Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Альбедо

2003-2004 жылдардағы ашық аспан және барлық (толық) аспан альбедосы

Альбедо (көне лат. albedo — ақ) — дене бетінің өзіне түскен электр магниттік сәуле не бөлшектер ағынын шағылыстыру қасиетін сипаттайтын шама. Ол дене бетінен шағылған ағынның оның бетіне түскен ағынға қатынасы арқылы анықталады. Альбедо — Күн жүйесіндегі планеталардың т.б. денелердің маңызды сипаттамасын білдіретін шама.[1]

Альбедо (лат. аіЬесіо — аппақтық) — қандай да бір дененің немесе беттің шағылдыру қабілетін сипаттайтын шама. Беттің немесе дененің шағылған радиациялық ағынының түсетін радиация ағынына қатынасымен анықталады;

Альбедоның мәні: ылғал топырақ — 5—10%, орман — 5—20%, шөп жамылгысы — 20—25%, жаңа жауған қар - 70—90%. Альбедометрмен өлшенеді. [2]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6


Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya