«Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі[3] (көбінесе қысқартылып «Respublica» партиясы[4][5] деп те аталады) — Қазақстандағы про-президенттік[1][2][6], ресми тіркелген[4] саяси партия.
2022 жылдың тамызында жарияланып, 2023 жылдың 18 қаңтарында тіркелген Respublica партиясының жетекшілері тізімінде бірнеше адам бар, солар қатарында: кәсіпкерлер Айдарбек Қожаназаров, Сырымбек Тау, Динара Шүкіжанова, Руслан Берденов, Максим Барышев, Бейбіт Әлібеков, Қуаныш Шонбай; және продюсер, актёр Нұрлан Қоянбаев.[7]
Тарихы
Құрылуы және тіркелуі
Партияның құрылу жоспары тұңғыш рет 2022 жылдың 29 тамызында бизнесмен Бейбіт Әлібековтың Telegram арнасында жарияланды. Партияның 3 желтоқсанда,[8] Алматыда өткізілген тұңғыш съезіне, басшысы Айдарбек Қожаназаров сөзі бойынша, мыңнан астам адам қатысты.[9]
2023 жылдың 18 қаңтарында партияның ресми түрде тіркелгені Қожаназаровтың Facebook парақшасында жарияланды. Ол елдегі ресми тіркелген жетінші саяси партия болды.[8]
25 қаңтарда Respublicaның тұңғыш облыстық филиалы Қостанай облысында ашылды.[10]
2023 жылғы парламент сайлауы
2023 жылы Respublica партиясы 2023 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысатынын мәлімдеді. 21 қаңтар күні оның сол жылғы мәслихаттар сайлауына қатыса алмайтыны айтылған еді, бірақ кейінірек, 27 қаңтар күні Respublicaның оған қатысуға рұқсат берілгені белгілі болды.[11]
Партияның сайлауалды «турының» аяғына қарай партия мүшесі болуына 507,287 өтініш жіберілді. Сайлауалды үгіті Ұлытау облысында аяқталды.[9]
Партия сайлауда жалпы дауыс санының 8.59%-ын (547,154 дауыс) жинап, 6 мандатқа ие болды да, мандат саны бойынша 3-орын алды.[12] Respublica атынан 6 адам: Айдарбек Асанұлы Қожаназаров, Руслан Арысбекұлы Берденов, Динара Аманжелқызы Шүкіжанова, Динара Рустамқызы Наумова, Нұргүл Тау және Олжас Хайроллаұлы Құспеков депутат болды.[12]
Басшылығы
Партияның спикері мен төрағасы — Айдарбек Қожаназаров,[13] және оның басқа тең төрағалары бар:[14]
Сын
Партия идеологиясы
Партия құрылуы жайлы тұңғыш бейнеде «Соңғы реформалар мен жаңғыртулар жаңа Қазақстан құрылысының тірегі болады» деп айтылды.[9]
Сайлаудағы нәтижелері
Мәжіліс сайлаулары
Дереккөздер