Құрманғазы (Құрманғазы ауданы)

Ауыл
Құрманғазы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

аудан орталығы

Облысы

Атырау

Ауданы

Құрманғазы

Ауылдық округ

Құрманғазы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°36′N 49°16′E / 46.600°N 49.267°E / 46.600; 49.267

Құрылған уақыты

1793

Бұрынғы атаулары

Ганюшкин (орыс. Ганюшкино)

Тұрғындары
Тұрғыны

14 672[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71233

Пошта индексі

060400

Құрманғазы картада
Құрманғазы картада
Құрманғазы
Құрманғазы
 Басқа мағыналар үшін Құрманғазы (айрық) деген бетті қараңыз.

Құрманғазы (2018 ж. дейін Ганюшкин)[2]) — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, аудан және аттас ауылдық округтің әкімшілік орталығы.

Географиясы

Ганюшкинге кіре беріс (Атырау бағыты жағынан)

Ауыл Еділ өзенінің саласы — Шарон (кейбір деректер бойынша Шора) өзенінің бойында орын тепкен. Облыс орталығы Атырау қаласынан 245 км, Ресейдің Астрахан қаласынан 113 км қашықтықта орналасқан.[3]

Ганюшкин арқылы Атырау—Астрахан тас жолы өтеді. Ең жақын темір жол стансасы Ақкөлмен ара қашықтығы — 25 шақырым.

Халқы

2010 жылдың 1 қазандағы дерек бойынша Ганюшкинде 12830 адам[4] тұрады. Соның басым көпшілігі (94%) — қазақтар.[3]

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14532 адамды (7242 ер адам және 7290 әйел адам) құрады.[5]

Тарихы

Астрахан мұрағатынан алынған деректер бойынша ауыл құрылған жылы (1793 немесе 1789—1793 ж. аралығы) Ганюшкинде 15 үй болған, оның ішінде 38 ер, 41 әйел, барлығы 79 адам тұрған, ал 1871 ж. 53 үйде 358 адам тұрған, олардың ішінде 229 ер, 179 әйел болған.

1917-1922/23 жылдардағы азамат соғысы кезінде Ганюшкин ақтардан қызылдарға және керісінше бірнеше рет ауысып, қолдан-қолға өткен. 1919 ж. 23 қарашада Ганюшкин Қызыл әскер құрамына біржолата өтті. Жергілікті танымал қоғам қайраткері Нұғыман Манаевтың ұйымдастыруымен Ганюшкин — әуелі болыс орталығы, содан соң 1922 ж. уез орталығы, ал 1928 жылдан бастап аудан орталығы болды.[3]

2018 жылы сәуірде ауыл есімі Ганюшкиннен Құрманғазы болып өзгертілді[2].

Ішкі бөлінісі

Ауыл Үлкен және Кіші Ганюшкин, Самаркин, Бұзаусылан (Безымянный), Рембаза, Құрылысшылар ауылы (ПМК), РТС, Кіресті (Красиловка), Жапырық (Ягодный) деп аталатын мөлтек аудандардан тұрады[3].

Мөлтек аудандардың аталу тарихы төмендегідей:
Үлкен және Кіші Ганюшкин — екі аралдың атауы 18 ғасырда ағайынды Ганюшкиндер келіп орналасуына орай осылай аталған. Бұл туралы алғашқы мәлімет 1759 жылы болған.

Самаркин — Көпес Ганюшкин берген атау делініп жүр. Самар беті мағынасында.

Жапырық (Ягодный) мөлтек ауданы

Бұзаусылан — ертеде айналасының барлығын су қоршаған арал болған, осы аралға тұрғындар бұзауларын қайықпен шығарып, шөпке жайған. Әрі қарайбұл арал Бұзаусылан деп аталған.
Рембаза — Кіші Ганюшкиннің бір бөлігі. 20-ғасырдың 30-жылдарынан бастап, шағын кеме, қайық, мотор, балықшылыр жарақтарын өңдейтін база, шеберхана орналасуына байланысты атап кеткен.
РТС (Механизатор ауылы) — өткен ғасырдың 50 - жылдары трактор, автокөлік жөндеу станциялары орналасуына байланысты шыққан атау.
ПМК (Құрылысшылар ауылы) — Орысша «Передвижная механизированная колонна» сөзінен шыққан. 1960 жылы ауданда алғаш рет жылжымалы механикаландырылған құрлысшылар колоннасы құрылуына байланысты шыққан атау.
Кіресті — жер аты. Бастапқы аты Қызылжар болуы мүмкін, азамат соғысы кездеріндегі деректерде Красиловский бугор аталған. Орыс молаларының көп болуына байланысты «кресты, крест», кейін дыбыстық өзгеріске ұшырап, Кресті атауына ие болған.[6]

Ескерткіштері

Әкімшілік үйі алдындағы Құрманғазы мүсіні

Ауылда қазақтың атақты күйшісі Құрманғазыға, Кеңес Одағының Батыры Александр Афанасьевке, азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысына қатысқандарға ескерткіш, интернационалист-жауынгер Бауыржан Бегалиевке ескерткіш тақталар орнатылған.[3]

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға орнатылған «Ер есімі- ел есінде 1941-1945 жылдары» атты ескерткіш обелискілер, Данқ орденінің үш бірдей иегері Ғизат Мұқашұлы Әліповке, Кеңес Одағының Батыры Филипп Савельевич Мазуровқа, халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға, Кеңес Одағының Батыры Мұқат Мұсаевқа орнатылған гранит белгілері бар. Сонымен қатар Ауған жеріндегі соғысқа 1979-1989 жылдар аралығында 95 интернациалист жауынгер жерлестерге арналған ескерткіш, Тәжік -Ауған шекара аймағында қатысқан 1992-2001 жылдар аралығында ауданнан қатысқан 53 жауынгерге ескерткіш, Ауған шекарасындағы жауынгерлік іс-қимылға және әскери қақтығыстарына қатысушылардың құрметіне ескерткіш, «Қуғын-сүргін құрбандары мәңгілік жадымызда» 1930-1940 жылдар аралығында 30-ға жуық жерлестерге арналған ескерткіш орнатылған.

Әлеуметтік және мәдени нысандары

Құрманғазы ауылында 3 қазақ мектебі, 1 орыс мектебі, сондай-ақ Ганюшкин мектеп-интернаты бар. Сонымен қатар орталық аурухана, мәдениет үйі, емхана, мұражай, басқа да мекемелер орналасқан.[3] Сонымен қатар спорт кешені, телекоммуникация бөлімі, «Казпошта» мекемесі, аудандық кітапхана жұмыс жасайды.

Колледж

  • Құрманғазы аграрлы -техникалық колледжі

Мектептері

  • Абай атындағы орта мектеп — Алғашқы деректерде 1895 жылы ашылған. 1933 жылы аралас орта мектеп ретінде қалыптасты. 1939 жылы Молотов (Ломоносов) атындағы орыс мектебінің бөлінуіне байланысты, Ганюшкин қазақ орта мектебі деп аталды. 1945 жылы Абай есімі берілді. 1960 жылы сегізжылдық мектепке айналып, 1973 жылы қайта орта мектеп болды. 1981 жылы 1176 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
  • М.Әуезов атындағы орта мектеп — 1971 жылы ашылған. 1990 жылы 620 бала оқытуға арналған жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
  • Ломоносов атындағы орта мектеп — 1939 жылы бөлек мектеп болып бөлініп шыққан. 1961 жылы қазіргі 2 қабатты ғимарат пайдалануға берілді.
  • З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернаты — 1962 ж. шалғай елді мекендердің балаларына білім мен тәрбие беру мақсатында ашылды. 1972-1973 оқу жылы Ганюшкин ауылында үш кабатты типтік жобамен салынған мектеп-интернат ғимаратының берілуіне байланысты Сафон және Ганюшкин мектеп-интернаты қосылды.[7]
  • Б.Бегалиев атындағы орта мектеп — 1958 ж. бастауыш, 1961 ж. сегізжылдық, 1986 ж. Каспий орталау мектебі, 2001 ж. орта мектеп болып қайта құрылды. 1990 жылы Б.Бегалиев есімі берілді. 2002 жылы 624 орындық жаңа үлгідегі мектеп үйі салынды.
  • Д.Нұрпейсова атындағы балалар өнер мектебі — Теңіз аудандық атқару комитетінің 1964 жылғы 21-қазандағы шешімімен ашылды.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері

  • «Мерей» бөбекжай-балабақшасы
  • «Балауса» бөбекжай-балабақшасы
  • «Өркен» бөбекжай-балабақшасы
  • «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы
  • «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы

Аурухана

  • Құрманғазы аудандық ауруханасы
  • Облыстық өкпе ауруларына қарсы санаторий — 60 орынды санаторий 2001 жылдың наурыз айынан бастап ауруларды қабылдап сауықтыруда.

Діни ұйымдар

  • "Темірәлі" мешіті — 2002 жылы салынған. Жобасын М.Елеусінов жасаған. Жерінің аумағы 0,3114 га. Пайдалы алаңы 255,39 шаршы метр, 175 адамға арналған, екі қабатты. Ғимарат намаз оқитын зал, имам бөлмесі, кітапхана, неке қиятын залдан тұрады. Мұнарасының биіктігі 19 метр, қабырғасының биіктігі 5 метр. Биіктігі 1 метрлік мінбер сапалы ағаштан өрнектеліп жасалған.[8]

Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік

«Атырау Жарық» АҚ, Құрманғазы Газ шаруашылығы, «Кұрманғазы жолдары» мекемесі, көптеген кәсіпорындар, мейрамханалар, кафелер, асханалар, сауда орындары орналасқан.

Ауыл суреттері

Құрманғазы ауылы "Темірәлі" мешіті Ауылдағы шағын көпірлердің бірі. Құрманғазы ауылы Құрманғазы ауылы Құрманғазы ауылы Бұзауслан

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. a b Аудан орталығына Құрманғазының аты берілді
  3. a b c d e f Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. - 312 бет + 16 бет түрлі-түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-535-7
  4. ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны Мұрағатталған 5 сәуірдің 2013 жылы.
  5. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  6. Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5
  7. https://mi-cerikkaliuly.kurmangazy-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2021 жылы. Зейнолла Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернатының тарихы
  8. https://www.muftyat.kz/ru/mosque/3168/ «Темірәлі» мешіті

Сыртқы сілтемелер

Read other articles:

Este artigo carece de caixa informativa ou a usada não é a mais adequada. Esta página cita fontes, mas que não cobrem todo o conteúdo. Ajude a inserir referências. Conteúdo não verificável pode ser removido.—Encontre fontes: ABW  • CAPES  • Google (N • L • A) (Julho de 2010)  Nota: Para o mineral, veja Calcedônia (mineral). Para outros significados, veja Calcedônia. Calcedônia, na Anatólia, durante as Guerra...

 

← 1572 1571 1570 1573 в Україні → 1574 1575 1576 Десятиліття: Див. також: Інші події 1573Список років в Україні Зміст 1 Події 2 Особи 2.1 Призначено, звільнено 2.2 Народились 2.3 Померли 3 Засновані, створені 4 Зникли, скасовані 5 Видання, твори 6 Пам'ятні дати та ювілеї 6.1 Установ та організаці...

 

Urapꦈꦫꦥ꧀Urap sayurNama lainUrab atau Urap-urapSajianHidangan utamaTempat asal IndonesiaDaerahDaerah Istimewa Yogyakarta, Jawa Tengah dan Jawa TimurDibuat olehMasakan JawaSuhu penyajianSuhu ruanganBahan utamahidangan sayuran dengan bumbu kelapa parut  Media: Urapꦈꦫꦥ꧀ Urap (kanan bawah) sebagai teman nasi kuning. Urap tempe dan taoge dengan taburan daun kemangi (kiri) Resep Bumbu Urap-urap Urap (Jawa: urab) adalah hidangan selada berupa sayuran yang dimasak (di...

La halogenación de alquenos es una reacción química en la cual se adiciona un halógeno (generalmente Cl o Br) en cada uno de los carbonos adyacentes que se encuentran unidos por medio de un doble enlace. Reactividad de halógenos En las síntesis de laboratorios generalmente se utiliza bromo o cloro para producir derivados dihalogenados a partir de alquenos; el flúor es demasiado reactivo y difícil de controlar y la reactividad de yodo es muy baja, requiriéndose medios altamente energ...

 

هذه مقالة غير مراجعة. ينبغي أن يزال هذا القالب بعد أن يراجعها محرر مغاير للذي أنشأها؛ إذا لزم الأمر فيجب أن توسم المقالة بقوالب الصيانة المناسبة. يمكن أيضاً تقديم طلب لمراجعة المقالة في الصفحة المخصصة لذلك. (سبتمبر 2021) تران آن هانغ (بالفرنسية: Trần Anh Hùng)‏    معلومات شخصية

 

طب الأسنان   معلومات عامة من أنواع طب،  وتخصص جامعي[1][2]  التاريخ وصفها المصدر الموسوعة السوفيتية الأرمينية،  وقاموس بروكهاوس وإفرون الموسوعي،  والموسوعة البريطانية نسخة سنة 1911  تعديل مصدري - تعديل   طبيب أسنان يعالج مريضا عيادة أسنان طب الأسنان (ب...

Vegetarisme Buddhis adalah praktik vegetarisme dengan porsi yang signifikan dari biksu dan biksuni Mahayana (juga umat perumah tangga) dan beberapa umat Buddha dari sekte lain. Dalam Buddhisme, pandangan tentang vegetarisme berbeda-beda di antara aliran pemikiran yang berbeda. Aliran-aliran Mahayana umumnya menganjurkan diet vegetaris karena Buddha Gautama menetapkan dalam beberapa sutra bahwa para pengikutnya tidak boleh memakan daging makhluk hidup apa pun.[1] Lihat pula Hidangan Bu...

 

This article includes a list of general references, but it lacks sufficient corresponding inline citations. Please help to improve this article by introducing more precise citations. (October 2022) (Learn how and when to remove this template message) This is a list of buildings that are examples of the Art Deco architectural style in the United States. Watts Building, Birmingham, Alabama Pitman Theatre, Gadsden, Alabama Kress Building, Huntsville, Alabama Alabama Building Historic District Lo...

 

Regency in Indonesia Place in Central Java, IndonesiaKlaten Regency Kabupaten KlatenNorth Plaosan Temple Coat of armsMotto(s): Tumenga Tata Anggatra Rahardja (Looking in harmony, building prosperity)Klaten RegencyLocation of Klaten Regency, IndonesiaCoordinates: 7°38′56″S 110°38′9″E / 7.64889°S 110.63583°E / -7.64889; 110.63583CountryIndonesiaProvinceCentral JavaGovernment • RegentSri MulyaniArea • Total655.56 km2 (253.11&#...

Artikel ini bukan mengenai Bahasa Australia. Bahasa diAustraliaUtamaBahasa Inggris AustraliaPribumiBahasa-bahasa penduduk asli Australia, Bahasa Tionghoa Baku (2.5%), Bahasa Arab (1.4%), Bahasa Kanton (1.2%), Bahasa Vietnam (1.2%), Bahasa Italia (1.2%)IsyaratBahasa Isyarat AustraliaBahasa Isyarat Yolngu dan bahasa-bahasa isyarat penduduk asli Australia lainnyaTata letak papan tombolQWERTY L • B • PWBantuan penggunaan templat ini Meski tidak ada bahasa resmi di negara Australia, ...

 

Square in Ramallah, West Bank, Palestine Place Al-Manara, Ramallah en 2015 Al-Manara Square Al-Manara Square (Arabic: ميدان المنارة) is a town square located in Ramallah, West Bank, Palestine. It has been called one of Palestine’s renowned public spaces.[1] History Early history Until the end of the 19th century, the site of al-Manara Square was part of a dirt road that connected Ramallah to the nearby town of al-Bireh. With the establishment of the Friend's Boys School ...

 

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada April 2016. Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada Desember 2008. Daftar p...

Telecommunications in Iraq include radio, television, fixed and mobile telephones, and the Internet as well as the postal system. Radio and television Main article: Media in Iraq The number of private radio and TV stations has increased rapidly since 2003.[1] Iraqis get much of their news from TV. Radio listening has declined in tandem with the rise of TV. For private media, advertising revenues seldom produce a reliable income.[2] Radio stations: government-owned radio statio...

 

Western Operational CommandActive2001–presentCountry BelarusBranchBelarus Ground ForcesTypeCommandGarrison/HQGrodnoCommandersChief of staffColonel Oleg MelnikovNotablecommandersColonel Viktor KhreninMilitary unit Map showing main military units of the Belarusian Armed Forces The Western Operational Command (ZOK) is a command of the Belarus Ground Forces. It is headquartered in Grodno. It is composed of two Mechanized Brigades and an artillery brigade. The command was created in 2001 fr...

 

American singer-songwriter Megan NicoleBornMegan Nicole Flores (1993-09-01) September 1, 1993 (age 30)Katy, Texas, USSpouse Cooper Green ​(m. 2017)​Musical careerGenresPopOccupation(s)Singer-songwriter, actressInstrument(s)Vocals, guitar, pianoYears active2010–presentLabelsHume Records![1] Bad Boy RecordsWebsitewww.megannicolemusic.com Musical artistYouTube informationChannel megannicolesite Subscribers4.09 million[2](October 2023)Total...

Premier League 2014-2015 Généralités Sport football Organisateur(s) Fédération égyptienne de football Édition 58e Lieu(x) Égypte Participants 20 Site web officiel www.efa.com.eg/ne Hiérarchie Hiérarchie 1er échelon Palmarès Tenant du titre Al Ahly SC Vainqueur Zamalek SC Navigation Édition précédente Édition suivante modifier La saison 2015 du championnat d'Égypte de football est la 58e édition du championnat de première division égyptien. Cette saison marque le ...

 

Не следует путать с планером. Основная статья: Конструкция самолёта Передняя часть утилизированного Avro Ashton  (англ.) (рус. Фюзеля́ж (фр. fuselage, от fuseau — веретено) — корпус летательного аппарата. Связывает между собой консоли крыла, оперение и (иногда) шасси. Фю...

 

Book by Lancelot Edward Threlkeld An Australian Grammar... AuthorL. E. ThrelkeldCountryAustraliaLanguageEnglishSubjectAwabakal languageGenreGrammarPublisherStephens and StokesPublication date1834 An Australian grammar : comprehending the principles and natural rules of the language, as spoken by the Aborigines in the vicinity of Hunter's River, Lake Macquarie, &c. New South Wales is a book written by Lancelot Edward Threlkeld and published in Sydney in 1834. It is a grammar of the Aw...

American cowboy poet Charles Badger ClarkBorn(1883-01-01)January 1, 1883Albia, Iowa, U.S.DiedSeptember 26, 1957(1957-09-26) (aged 74)Alma materDakota Wesleyan University (did not graduate)OccupationPoet Charles Badger Clark (January 1, 1883 – September 26, 1957) was an American cowboy poet,[1][2][3][4] and the first poet laureate of South Dakota.[5] Early life Charles Badger Clark was born on January 1, 1883, in Albia, Iowa.[1][6...

 

American baseball player (1917–2009) Baseball player Dom DiMaggioCenter fielderBorn: (1917-02-12)February 12, 1917San Francisco, California, U.S.Died: May 8, 2009(2009-05-08) (aged 92)Marion, Massachusetts, U.S.Batted: RightThrew: RightMLB debutApril 16, 1940, for the Boston Red SoxLast MLB appearanceMay 9, 1953, for the Boston Red SoxMLB statisticsBatting average.298Home runs87Runs batted in618 Teams Boston Red Sox (1940–1942, 1946–1953) Career highli...

 

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!