Аманат (партия)

Аманат
«Аманат» саяси партиясының ресми логотипі
Басшысы

Ерлан Қошанов

Негізін салушы

"Отан" ретінде Нұрсұлтан Назарбаев

Құрылған жылы

22 ақпан 1999 жыл ("Отан" ретінде)
22 желтоқсан 2006 жыл ("Нұр Отан" ретінде)
1 наурыз 2022 жыл ("Аманат" ретінде)

Штаб-пәтері

Астана, Д. Қонаев көшесі, 12/1

Идеологиясы

Центризм
Консерватизм
Экономикалық либерализм

Жастар ұйымы

Жастар рухы

Мүшелер саны

1 млн.

Мәжілістегі мандат саны[1]
62 / 98
Сайты

amanatpartiasy.kz

Аманат партиясы (2022 жылға дейін «Nur Otan») — Қазақстанның билік етуші ең ірі, әрі доминантты саяси партиясы. Партияның төрағасы — Ерлан Жақанұлы Қошанов. 2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде жалпы дауыс санының 53,9%-ын жинап, жалпы 98 ішінен 62 мандатқа ие болды.

Партия 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылған еді.

Аталуы

2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды. Атаудағы "Нұр" - сол уақыттағы Қазақстан президентіне - Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме.

2022 жылы 1 наурызда "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның атын "Аманат" деп атау туралы ұсыныс жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.[2]

Тарихы

1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді.

1999 жылғы 19 қаңтарда жиналыс өтіп, Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.

Партия мұрағатында Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанымен белгіленген есеп кітапшасы мұқият сақтаулы.

1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай сьезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге сьезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстанның халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады.

2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-на Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды.

2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.

Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды.

2008 жылғы 14 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.

2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.

2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды.

2022 жылғы 1 наурыздағы кезектен тыс XXII Съезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынады. Сол жылдың 26 сәуірінде партияның кезектен тыс XXIII съезінде Президент партиядан шығып, төрағалық Ерлан Қошановқа берілді және «Адал» партиясы «Аманат» партиясына қосылды.

Съездер

Съезі Күні Өткізу орны
«Отан» партиясының I құрылтай съезі: 1 наурыз 1999 жыл. Өкілдер бірауыздан Нұрсұлтан Назарбаевты партияның бірінші төрағасы етіп сайлады. Алматы
«Отан» партиясының II кезектен тыс съезі: 18 тамыз 1999 жыл. Алматы
«Отан» партиясының III съезі: 20 сәуір 2001 жыл. Алматы
«Отан» партиясының IV съезі: 9 қараша 2002 жыл. Алматы
«Отан» партиясының V съезі: 12 шілде 2003 жыл. Алматы
«Отан» партиясының VI съезі: 12 наурыз 2004 жыл. Алматы
«Отан» партиясының VII съезі: 18 шілде 2004 жыл. Алматы
«Отан» партиясының VIII съезі: 9 қыркүйек 2005 жыл. Алматы
«Отан» партиясының IX съезі: 4 шілде 2006 жыл. «Нұр Отан» және «Республикалық Асар партиясының» (200 мың мүше) бірігуі. Астана
«Отан» партиясының Х съезі: 22 желтоқсан 2006 жыл. Қазақстан Аграрлық партиясы және Қазақстан Азаматтық партиясы (130-150 мың мүше) «Отан» партиясына қосылды. Астана
«Нұр Отан» партиясының XI съезі 4 шілде 2007 жыл. Астана
«Нұр Отан» партиясының XII съезі: 15 маусым 2009 жыл. Астана
«Нұр Отан» партиясының XIII съезі: 11 ақпан 2011 жыл. Астана
«Нұр Отан» партиясының XIV съезі: 25 қараша 2011 жыл. Астана
«Нұр Отан» партиясының XV съезі: 18 қазан 2013 жыл. Астана
«Нұр Отан» партиясының XVI съезі: 11 наурыз 2015 жыл. Астана
«Нұр Отан» партиясының XVII съезі: 29 наурыз 2016 жыл. Астана
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі: 27 ақпан 2019 жыл. Астана
«Nur Otan» партиясының XIX съезі: 23 сәуір 2019 жыл. Астана
«Nur Otan» партиясының XX съезі: 25 қараша 2020 жыл. Астана
«Nur Otan» партиясының XXI съезі: 28 қаңтар 2022 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды, жарғыға өзгерістер енгізіліп, жаңа саяси кеңес бекітілді. Астана
«Nur Otan» партиясының XXII съезі: 1 наурыз 2022 жыл. Партияның аты "Аманат" болып өзгерді, жаңа саяси кеңес құрамы бекітілді. Астана
«Amanat» партиясының XXIII съезі: 26 сәуір 2022 жыл. «Adal» партиясы «Аmanat» партиясымен бірікті, Қасым-Жомарт Тоқаев партиядан шығып, партияның жаңа төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Астана
«Amanat» партиясының XXIV съезі: 6 қазан 2022 жыл. Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде ұсынылды, партияның жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілді. Астана
«Amanat» партиясының XXV съезі: 7 ақпан 2023 жыл. Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялық тізім бойынша кандидаттар ұсынылды. Астана

Партияны басқару жүйесі

Жоғары басшы органдар:

  • Партия съезі
  • Партия филиалының конференциясы
  • Бастауыш партия ұйымының жиналысы

Жоғары өкілді органдар:

  • Партия Саяси кеңесі
  • Партия филиалының Саяси кеңесі

Басшы органдар:

  • Партия Саяси кеңесінің Бюросы
  • Партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросы

Бақылау-тексеру және бақылау органдары:

  • Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы
  • Партия филиалының Бақылау-тексеру комиссиясы
  • Партиялық бақылау комитеті
  • Партиялық бақылау комитетінің аймақтық және аумақтық комиссиялары

Атқарушы органдар:

  • Партия орталық аппараты
  • Партия филиалының аппараты
  • Бастауыш партия ұйымының Бюросы, ол болмаса Төрағасы[3]

Басшылығы

Астанадағы Аманат партиясы штабтарының бірі

Партия төрағасы

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (4 шілде 2007 - 28 қаңтар 2022 жыл)
  2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (28 қаңтар - 26 сәуір 2022 жыл)
  3. Ерлан Жақанұлы Қошанов (26 сәуір 2022 жылдан бері)

Партияның атқарушы хатшысы

Партияның атқарушы хатшысы — партия төрағасынан кейін тұрған екінші ең жоғары лауазым, ол партияның қызметіне жалпы басшылық етеді. Лауазым 2022 жылы 2 ақпанда партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінің орнына енгізілген. 2022 жылы 1 наурызда «Нұр Отанның» ХХII Съезінде партия Жарғысына өзгерістер жасалды.[4]

Партия төрағасының бірінші орынбасары

Партияның хатшылары

  • Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы
  • Жылқыбаев Ержан Жұматұлы
  • Каринова Шолпан Таңатқызы

Партияның Саяси кеңес Бюросы мүшелері

  1. Қошанов Ерлан Жақанұлы — «Amanat» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
  2. Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы — ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы
  3. Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
  4. Оралов Асхат Раздықұлы — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы
  5. Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы — ҚР Парламенті Сенатының депутаты
  6. Қалтаева Ләззат Молдабекқызы — ҚР Парламенті Сенаты Спикерінің кеңесшісі
  7. Саиров Ерлан Бияхметұлы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
  8. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
  9. Зенченко Геннадий Геннадьевич — «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің директоры
  10. Рожин Максим Николаевич — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
  11. Масагутова Элина Сергеевна — «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры

Сайлау

Президент

Парламент

Сын

Қазақстан оппозициясы «Nur Otan» партиясын Назарбаевтың тұлғасын тым әсірелеп насихаттаушы псевдодемократиялық және тоталитарлық немесе авторитарлық партия деп санайды. ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар әкімшілік ресурстарды пайдалануын және сайлауларды бұрмалауларын айыптайды.[5] Партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің суды үнемдеу туралы бастамасы теріс пікірге ие болды және соған қатысты әлеуметтік желілерде көптеген демотиватор суреттер жарияланды.[6] «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратының құрылысына мұғалімдерден ақша жинау бастамасы көптеген дау-дамай туғызды.[7]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


Read other articles:

Comics character HybridScott Washington as Hybrid. Artwork of the cover of Venom vol 4 #18 (September 2019).Art by Patrick Zircher and Brian Reber.Publication informationPublisherMarvel ComicsFirst appearanceas Scott Washington: The New Warriors #21 (March 1992)as Hybrid: Venom: Along Came a Spider #1 (Jan. 1996)Created byScott WashingtonFabian Nicieza (writer)Mark Bagley (penciller)HybridEvan Skolnick (writer)Patrick Zircher (penciller)In-story informationAlter egoScott WashingtonTeam affili...

 

Serbian taekwondo practitioner Milica MandićMandić in 2016 during press conferencePersonal informationNationalitySerbianBorn (1991-12-06) 6 December 1991 (age 31)Belgrade, SR Serbia, SFR YugoslaviaHeight6 ft 1 in (1.85 m)Weight175 lb (79 kg)SportCountrySerbiaSportTaekwondoEvent(s)MiddleweightClubTK GalebCoached byDragan Jović Medal record Women's taekwondo Representing  Serbia Olympic Games 2012 London +67 kg 2020 Tokyo +67 kg World Championships 2017 Muj...

 

This article is about the 1995 album, and song, by Crowbar. For the 2006 song by Dismember, see The God That Never Was. 1995 studio album by CrowbarTime Heals NothingStudio album by CrowbarReleasedMay 23, 1995 (May 23, 1995)[1]RecordedUltrasonic Studios in New OrleansGenreSludge metalLength37:08LabelPavementProducerCrowbarCrowbar chronology Crowbar(1993) Time Heals Nothing(1995) Broken Glass(1996) Alternative cover Professional ratingsReview scoresSourceRatingAllMusic[...

اقتُرح دمج محتويات هذه المقالة مع المعلومات الموجودة في علم فلسطين. (ناقش) هذه المقالة يتيمة إذ تصل إليها مقالات أخرى قليلة جدًا. فضلًا، ساعد بإضافة وصلة إليها في مقالات متعلقة بها. (نوفمبر 2023) نحت البطيخ على دوار جنين فلسطين (يناير 2021) يعتبر البطيخ الأحمر رمزا من رموز النضال ض

 

Artikel ini bukan mengenai Costco; Cosco (India) Limited; Cusco (disambiguasi); atau Cosco, anak usaha regional dari Dorel Industries. China Ocean Shipping Company, LimitedKantor pusat COSCO di BeijingSebelumnyaChina Ocean Shipping (Group) CorporationJenisAnak perusahaanIndustriTransportasiNasibMenjadi anak usahaPenerusChina COSCO ShippingDidirikan27 April 1961; 62 tahun lalu (1961-04-27)Ditutup2016KantorpusatDistrik Xicheng, Beijing, TiongkokWilayah operasiSeluruh duniaJasaEkspedisi mua...

 

Peta menunjukkan lokasi Rizal Rizal adalah munisipalitas yang terletak di provinsi Occidental Mindoro, Filipina. Pada tahun 2010, munisipalitas ini memiliki populasi sebesar 35.948 jiwa dan 7.190 rumah tangga. Pembagian wilayah Secara administratif Rizal terbagi menjadi 11 barangay, yaitu: Adela Aguas Magsikap Malawaan Pitogo Rizal Rumbang Salvacion San Pedro Sto. Niño Manoot Pranala luar Philippine Standard Geographic Code Diarsipkan 2012-04-13 di Wayback Machine. 2000 Philippine Census Inf...

Вальдемар Домбровський Народився 23 серпня 1951(1951-08-23) (72 роки)Радзимін, Ґміна Радзимін, Воломінський повіт, Мазовецьке воєводство, Республіка ПольщаКраїна  Республіка ПольщаДіяльність політикAlma mater Faculty of Electronics and Information Technology, Warsaw University of TechnologydЗнання мов польськаПосад...

 

Матковий ковпачокЧастина серіїЖіноче здоров'я Стать Гінекологічний огляд Репродуктивна система Клітор Печеристе тіло Ерекція клітора Цибулини клітора[en] Кліторизм Кліторомегалія Вульва Великі статеві губи Малі статеві губи Вуздечка статевих губ Парауретральні зало...

 

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada April 2016. Lebak merupakan kawasan rawa yang genangan airnya dipengaruhi air hujan atau luapan sungai. Lebak biasanya berada di antara dua buah sungai besar di dataran rendah. Berbeda dengan rawa pasang surut yang genangan airnya dipengaruhi pasang surut air laut h...

Conflict between the Spanish Empire and its Venezuelan colonies (1810-23) Venezuelan War of IndependencePart of Spanish American wars of independenceLa Batalla de Carabobo, Martín Tovar y TovarDate19 April 1810 – 24 July 1823(13 years, 3 months and 5 days)LocationVenezuela and New GranadaResult Patriot victoryTerritorialchanges Independence of Gran Colombia. Dismemberment of the Spanish empire.Belligerents Patriots1810: Caracas Junta1811–1816: Venezuela Colombia1816–1819...

 

2023 video game 2023 video gameWrestleQuestDeveloper(s)Mega Cat StudiosPublisher(s)Skybound GamesPlatform(s)WindowsNintendo SwitchPlayStation 4PlayStation 5Xbox OneXbox Series X/SNetflix GamesReleaseAugust 22, 2023Genre(s)Role-playingMode(s)Single-player WrestleQuest is a role-playing video game developed by Mega Cat Studios and published by Skybound Games. It combines a pro-wrestling theme with elements from Japanese role-playing games. The game was released on August 22, 2023, and was avail...

 

Guatemala Botschaft Guatemalas in Deutschland Logo Staatliche Ebene bilateral Stellung der Behörde Botschaft Aufsichts­behörde(n) Außenministerium Bestehen seit 1959 Hauptsitz Deutschland Berlin Botschafter Jorge Alfredo Lemcke Arevalo Website Botschaft Guatemalas in Deutschland Botschaftssitz Kaiserdamm 20 Die Botschaft Guatemalas in Berlin ist die diplomatische Vertretung der Republik Guatemala in Deutschland. Sie hat ihren Sitz am Kaiserdamm 20 im Ortsteil Charlottenburg des B...

本條目存在以下問題,請協助改善本條目或在討論頁針對議題發表看法。 此條目包含過多僅特定讀者會感興趣的過度細節內容。 (2015年6月20日)請重新整理本條目以切合主題,並移除与維基百科內容方針相悖的過度細節內容。詳細信息請參見討論頁。 此條目需要补充更多来源。 (2015年6月20日)请协助補充多方面可靠来源以改善这篇条目,无法查证的内容可能會因為异议提出而...

 

Australian and British television comedy-drama series FrayedPromotional artworkGenreComedy dramaCreated bySarah KendallWritten bySarah KendallDirected byShaun Wilson, Jennifer LeaceyStarring Sarah Kendall Kerry Armstrong Matt Passmore Ben Mingay George Houvardas Doris Younane Country of originAustralia, United KingdomOriginal languageEnglishNo. of series2No. of episodes12ProductionExecutive producers Clelia Mountford Sharon Horgan Morwenna Gordon Rick Kalowski Que Minh Luu Kevin Whyte Produce...

 

Libyan politician and businessman (1921–2021) This biographical article is written like a résumé. Please help improve it by revising it to be neutral and encyclopedic. (May 2023) Mustafa Ben Halim مصطفى أحمد بن حليمBen Halim between 1949 and 1950Prime Minister of LibyaIn office12 April 1954 – 25 May 1957MonarchIdris IPreceded byMuhammad SakizliSucceeded byAbdul Majid KubarForeign Minister of LibyaIn office3 December 1954 – 30 October 1956Prime Minister...

桃園天皇 第116代天皇 在位期間:1747年6月9日-1762年8月31日(15年83天) 前任:櫻町天皇 繼任:後櫻町天皇 桃園天皇像(泉涌寺藏) 時代 江戶時代 年号 延享寬延寶曆 首都 京都 皇居 京都御所 諱 遐仁 幼称 八穗宮茶地宮 出生 (寬保元年二月二十九日)(1741-04-14)1741年4月14日 逝世 (寶曆十二年七月十二日)1762年8月31日(1762歲—08—31)(21歲) 陵墓 月輪陵 父親 櫻町天皇 母親 姉小...

 

Japanese manga series Not to be confused with Gin no Spoon. Silver SpoonFirst tankōbon volume cover, featuring Yuugo Hachiken銀の匙(Gin no Saji)GenreComedy[1]Coming-of-age[2]Slice of life[1] MangaWritten byHiromu ArakawaPublished byShogakukanEnglish publisherNA: Yen PressSG: Shogakukan AsiaImprintShōnen Sunday ComicsMagazineWeekly Shōnen SundayDemographicShōnenOriginal runApril 6, 2011 – November 27, 2019Volumes15 Anime television seriesDirected ...

 

Лампочка Ильича «Лампочка Ильича» — образное название первых бытовых ламп накаливания в домах крестьян и колхозников в Советской России и СССР. Содержание 1 История появления 2 Использование термина в СССР 3 Современное значение 4 См. также 5 Примечания 6 Литература Ис...

List of downtown commercial historic buildings in Carmel-by-the-Sea There are two sections listed below: List of Downtown Historic District Buildings in Carmel-by-the-Sea, California, based on the Downtown Conservation District Historic Property Survey, and Other Other Historic Buildings in Carmel. DPR stands for Department of Parks and Recreation. Table key Listed as a California Historical Landmark Downtown Historic District Buildings in Carmel-by-the-Sea Building name Image Block Architect...

 

Jean Shepard discographyJean Shepard performing at the Grand Ole Opry in Nashville, Tennessee, 2007.Studio albums25Live albums2Compilation albums15Singles71B-sides2Other appearances9 American country artist Jean Shepard released twenty-five studio albums, fifteen compilation albums, one live album, seventy-one singles, two charting B-sides, and appeared on nine albums. Signing in 1952 with Capitol Records, her second single A Dear John Letter (a 1953 duet with Ferlin Husky) became a breakthro...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!