Василий Макарович Шукшин (25 шілде 1929 жыл, Сростки селосы Алтай өлкесі, КСРО - 2 қазан 1974 жыл, Клетская селосы, Волгоград облысы) — белгілі кенес кинорежиссері, актер, жазушы, сценарийшы, драматург[1].. 1945 - 1947 жылдары Бийск автотехникумында оқыған, кейіннен әскери флотта қызмет еткен. 1953 - 1954 жылдары Василий Шукшин өзінің туған мекенінде тарих пәнінің мұғалімі және мектеп директоры қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімелері 1959 жылы басылып шықты. 1960 жылы ВГИК-тің режиссерлік факультетін бітіреді.
Ол өзінін еңбектері негізінде көптеген фильмдер түсіріп, бірқатар рөлдерде өзі ойнайды. Мәселен "Көл жағасында" фильмінде директор Черныхтың, "Қызыл жидек" фильмінде Егор Прокуддиннің образын сомдаған.
В. Шукшин - "Сіздің ұлыңыз бен бауырыңыз" драмасын қойған режиссер. Осы еңбегі үшін РСФСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
1974 жылы 2 қазанда дүние салды.
Дереккөздер
- ↑ ШУКШИН Василий Макарович Кино: Энциклопедический словарь/Гл. ред. С. И. Юткевич; Редкол.: Ю. С. Афанасьев, В. Е. Баскаков, И. В. Вайсфельд и др.- М.: Сов. энциклопедия, 1987.- 640 с., 96 л. ил.