ҚазақстанҚазақстан
Қарағанды
Ақтоғай
Шашубай
46°48′20″ с. е. 75°02′28″ ш. б. / 46.80556° с. е. 75.04111° ш. б. / 46.80556; 75.04111 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°48′20″ с. е. 75°02′28″ ш. б. / 46.80556° с. е. 75.04111° ш. б. / 46.80556; 75.04111 (G) (O) (Я)
1936
Рыбтрест, Озерный
UTC+5:00
▲2417 адам (2021)
09
Шашубай (2006 жылға дейін – Озёрный)[1] — Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы кент.
Балқаш көлінің солтүстік жағалауында, аудан орталығы – Ақтоғай ауылынан оңтүстікке қарай 216 км, Балқаш қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде орналасқан.
Іргесі 1936 жылы балық аулау станция негізінде қаланған. 1937 жылы Қарағанды - Балқаш темір жолы құрылысы аяқталғаннан кейін мұнда Балқаш мемлекеттік балық өндірісі тресі ашылды. 1939 жылы “Рыбтрест” кенті деп аталды. 1940 жылы базада мұздатқыш салынып, Балқаш балық комбинаты құрылды. 1975 жылы желтоқсанда Озерный кенті болып құрылып, Балқаш қалалық кеңесіне қарады. 1977 жылы Приозерный ауданы құрылып, орталығы Озерный кенті болды (кейін халық ақыны Шашубай есімі берілді). 1993 жылы Тоқырауын ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы Тоқырауын ауданы таратылып, Шашубай кенті Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының құрамына енді. Шаруашылықтың негізгі бағыты — балық аулау. “Балқашбалық” ЖШС-і бар.
Мектеп, клуб, кітапхана, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. мәдени-тұрмыстық мекемелер бар. Белгілі ақын, әнші Шашубай Қошқарбаевқа ескерткіш орнатылған. Ең жақын темір жолы станциясы — Балқаш (5 км жерде).[4][5]
Абай • Айыртас • Ақжайдақ • Ақжарық • Ақсеңгір • Ақтас • Ақтоғай • Ақтұмсық • Ақши • Ақшкол • Беғазы • Дуаншы • Жалаңаш • Жалаңтас • Жетімшоқы • Жидебай • Кенелі • Қарақой • Қарасу • Қаратал • Қасабай • Қошқар • Қуаныш • Нарманбет • Нүркен • Орта Дересін (ауыл) • Орта Дересін (станция) • Сарытерек • Сарышаған • Сәуле • Сона • Тасарал • Үшарал • Шабанбай би • Шашубай