Қотырот (лат.Scabiosa) – ұшқаттар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзіне таралған 100-ге жуық түрі белгілі.
Ботаникалық сипаты
Биіктігі 30-80 см.
Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қауырсын тілімді, сирек жағдайда бүтін болып келеді.
Гүлдері жұмыр гүлшоғырына бекіген, гүлсидамы ұзын. Тостағаншасы қос қабатты, күлтесінің қысқа түтігі бар.
Жемісі - тұқымша.
Шілде айынан бастап алғашқы үсік түскенге дейін гүлдей береді.
Жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, бірақ суыққа төзімсіз.
Арамшөп ретінде егістікті зақымдайды.
Өсетін ортасы мен таралуы
Орта Азия мен Оңтүстік Еуропада, Кавказда, Сібір мен Қиыр Шығыста 30-ға жуық түрі құрғақ шалғындарда, қиыршықтасты тау баурайларында, сирек жағдайда ормандарда да кездеседі.
Шаруашылықтағы қолданысы
Қотыроттың барлық түрінен жақсы бал алынады.
Гүл шаруашылығында екі түрі қолданылады:
ірі көкшіл гүлдері бар көп жылдық кавказ қотырот (S.caucasica);
түсі әр түрлі барқыт гүлдері бар бір жылдық қара қошқыл қотырот (S.atropurpurea). [1]
Дереккөздер
↑Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!