Невада-Семей

Ядролық қаруды пайдаланатын елдер картасы

Невада-Семей, ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық-саяси ұйым. 1989 жылы 26 ақпанда құрылып, қазан айында ресми тіркелді. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті, Семей ядролық полигонында ядролық сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия,Жапония, Түркия, т.б. елдерде ұйымның бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ БА-ның 53-сессиясы “Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен экологиясын сауықтыру және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру” қарарын қабылдады[1][2].

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!