Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов

Әлихан Мұхамедияұлы Байменов
Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов
Лауазымы
Ту
Ту
Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқару комитетінің төрағасы
3 қыркүйек 2014 жылдан бастап
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Бақытжан Сағынтаев
Асқар Мамин
Әлихан Смайылов
Олжас Бектенов
Ізашары лауазым пайда болды;
тұңғыш төраға ретінде өзі
Ту
Ту
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Ту
Ту
1 шілде 2011 — 6 тамыз 2014
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов
Серік Ахметов
Ізашары Қайрат Нұрпейісов
Ізбасары лауазым жойылды;
Қайрат Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ретінде
17 ақпан 1999 — 7 тамыз 2000
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Нұрлан Балғымбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары лауазым пайда болды;
тұңғыш төраға ретінде өзі
Ізбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков
Ту
Ту
Еңбек министрі
Ту
Ту
7 тамыз 2000 — 22 қараша 2001
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Николай Радостовец
Ізбасары Гүлжан Қарақұсова
Ту
Ту
Президент Әкімшілігінің басшысы
Ту
Ту
тамыз 1998 — ақпан 1999
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Премьер-Министр Нұрлан Балғымбаев
Ізашары Ахметжан Есімов
Ізбасары Сарыбай Қалмырзаев
Өмірбаяны
Білімі Жезқазған филиалдық Қарағанды политехникалық институты (1981)
Ғылыми дәрежесі 1. Техника ғылымдарының кандидаты (1988)
2. Доцент
Дүниеге келуі 25 наурыз 1959 (1959-03-25) (65 жас)
Қарсақбай ауылы, Жезді ауданы (қазіргі Ұлытау ауданы), Жезқазған облысы (қазіргі Ұлытау ауданы)
Жұбайы Хадиша Назарқызы Бәйменова
Балалары қызы
Құралай (1992)
ұлдары
Әлішер (1995)
Ахметәлі (2004)

Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов (25 наурыз 1995, Қарсақбай ауылы, Жезді ауданы, Жезқазған облысы) - қазақстандық мемлекет қайраткер, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы [1].

Білімі

  • 1981 – Қарағанды политехникалық институты, инженер – механик мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • 1988 – Мәскеу автожол институтының аспирантурасын тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

Қызмет жолы

  • 1981-1992 – Ғылыми және педагогикалық жұмысы.
  • 1992-1994 – Жезқазған облысы әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Білім, ғылым, және мәдениет қорының құрылуына бастамашылық жасады. Бұл кезенде Қор қаражаты есебінен «АСУ» (Адам. Сана. Уақыт) деген бірінші тәуелсіз облыстық газеті шығарылды. Жас ғалымдарға жаңа ғылыми зерттеулерге ынталандыру мақсатында арнайы стипендиялар тағайындалды.
  • 1995-1996 – Қазақстан Республикасы Еңбек Министрінің орынбасары, содан кейін Бірінші орынбасары.
  • 1996-1997 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру - бақылау бөлімінің меңгерушісі.
  • 1997-1998 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
  • 1998-1999 – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.
  • 1998-2000 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы. Осы жылдары алғаш рет мемлекеттік қызметке міндетті түрде конкурс арқылы іріктеу жүйесі енгізілді. Мемлекеттік қызметшілер саяси және әкімшілік болып бөлінді. 1999 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданған соң, аймақ елдері Қазақстанның тәжірибесін негізге ала отырып, ұқсас заңдар қабылдады, арнайы мемлекеттік органдар құрды.
  • 1997-2001 – Қазақстан Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі Комиссия төрағасы.
  • 2000-2001 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. ТМД елдері арасында тұңғыш рет Әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі моделінің тұжырымдамасы және әлеуметтік сақтандыруды енгізу моделі жасалды. Сондай-ақ жұмысшыларға келтірілген зиян үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру қажеттілігі дәлелденді.
  • 2011 - 2014 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. Мемлекеттік қызмет реформасының екінші кезеңіне өткізілуіне жетекшілік етті. Нәтижесінде саяси мемлекеттік қызметшілердің саны сегіз есеге қысқарды. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге назар салынып, «А» басқарушы корпусы құрылды.
  • 2014 жылдың қыркүйегінен бастап - Астана мемлекеттік қызмет Хабы (ACSH) басқарушы комитетінің төрағасы. Астана мемлекеттік қызмет Хабы 2013 жылы мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасудың институционалды негізі ретінде 25 ел және 5 халықаралық ұйымның қатысуымен құрылған. Қазіргі таңда Хабқа ЭЫДҰ, ТМД, Орталық Азия мен ASEAN елдерін қоса алғанда 39 ел катысады.

Әлеуметтік-саяси қызметі

  • 1989-1990 — Облыстағы алғашқы қоғамдық ұйым - «Ұлытау» қозғалысын құрады, «Невада-Семей» ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыстың Жезқазған облыстық бөлімшесін басқарады. Ұйым аймақтағы экологиялық, әлеуметтік, мәдени, қоғамдық мәселелерді көтереді.
  • 1990-1993 – Жезқазған  облыстық халық депутаттары Кенесінің депутаты.
  • 1993-1994 – Жезқазған облыстық «Қазақстанның халықтық бірлігі одағы» ұйымының басшысы.
  • 1994-1995 – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
  • 1995-2000 – Қазақстан халқы ассамблеясы төраға орынбасары..
  • 1997-2001 – Қазақстан Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия мүшесі.
  • 2001 жылдың қарашасынан бастап – «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы, саяси кеңесінің мүшесі.
  • 2002 жылдың наурызынан бастап – Ақ жол демократиялық партиясы құрылтайшыларының бірі, тең төрағасы. Партиялық тізім бойынша «Ақ жол» 30 пайызға жуық дауыс жинады, бірақ ресми түрде партияға 12 пайыз дауыс есептелді. Биліктің сайлау нәтижелерін бұрмалаушылығына қарсылық ретінде депутаттық мандаттан бас тартты.
  • 2005 - 2011 – Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясының төрағасы.
  • 2005 жылдың қыркүйегі – Қазақстан Президенттігіне үміткер.
  • 2006 – Демократиялық реформалар бағдарламасын әзiрлеу мен нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның мүшесі.
  • 2006 - 2007 – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
  • 2015 – «Менеджментті Дамыту Қазақстандық Қоры» Қоғамдық қоры Қамқоршылық Кеңесінің тең төрағасы.

«Зерде» Қоғамдық қорының (2002 жылдан бастап), Тоғызқұмалақ бойынша республикалық федерацияның президенті (2005 жылдан бастап), дүниежүзілік федерациясының ұйымдастырушысы және алғашқы президенті (2008 жылдан бастап), «Темірқазық» пікірсайыс клубының негізін қалаушысы әрі жүргізушісі (2003-2012). 31 телеарнадан қоғамның, мемлекеттің, елдің дамуы мәселелері қазақ тілінде талқыланған «Темірқазық» авторлық бағдарламасының (2003-2004) жүргізушісі. Тоғызқұмалақ ұлттық ойынын әлемдік деңгейде кеңінен насихаттауға үлес қосуда. Тоғызқұмалақтан үш мәрте әлемдік чемпионат өткізілді.

«Зерде» қорының негізгі мақсаты – қоғамдық-ағарту жұмысы болды. Ғасырлар бойғы ізденістер арқасында адамзаттың алдыңғы қатарлы елдерінде қалыптасқан рухани құндылықтарды қазақ тілінде жеткізу үшін «Зерде кітапханасы» ауқымында алғаш рет Карл Поппер, Шарль Монтескье, Жан-Жак Руссо, Джон Локк сияқты ойшылардың еңбектері қазақ тіліне аударылды. Қор жұмысы аясында қазақтың саяси тарихына, қуғын-сүргін кезеңіне қатысты зерттеулер жасалып, кітаптар жарыққа шықты. «Зерде» қоры бастамасымен Мұстафа Шоқай шығарған «Яш Түркістан» журналының жеке мұрағаттарда сақталған түп нұсқалары Ұлыбританиядан Қазақстанға әкелінді. Құнды тарихи құжаттар Ұлттық мұрағатқа, Ұлттық кітапханаға, Мұстафа Шоқайдың ауылындағы мектепке тапсырылды.

Еңбектері

  • «Государственная служба в Республики Казахстан» (2000),
  • «Государственная служба. Международный опыт. Казахстанская модель» (2000),
  • «Вместе во имя настоящего и будущего Казахстана» (2003, авторлардың бірі),
  • «Ак жол, Казахстан!» (2003, авторлардың бірі),
  • «Темірқазық» (2004),
  • «Конституционная реформа: назревшая необходимость» (2005),
  • «Перемены без потрясений» (2005).
  • «Bureaucracy and Cooperation» (2018) [2]
  • "Public Service Excellence in the 21st Centure", Alikhan Baimenov, Panos Liverakos (2019)
  • "Public Service Evolution in the 15 Post-Soviet Countries: Diversity in Transformation", Palgrave Macmillan, (2022, авторлардың бірі)

Әлеуметтік қорғау, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, менеджмент, саяси және партиялық құрылыс мәселелері бойынша көптеген мақалалардың авторы.

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі[3]
  • «Парасат» ордені (14 желтоқсан 2013)
  • БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік форматында ынтымақтастық бойынша Басқармасы аймақтық және аймақаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Арнайы сыйлық (2016, Нью-Йорк, АҚШ)
  • Барыс ордені, III дәрежелі (наурыз, 2022)
  • Мемлекеттік басқару тәжірибесі мен ғылымына қосқан зор үлесі үшін Америка мемлекеттік басқару ассоциациясының (ASPA) "Мемлекеттік басқарудың халықаралық жүлдесі" (2022, Джексонвилл, АҚШ)

Дереккөздер

  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. «Bureaucracy and Cooperation» A. Farazmand (ed.) Global Encyclopedia of Public Administration, Public Policy, and Governance. Springer International Publishing AG 2018. https://doi.org/10.1007/978-3-319-31816-5_618-1
  3. http://www.akorda.kz/kz/events/el-teuelsizdiginin-20-zhyldygy-karsanynda-memleket-basshysy-nursultan-nazarbaev-akordada-kazakstan-respublikasynyn-memlekettik-nagradalary-m Мұрағатталған 7 ақпанның 2018 жылы.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!