Образ

Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.
Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста түспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:

  1. эпикалық;
  2. лирикалық;
  3. драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.[1]

Эпикалық образ - кескін-кейпі, мінез-кұлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип; көркем бейне жасаудың портрет, мінездеу, диалог, монолог және т.б. амалдары көп колданылып жасалатын образдың түрі; адамның кескін-кейпін, ішкі дүниесін, іс-әрекетін кең суреттеп, мол көрсететін,терең әрі жан-жақты танытатын образ.

Лирикалық образ - сыршыл өлең жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінен, нәзік сырымен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер, оның субъективті көңіл-күйінен, сан иірім сұлу сыры мен сезімі арқылы жасалатын образ; адамның аса терең нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез-құлқы, жан-тынысы айрықша әсем айшық табатын образдың түрі.

Драмалық образ - өмірдің өз аясында, сахнада көзбе-көз, қолма-қол жасалатын; тірілермен тірілерше дидарласып, оларды қолма-қол күлдіріп не жылатып, тікелей ықпал жасап, тебірентетін; шиеленіскен тартыстар мен қым-қиғаш қимыл-әрекеттер арқылы жасалатын образ.

Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі халық ертегілері мен аңыздарыңда, батырлық дастандары мен тарихи жырларында жасалды. Сонау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар Көсе мен Асанқайғыға дейін, одан Алпамыс пен Қобыландыға, Тарғын мен Қамбарға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады. Абайдан бергі жаңа, жазба әдебиетімізге келетін болсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мағауия Абайұлы, Ығылман Шөреков пен Мұхамеджан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Мағжан Жұмабаевтың поэма-дастандарында да талай тамаша романтикалық образдар жасалған. С.Мұқановтың Сұлушашы мен Ж.Саинның Күләндасы, Ә.Тәжібаевтың Абылы мен Қ.Аманжоловтың Абдолласы – қазіргі қазақ әдебиетіндегі көптен-көп романтикалық образдардың жекелеген қадау-қадау үлгілері ғана. Романтикалық образ – қай жанрдың туындыларында болса да молынан кездесетін образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Бір ғана Ғ.Мүсіреповтің өзі прозадағы аналар бейнесінен драматургиядағы Ақаны мен Ақтоқтысына дейін романтикалық образдың алуан түрлі әсем типтерін айта қалғандай шеберлікпен жасап берді.[2]

Реалистік образ- әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі; қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын, мінез-құлқы, іс-әрекеті, қоршаған ортасы, басынан өтетін оқиғалары бәрі өлшеулі образ. Мұнда өмірде болатын, үнемі кездесетін, нақтылы іс -әрекеттермен көрінетін бейне суреттеледі.

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  2. Қабдолов Зейнолла. Сөз өнері.- Алматы: "Санат", 2007.-300 б


Read other articles:

River in Australia Parramatta RiverAerial view across the mouth of the Parramatta River as it reaches in Port Jackson, looking east towards downtown SydneyNASA satellite view of Greater Metropolitan Sydney, with the location of the mouth of the Parramatta River, as it flows into Port Jackson, as markedEtymologyBurramattagal, meaning 'the head of the river' or 'the place where the eels sit down'[1]LocationCountryAustraliaStateNew South WalesLGAsParramatta, Ryde, Canada Bay, Hunter's Hi...

 

Telaviთელავი Stad in Georgië Geografie Regio Kacheti Gemeente Telavi Hoogte 740 m Coördinaten 41° 55′ NB, 45° 29′ OL Bevolking Inwoners (2023) 20.023 [1] Etniciteit (2014) Georgisch (96,1%)Jezidi (1,5%) Overige informatie Stad sinds 1801 Tijdzone UTC+4 Website telavi.gov.ge Telavi in Kacheti Foto's Portaal    Georgië Telavi (Georgisch: თელავი) is een stad in het oosten van Georgië met ruim 20.000 inwoners (2023), gelegen in de regio ...

 

Pour les articles homonymes, voir GAU. Université Georg-August de GöttingenHistoireFondation 1734StatutType Université publiqueNom officiel Georg-August-Universität GöttingenRégime linguistique AllemandFondateur Georges-Auguste de HanovrePrésident Ulrike Beisiegel (en)Devise « In publica commoda »Membre de Groupe de Coïmbre, EUASite web www.uni-goettingen.deChiffres-clésÉtudiants 25 377 (2012)Effectif 12 469 (2017)Enseignants 2 500LocalisationPays All...

Liberianischer Dollar 1 Liberianischer Dollar von 1976 Staat: Liberia Liberia Unterteilung: 100 Cents ISO-4217-Code: LRD Abkürzung: Lib$ Wechselkurs:(17. Mar 2023) 1 EUR = 171,016 LRD100 LRD = 0,5847 EUR 1 CHF = 179,45 LRD100 LRD = 0,5573 CHF Der Liberianische Dollar ist die Währung der Republik Liberia in Westafrika. Er ist unterteilt in 100 Cents. Der ISO-Code ist LRD. Inhaltsverzeichnis 1 Hintergrund 2 W...

 

عبد الله كوني معلومات شخصية الميلاد 19 يوليو 1979 (العمر 44 سنة)دكار الطول 1.85 م (6 قدم 1 بوصة) مركز اللعب مدافع الجنسية السنغال قطر  مسيرة الشباب سنوات فريق 1990–1996 السد المسيرة الاحترافية1 سنوات فريق م. (هـ.) 1996–2014 السد 222 (15) المنتخب الوطني 1998–1999 قطر تحت 20 3 (0) 1997–2012 قطر 47 (3)

 

Rohrberg Blick von der Südostflanke des Rohrbergs nach Niederhofen Höhe 603,4 m ü. NHN [1] Lage bei Höttingen und Weißenburg in Bayern; Landkreis Weißenburg-Gunzenhausen, Bayern (Deutschland) Gebirge Fränkische Alb Koordinaten 49° 2′ 41″ N, 11° 0′ 29″ O49.04461111111111.008138888889603.4Koordinaten: 49° 2′ 41″ N, 11° 0′ 29″ O Rohrberg (Weißenburg) (Bayern) Besonderheiten Bismarckturm...

Institut Teknologi Bandung Henri MacLaine Pont (21 Juni 1885 – 2 Desember 1971) adalah arsitek populer di Hindia Belanda pada paruh pertama abad ke-20. Dari garis ibu ia memiliki keturunan orang Buru, sementara dari garis ayah mengalir darah Skotlandia, Spanyol, dan Huguenot (Prancis). Pendidikan arsitektur ia peroleh dari Institut Teknologi Delft (TH Delft), Belanda. Setelah lulus ia kembali ke Hindia Belanda dan mendirikan suatu firma perancangan bangunan. Pada masa awal, ko...

 

Wappen Deutschlandkarte ? 48.13291111.964456Koordinaten: 48° 8′ N, 11° 58′ O Basisdaten Bundesland: Bayern Regierungsbezirk: Oberbayern Landkreis: Ebersberg Fläche: 17,83 km2 Einwohner: 0 (31. Dez. 2022)[1] Bevölkerungsdichte: 0 Einwohner je km2 Kfz-Kennzeichen: EBE Gemeindeschlüssel: 09 1 75 452 Lage des gemeindefreien Gebiets Ebersberger Forst im Landkreis Ebersberg Karte Vorlage:Infobox Gemeinde in Deutschland/Wart...

 

Railway station in Pakistan This article does not cite any sources. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Jaurah Karnana railway station – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (March 2023) (Learn how and when to remove this template message) Jaurah Karnana Stationجوڑه کرنانہ اسٹیشنGeneral informationCoordinates32°39′22″N 73°50...

Pimpri-Chinchwad merupakan sebuah kota di India. Kota ini terletak di bagian barat negara itu. Tepatnya di negara bagian Maharastra. Didirikan pada 11 Oktober 1982. Pada tahun 2001, kota ini memiliki jumlah penduduk sebesar 1.006.417 jiwa dan memiliki luas wilayah 171,51 km². Kota ini memiliki angka kepadatan penduduk 5.868 jiwa/km². Pranala luar Pimpri Chinchwad Municipal Corporation Website Artikel bertopik geografi atau tempat India ini adalah sebuah rintisan. Anda dapat membantu Wi...

 

Sebam Thraupis cyanopteraCommon connotationsLuka memar     Koordinat warnaTriplet hex#6699CCSumberDaftar Istilah Warna[1]Maerz dan Paul[2] Sebam (bahasa Inggris: Livid, bluish grey) adalah suatu corak warna biru yang melambangkan luka memar berwarna biru.[3] Rujukan ^ Adiwimarta, Sri Sukesi; Dini, Hasjmi; Hakim, Lukman; Soebadio, Haryati; Halim, Amran; Sutanto, Astrid (1984). Daftar Istilah Warna (dalam bahasa Inggris). Jakarta: Pusat Pembinaan d...

 

اضغط هنا للاطلاع على كيفية قراءة التصنيف أيل العراق   حالة الحفظ   أنواع مهددة بالانقراض (خطر انقراض متوسط)[1] المرتبة التصنيفية نوع[2]  التصنيف العلمي  فوق النطاق  حيويات مملكة عليا  حقيقيات النوى مملكة  حيوان عويلم  ثنائيات التناظر مملكة فرعية...

This article is about the lake in Ontario. For the lake in Alberta, see Peninsula Lake (Alberta). Peninsula LakeLooking out from Wolf MountainPeninsula LakeLocationMuskoka District Municipality, OntarioCoordinates45°20′N 79°7′W / 45.333°N 79.117°W / 45.333; -79.117Basin countriesCanadaMax. length10.7 km (6.6 mi)Surface area8.688 km2 (868.8 ha; 3.354 sq mi)Max. depth37 m (121 ft)Shore length129.8 km (18.5 mi...

 

Indian painter from Kerala (1848–1906) Raja Ravi VarmaRaja Ravi Varma in 1890sBorn(1848-04-29)29 April 1848[1][2]Kilimanoor, Travancore (present-day Thiruvananthapuram, Kerala)Died2 October 1906(1906-10-02) (aged 58)Attingal, Travancore, British RajOther namesKoil Thampuran of Kilimanoor, Ravi Varma Koil ThampuranAlma materUniversity College ThiruvananthapuramOccupation(s)painter, artistNotable workShakuntalaShakuntala Patra-lekhanNair Lady Adorning Her HairTh...

 

2005 Japanese filmTurtles are Surprisingly Fast Swimmers亀は意外と速く泳ぐ(Kame wa Igai to Hayaku Oyogu)DVD coverDirected bySatoshi MikiWritten bySatoshi MikiProduced byAkiko SasakiNaoki HashimotoShin'ichirō SakaguchiStarringJuri UenoYū AoiJun KanameMasatō IbuYutaka MatsushigeCinematographyGen KobayashiEdited byNobuyuki TakahashiMusic byRemioromen MinamikazeProductioncompanyWilco Co.Distributed byGold View CompanyThird Wind Films (USA DVD)Release date July 2, 2005 (...

Political elections for public offices in Sweden Politics of Sweden Basic Laws Instrument of Government Act of Succession Freedom of the Press Act Fundamental Law on Freedom of Expression Monarchy King (list): Carl XVI Gustaf Crown Princess: Victoria Royal family Royal Court Marshal of the Realm: Fredrik Wersäll Executive Government: Kristersson cabinet Prime Minister (list): Ulf Kristersson Deputy Prime Minister: Ebba Busch Government offices Ministries Government agencies Legislature Riksd...

 

American politician For other people named Tom Bradley, see Tom Bradley (disambiguation). Thomas W. BradleyMember of the U.S. House of Representativesfrom New York's 20th districtIn officeMarch 4, 1903 – March 3, 1913Preceded byGeorge N. SouthwickSucceeded byFrancis B. HarrisonMember of the New York State Assemblyfrom the 1st districtIn office1876–1876 Personal detailsBornThomas Wilson Bradley(1844-04-06)April 6, 1844Yorkshire, EnglandDiedMay 30, 1920(1920-05-30) (age...

 

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Deportivo Toluca F.C. – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (August 2023) (Learn how and when to remove this template message) Football clubTolucaFull nameDeportivo Toluca Fútbol Club S.A. de C.V.Nickname(s)Diablos Rojos (Red Devils)Short nameTOLFounde...

Beach at Ōno overlooking Ise Bay Ōno Castle Ōnomachi Station Ōno (大野町, Ōno-machi) was a town located in Chita District, Aichi, central Japan. History During the Edo period, rice granaries lined the river on both sides that lead downstream to the port on Ise Bay. Starting with the Meiji period and industrialization, Ōno Beach became a popular point during the summer, with a number of villas being constructed for the wealthy.[1] On April 1, 1954 the city of Tokoname was esta...

 

Grenzau CastleBurg Grenzau, Burg Gransioie (Großfreuden)Höhr-Grenzhausen Grenzau CastleGrenzau CastleShow map of Rhineland-PalatinateGrenzau CastleShow map of GermanyCoordinates50°27′01″N 7°39′20″E / 50.4502°N 7.6555°E / 50.4502; 7.6555Typehill castle, spur castleCodeDE-RPHeight250 m above sea level (NN)Site informationConditionlargely preservedSite historyBuiltca. 1210 The bergfried Grenzau Castle (German: Burg Grenzau) is a ruined spur ca...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!