Астероидты немістің әуесқой астрономы Карл Людвиг Хенке 1847 жылы Дризен қаласында ашты. Ол жаңа аспан денесіне ат қоюды Карл Фридрих Гауссқа ұсынды, сөйтіп Ежелгі грек мифологиясындағыГеба құдай әйелдің есімі таңдалынды. Ол Олимп құдайларына шарап құю қызметімен де белгілі болған соң, жаңа астероидтың нышаны бокалдың пиктограммасы болды.