Кіші Қобда – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Қобда ауданы және Ресей (Орынбор облысы) жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 116 км, су жиналатын алабы 1240 км².
Бастауы
Бастауын Ресейдегі Сабындыкөл атырабындағы қыратты бұлақтан алып, Жиренқопа ауылы тұсында Қобда өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ағыны баяу, су деңгейі көктемде 18 – 20 тәуліктей көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 0,44 м³/с. Суында сазан, шортан, қарабалық бар. Егін суғарылады. Жағалауы – жайылым.[1]
Су тізілімінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Елек. Өзен саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі)[2].
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ аумағын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша[2]:
- Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 12010000912112200009168
- Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200916
- Су алабының коды — 12.01.00.009
- ГЗ томының нөмірі — 12
- ГЗ бойынша шығарылуы — 2
Дереккөздер