2019 жылы өткен бокстан ХХХ Азия чемпионаты 16 мен 27 сәуір аралығында Бангкок қаласында (Тайланд) өтті. Бокстан Азия чемпионаты тарихында тұңғыш рет ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар біріктірілді. Марапаттар ерлер мен әйелдер арасында 10 салмақ дәрежесінде ойналды. Жарысқа Азияның 34 елінен барлығы 304 спортшы қатысты, оның ішінде 112 әйел және 192 ер адам болды[1][2].