Ли отбасы Цзянсудағы Сучжоу қаласынан шыққан. Ли Чжэндао Шанхайда дүниеге келген және орта мектепті сонда бітірген. Одан кейін ол Чжэцзян университетіне түсті, бірақ оның оқуын соғыс басталуы үзіп, соғыстан кейін Ұлттық оңтүстік-батыс біріккен университетінде жалғастырды. 1946 жылы Ли Чикаго университетіне ауысып, Энрико Фермидің жетекшілігімен сол жерден физика ғылымының докторы дәрежесін алды. 1953 жылыКолумбия университетінің (АҚШ) доценті болды. Үш жылдан кейін 29 жасында Колумбия университетінің ең жас профессоры атанды. 2012 жылға дейін факультеттің белсенді мүшесі болды, ал 1984 жылдан бастап университет профессоры болды. Оның Колумбия университетінде математикалық физика бойынша лекциялары КСРО-да жарық көрді[2].
Америка-қытай қарым-қатынасы қалпына келтірілгеннен кейін көп ұзамай Ли мен оның әйелі Цинь Хуэйцзюнь (秦惠莙; Qín Huìjùn) Қытайға оралды, онда Ли бірқатар дәрістер мен семинарлар оқыды және қытай-америка физиканы тексеру және қолдану комиссиясын (CUSPEA) ұйымдастырды.
1998 жылыБейжіңде Ли үш жыл бұрын қайтыс болған әйелін еске алу үшін Цинь Хуэйцзюнь және Ли Чжэндао қытай студенттерінің практикалық оқыту қорын немесе «Цзюнь-Чжэн қоры» (秦惠莙—李政道中国大学生见习基金) құрды. Қордың шәкіртақысы Қытайдағы бес университеттің бакалавриат студенттеріне беріледі. Мұндай шәкіртақы алатын студенттер «Цзюнь-Чжэн ғалымдары» (莙政学者) деп аталады.
Цинь мен Ли 1950 жылы үйленді. Олардың — Джеймс пен Стивен атты екі ұлы бар.
Физикадан бос кезінде Ли детективтік романдарды оқығанды ұнатады.
Храмов Ю. А. Ли Тзундао (Lee Tsung-Dao) // Физики : Биографический справочник / Под ред. А. И. Ахиезера. — Ред. 2-ші және қосымша бас. — М.: Наука, 1983. — Б.164. – 400 б. — 200 000 дана.