массасында сутектің мөлшері 4,4%, күкірт 2%, шайыр 3,4%, битум 2,8%.
  • Құрғақ отынның жылу бергіштігі 5055 ккал/кг, жанғыш массасынікі 5825 ккал/кг.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!