Несие

A.
Несие алуға болатын жер.

Несие (лат. creditum — несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады. Несиесің дамуы ұдайы өндіріс үрдісіндегі капиталдың ауыспалы айналымының заңдылықтарына орайлас келеді: шаруашылықтың белгілі бір телімдерінде уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы бос қалады да, басқаларында оған деген мұқтаждық, яғни несие алу қажеттілігі туады. Капиталдың ауыспалы айналымы негізінде пайда болған уақытша еркін айналымдағы ақша капиталы, халық пен мемлекеттің ақшалай жинақтары несие көзін құрайды.

Несиелік қатынастар жүйесінде несие операцияларын жасау үшін қаражат тартудың да маңызы зор. Мұндай қызмет әр түрлі несиелік қатынастар үшін біркелкі бола бермейді. Айталық, коммерциялық несие кезінде несиегердің сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындамайды, ал банктік несиелеуде сырттан тартылған қорлардың кеңінен пайдаланылуы көзделеді. Экономиканы дамытуда несиенің рөлі маңызды әрі сан салалы. Несие өнімнің өндірілуі, өткізілуі мен тұтынылуы үрдісіне және ақша айналысы саласына әсерін тигізеді, яғни өнімді өндіру мен өткізу үрдістерінін іркіліссіз болуына ықпал етеді, өндірістің маусымдылығына орай туындаған қаражатқа деген ділгірлікті уақытша қанағаттандыруда, өндірісті кеңейтуде үлкен рөл атқарады. Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға септігін тигізеді.

Несие, негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі түрлеріне бөлінеді. Айрықша түрі халықаралық несие Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, несие түрлері несиелеу нысандары мен әдістері бойынша және басқа белгілеріне қарай жіктеледі.

Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады:

  • ұлттық банк несиелері – аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;
  • екінші деңгейдегі банктер несиелері – меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді.

Несие беру қағидаты

Несие беру қағидаты - несиелендіру жүзеге асырылатын негізгі ережер, қағидалар. Оларға несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуі, несиенің тікелей және мақсатты сипаты, оның мерзімділігі, ақы төленетндігі, қайтарылатындығы жатады. Кепілдікпен қамтамасыз етілуі - несиенің кәсіпорында бар материалдық құндылықтар кепілдігімен немесе нақты шығын кепідігімен берілетіндігі. Несиенің мақсатты сипаты - несие атаулының кәсіпорындарға несие жоспарына сәйкес қатаң түрде айқындалған мақсаттар үшін берілетіндігі. Несиенің берілетіндігі мен қайтарылатындығы - несиенің белгілі бір мерзімге берілетіндігі, ол мерзім аяқталғаннан кейін несиенің банкіге қайтарылатындығы. Ақы төленетіндігі - несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу қажеттігі. Несиелендіру шарттарын бұзған кәсіпорындарға тиісті санкциялар қолданылады. Ол сондай-ақ несиені тиімді пайдаланғаны үшн де жауап береді. [1]

Әр клиенттің банкке жүгінуі әрқашан жеке қарастырылады. Несие беруші бәрін бағалайды: сіздің жасыңыз, жұмысыңыз, табысыңыз, отбасылық жағдайыңыз, сіздің меншігіңізде жылжымайтын мүлік немесе көлік құралдары, қарыздарыңыздың болуы және т.б. Мұны «гол» деп атайды.[2]

Несие нарығы

Несие нарығы - қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті несие ресурстары шоғырландырылатын, бөлінетін және қайта бөлінетін нарықтық қатынастардың аясы; түрлі төлем құралдарына сұраныс пен ұсыныс болатын нарық; несие капиталы нарығының бір бөлігі. Несие нарығында ақша ағыны банкілер, қаржы-несие институттары, қор биржалары арқылы жүреді. Дәстүрлі түрде қысқа мерзімді несие капиталдарының нарығы (ақша нарығы), орта және ұзақ мерзімді капиталдар нарығы (капиталдар нарығы), соның ішінде қаржы нарығы түрлеріне жіктеледі.[3]

Несиелендіру тиімділігі

Несиелендіру тиімділігі - несиеге берілетін қаражаттың ұдайы өндіріс үдерісінде пайдаланылу нәтижесі. Өндірістің экономикалық тиімділігінің бір бөлігі болып табылады.[4]

Несие ресурстары

Несие ресурстары - несие беру, салымдарға орналастыру, бағалы қағаздарды сатып лау және басқа банк операцияларын жүзеге асыру үшін кез-келген банк меншікті және сырттан тартылған қаржы көздері есебінен құрайтын қаражат; коммерциялық банкілер теңгерімінің пассив бөлігінде көрсетілетін және осы банкілер несие беру үдерісінде пайдаланатын ресурстардың жиынтық бөлігі. Мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие ресурстарына бөлінеді.[5]

Несиеге қабілеттілік

Несиеге қабілеттілік - несие алу үшін алғышарттардың болуы, оны қайтару қабілетті, яғни қарызгердің несиеге алуға әрі борыш бойынша уақытылы және толық есептеуге қабілетті. Қарызгерді сипаттайтын еөрсеткіштер: оның бұрын алынған несие бойынша есеп айырысу кезіндегі ыждаһаттылығы, оның ағымдағы қаржы жағдайы және келешекте өзгеруі, қажет болған жағдайда әртүрлі көздерден ақшалай қаражатты жұмылдыру қабілеті бойынша айқындалады. Несиеге қабілеттілікті бағалау үшін кәсіпорынның, ұйымның төлем төлеуге қабілетті лігіне, қаржы жөнінен орнықтылығына, активтерінің өтімділігіне талдау жасалды.[6]

Кредит карточкасы

Бөлшек сауда кәсіпорындар желісінде қолма-қол ақша төлеместен тауарлар мен қызметтерді сатып алуға құқық, беретін және онда иесінің шоты бар екеніне куәлік ететін, банкілік немесе арнайыландырылған мекеме эмитент шығарған жеке ақша құжаты.

Кредиттік шарт

Кредит беру шарты мен мөлшерін, кредиттік қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын кредит беруші мен алушы арасындағы шарт. Онда әдетте, кредит валютасы мен мөлшері, оны пайдалану тәртібі, берешекті өтеу мерзімі мен пішімі, пайыздық ставка тіркеледі.

Кредитор

Несие ұсынатын, әлденені қарызға беретін қарыз беруші (ұйым, кәсіпорын немесе жеке тұлға).

Кредиторлық берешек

Өнім берушілермен есептесу кезінде пайда болатын берешек; кәсіпорынның ақша айналымында, кредит берушінің қаржысын уақытша пайдалану.[7]

Несиенің қамтамасыздандырылуы

Несиенің қамтамасыздандырылуы - несие беруші үшін несиеге алынған қаражатты борышқордың толық және дер кезінде қайтаруының және оның тиісті пайызды төленуінің кепілі ретінде пайдаланылатын тауар-материалдық құндылықтар және өндіріс шығыны. Несиені қамсыздандыру тетігі несие берудің негізгі бір қағидатының нақты көрінісі болып табылады.[8]

Талап етілмелі несие

Талап етілмелі несие - банк несиесінің бір түрі, мұнда пайдалану мен өтеудің күнібұрын белгіленген нақты мерзімі жоқ және оны қарызгер кез-келген уақытта қайтаруы мүмкін немесе несиегер банк кез-келген уақытта алдын ала ескертпей немесе қысқа мерзімде хабарлар талап етуі мүмкін. Сондықтан да оны талап етілмелі несие деп атайды. Өйткені қарыз алушы несиені несие берушінің алғашқы талап етуі бойынша өтейді. Банкілер валюталық брокерлерге, дилерлерге және клиенттерге береді. Әдетте, вексельдермен, бағалы қағаздармен және тауарлармен қамтамасыздандырылғанда беріледі. Онколдық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме мерзімдік несие бойынша пайыздық мөлшерлемеден гөрі төмен.[9]

Микрокредиттер

Микрокредит – жеке немесе заңды тұлға микроқаржы ұйымынан немесе басқа қаржы институтынан несиеге ала алатын шағын ақша сомасы. Бұл несиелер әдетте қысқа мерзімді, көбінесе бірнеше апта немесе айға беріледі және шұғыл қаржылық қажеттіліктерді жабуға арналған.[10]

Микронесиенің негізгі белгілері

  1. Шағын сома: Микрокредиттер әдетте салыстырмалы түрде аз ақша сомасына беріледі. Әдетте бұл бірнеше мыңнан бірнеше ондаған мың рубльге дейін. Бұл қарыз алушыларға ірі көлемде несие рәсімдеудің күрделі процедурасынан өтпей-ақ, қажетті ақшаны жылдам алуға мүмкіндік береді.
  2. Қысқа мерзімді: Шағын несиелер қысқа мерзімді пайдалануға арналған. Әдетте несие бірнеше апта немесе ай ішінде өтелуі керек. Бұл қарыз алушыларға қаржылық қажеттіліктерін жылдам жабуға және қарызды өтеу үшін ұзақ уақыт күтпеуге мүмкіндік береді.
  3. Минималды талаптар: Шағын несиелердің негізгі артықшылықтарының бірі олардың барлығына дерлік қолжетімді болуы. Микронесие алудың формальдылығы мен талаптары әдетте минималды. Көбінесе сізге тек төлқұжат деректері мен кірісті растау қажет.
  4. Жылдам мақұлдау және беру: Шағын несиелерді жылдам бекіту және беру процесі бар. Шағын несие алуға өтінішті бірнеше минут ішінде қарап, мақұлдауға болады. Онлайн микроқаржы ұйымдары жиі ыңғайлы онлайн өтінім нысандарын ұсынады, бұл микронесие алу процесін одан да ыңғайлы және жылдам етеді.
  5. Несие тарихын тексеру жоқ: Шағын несие алу үшін әдетте қарыз алушының несие тарихын тексеру талап етілмейді. Бұл микрокредиттерді дәстүрлі банктік несиелерден ерекшелендіреді, мұнда несие тарихы өтінішті қарау кезінде маңызды рөл атқарады. Соның арқасында тіпті қолайсыз несие тарихы бар адамдар да шағын несие ала алады.
  6. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер: Микрокредиттерде дәстүрлі банктік несиелермен салыстырғанда әдетте жоғары пайыздық мөлшерлемелер бар екенін атап өткен жөн. Себебі, шағын несиелер қысқа мерзімге беріледі және қарыз алушыны кешенді тексеруді қажет етпейді. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер несиелеудің осы түріне байланысты тәуекелдердің өтемі болып табылады.
  7. Шағын несиені пайдалану: Шағын несиелерді әртүрлі мақсаттарда пайдалануға болады. Олар күтпеген медициналық шығындарды жабуға, коммуналдық төлемдерді төлеуге, көлікті жөндеуге немесе тіпті қажетті заттарды сатып алуға пайдалануға көмектеседі. Күтпеген қаржылық қиындықтарды болдырмау үшін шағын несиелерді жауапкершілікпен пайдаланып, уақытында өтеу маңызды.


Несие рейтингі

Несие рейтінгі - қарызгердің несиені қайтаруға қабілеті мен төлем төлеуге қабілетін кешенді түрде бағалау. Арнайы есептелетін жиынтық индекс арқылы айқындалады. Рейтингілік несие агенттіктері мен банк қызметтері жүргізетін индекстің есебі рәсімделген, сараптамалық немесе аралас сипатта болуы мүмкін.Рейтингілік агенттіктер беретін халықаралық несие рейтингі негізінен облинациялардың, ең алдымен корпоративтік облигациялардың инвестициялық сапасы мен тәуекелін бағалау үшін пайдаланылады. Тұтас елге берілетін несие рейтінгі егеменді тәуекелдің деңгейін көрсетеді. Егеменді тәуекел елдің саяси, экономикалық және қаржылық тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады.[11]

Несие мониторингі

Несие мониторингі - несие ұйымының несие қоржынының жай-күйін қадағалау жүйесі. Шарттарда уағдаласылған несие талаптарының орындалуын талдаулы, бағалауды, болжауды қамтиды. Несие мониторингінің мақсаты - негізгі борыштың мерзімінде өтеулі, несие бойынша пайыздың төленуін қамтамасыз ету.[12]

  1. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы экономика институты
  2. Несие шарттары немен байланысты? Мұрағатталған 8 қазанның 2019 жылы.
  3. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
  4. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
  5. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
  6. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
  7. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
  8. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
  9. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
  10. Шағын несие дегеніміз не?
  11. Қаржы-экономика сөздігі. Алматы
  12. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Read other articles:

This article includes a list of general references, but it lacks sufficient corresponding inline citations. Please help to improve this article by introducing more precise citations. (October 2013) (Learn how and when to remove this template message) Mumbai Central–Hisar Duronto ExpressOverviewService typeDuronto ExpressFirst service3 April 2011; 12 years ago (2011-04-03)Current operator(s)Western RailwaysRouteTerminiMumbai Central (MMCT)Hisar Junction (HSR)Stops3Distance ...

Plattegrond van Abydos, met rechtsonder de oude stad met de 'tempel van Osiris'. De Tempel van Osiris-Chentiamentioe was een tempel in Abydos, Egypte gewijd aan Chentiamentioe en later aan Osiris. Momenteel is het een grafheuvel. Locatie De plaats waar de tempel heeft gestaan is in het noorden van Abydos, de grafheuvel heet tegenwoordig Kom El-Sultan. In de buurt van de tempel van Osiris-Chentiamentioe bevinden zich een aantal historische bouwwerken zoals: de Shunet el-Zebib, de diverse (ritu...

يفتقر محتوى هذه المقالة إلى الاستشهاد بمصادر. فضلاً، ساهم في تطوير هذه المقالة من خلال إضافة مصادر موثوق بها. أي معلومات غير موثقة يمكن التشكيك بها وإزالتها. (ديسمبر 2018) كَرم غصوني قرية تابعة لمحافظة اللاذقية وناحية بيت ياشوط في منطقة جبلة. تتميز هذه القرية بوقوعها على الطر...

Artikel ini sebatang kara, artinya tidak ada artikel lain yang memiliki pranala balik ke halaman ini.Bantulah menambah pranala ke artikel ini dari artikel yang berhubungan atau coba peralatan pencari pranala.Tag ini diberikan pada Februari 2023. ZoneMinderRilis perdana25 September 2002; 21 tahun lalu (2002-09-25)[1]Rilis stabil1.36.33[2] / 24 Februari 2023; Galat: first parameter cannot be parsed as a date or time. (24 Februari 2023) Repositorigithub.com/ZoneMinder/z...

ラストロープヌイРасторопный 1994年7月1日、バルト海上を進むラストロープヌイ 艦歴 起工 1986年8月15日 第190造船工場 所属 ソ連海軍北方艦隊 ロシア海軍北方艦隊 進水 1988年6月4日 竣工 1989年12月30日 要目 艦種 駆逐艦 艦型 956 「サルィーチ」設計 工場番号 872 排水量 基準排水量 6500 t 満載排水量 7940 t 全長 156.37 m 全幅 17.19 m 喫水 7.79 m 機関 蒸気タービン2 基 99500 ...

Сергій Черненко Народився 16 лютого 1984(1984-02-16) (39 років)м. Київ, СРСР Зріст 190 см Вага 92 кг Позиція центральний нападник Кидок правий Клуб РХЛКол. команди «Дунеря» Галац«Крижинка» (Київ)ХК КиївКрамфорс-АльянсесЛунгвіксХК ДунауйварошКомпаньйон-Нафтогаз Київ Нац. збірна  У...

此條目没有列出任何参考或来源。 (2011年2月4日)維基百科所有的內容都應該可供查證。请协助補充可靠来源以改善这篇条目。无法查证的內容可能會因為異議提出而被移除。 《简明不列颠百科全书》(英語:Micropædia)是《大英百科全書》中的三個部分之一(另兩部分為《百科詳編》、《百科類目》),在第十五版的《大英百科全書》開始出現,「Micropædia」是從古希臘文中...

2010 ESPN special presentation The DecisionPresented byStuart Scott, Michael Wilbon, Jon Barry, Chris Broussard, Jim Gray[1][2][3]ProductionProduction locationsGreenwich, Connecticut, U.S. (Interview segments) Bristol, Connecticut, U.S. (In-studio segments)[4]Running time75 minutesOriginal releaseNetworkESPNReleaseJuly 8, 2010 (2010-07-08) The Decision was a television special on ESPN in which National Basketball Association (NBA) player LeBron J...

110th Boat RaceDate28 March 1964 (1964-03-28)WinnerCambridgeMargin of victory6+1⁄2 lengthsWinning time19 minutes 18 secondsOverall record (Cambridge–Oxford)61–48UmpireK. M. Payne(Cambridge)Other racesWomen's winnerCambridge ← 1963 1965 → Oxford versus Cambridge rowing race The 110th Boat Race took place on 28 March 1964. Held annually, the event is a side-by-side rowing race between crews from the Universities of Oxford and Cambridge along the Rive...

Mark Knopfler discographyMark Knopfler in Chicago, 2006Studio albums9Compilation albums2Music videos2EPs2Singles22Soundtrack albums9Collaborative albums3Produced albums5Other appearances10 The Mark Knopfler discography consists of recordings by British singer-songwriter and guitarist Mark Knopfler, not including his work with Dire Straits. Knopfler began recording apart from Dire Straits in 1983, when he released his first soundtrack album Local Hero. That same year he produced his first albu...

Ongoing COVID-19 viral pandemic in Oman COVID-19 pandemic in OmanTotal confirmed cases by governorates per 100,000 inhabitants as of 4 June 2020   +1   +50   +100   +200   +500   +700 Total confirmed cases by governorates as of 4 June 2020   +1   +100   +500   +1,000   +5,000   +10,000 DiseaseCOVID-19Virus strainSARS-CoV-2LocationOmanFirst outbreakWuhan, Hubei, Chi...

Disaster in Afghanistan 2022 Salang Tunnel fireInterior shot of the tunnel taken in November 2013ExplosionDate18 December 2022Time20:30 AFT (UTC+04:30)LocationSalang Tunnel, AfghanistanCoordinates35°18′36″N 69°02′33″E / 35.3100°N 69.0425°E / 35.3100; 69.0425TypeFuel tanker explosionDeaths31Non-fatal injuries37 On 18 December 2022, a tanker truck exploded in the Salang Tunnel in Afghanistan, killing at least 31 people. Background The Salang Tunnel was b...

SMA Negeri 8 PandeglangInformasiJenisNegeriKepala SekolahNIP:Jumlah kelaskelasJurusan atau peminatanIPA dan IPSRentang kelasX IPA, X IPS, XI IPA, XI IPS , XII IPA, XII IPSKurikulumKurikulum Tingkat Satuan PendidikanJumlah siswasiswa (2012/2013)Kelas 1 = Kelas 2 = Kelas 3 =‎NEM terendah(2008)NEM tertinggi(2008)Nilai masuk rata-rata(2008)AlamatLokasi, Pandeglang, Banten, IndonesiaTel./Faks.0253 -Lain-lainLulusanOrangMotoLuas tanah = M2 Luas bangunan = M2 SMA Negeri (SMAN) 8 Pan...

Type of symbol worn for public humiliation, ostracism or persecution A medieval Mask of Shame, or scold's bridle A badge of shame, also a symbol of shame, a mark of shame or a stigma,[1] is typically a distinctive symbol required to be worn by a specific group or an individual for the purpose of public humiliation, ostracism or persecution. The term is also used metaphorically, especially in a pejorative sense, to characterize something associated with a person or group as shameful.&#...

Segment in a ice dancing competition Tessa Virtue and Scott Moir perform their flamenco original dance, earning the highest recorded score, at the 2010 World Championships The original dance (OD) was one of the programs performed by figure skaters in ice dance competitions, in which the ice dancers skated a dance of their own creation to dance music they have selected for the designated rhythm(s).[1] It was normally the second of three programs in the competition, sandwiched between t...

Thirteenth Major Arcanum Death card redirects here. For the playing card, see Ace of spades. Death, Rider–Waite–Smith tarot deck Death (XIII) is the 13th trump or Major Arcana card in most traditional tarot decks. It is used in tarot card games as well as in divination. The card typically depicts the Grim Reaper, and when used for divination is often interpreted as signifying major changes in a person's life. Description Some decks, such as the Tarot of Marseilles and the Visconti Sforza ...

Proprietary simultaneous multithreading implementation by Intel This article is about Intel's proprietary SMT implementation. For the application protocol, see Hypertext Transfer Protocol. In this high-level depiction of HTT, instructions are fetched from RAM (differently colored boxes represent the instructions of four different processes), decoded and reordered by the front end (white boxes represent pipeline bubbles), and passed to the execution core capable of executing instructions from ...

1980 Australian filmHard KnocksFilm posterDirected byDon McLennanWritten byHilton BonnerDon McLennanStarringTracy MannBill HunterMax CullenTony Barry Kirstie GrantProductioncompanyUkiyo FilmsRelease date 1980 (1980) CountryAustraliaLanguageEnglishBudgetAU $33,500[1] Hard Knocks is a 1980 Australian film directed by Don McLennan. Production Director Don McLennan got the idea to make the film from a story in the newspaper about an ex-prisoner who becomes a model. He wrote a script ...

2011 single by Jay ParkDemonSingle by Jay ParkReleasedSeptember 5, 2011 (2011-09-05) (South Korea)Recorded2010GenreHip hop, R&BLength3:09LabelYedang CompanyLOEN Entertainment (distribution)Songwriter(s)Teddy Riley, Jay ParkProducer(s)Teddy RileyJay Park English singles chronology Speechless (2010) Demon (2011) Music videoDemon on YouTube Demon is a song by Korean-American singer, Jay Park. It was first released as a digital single on September 5, 2011 in South Korea, ...

GomitDesaKantor Kepala Desa GomitNegara IndonesiaProvinsiSumatera UtaraKabupatenDairiKecamatanSiempat NempuKode pos22261Kode Kemendagri12.11.04.2011 Luas... km²Jumlah penduduk... jiwaKepadatan... jiwa/km² Gomit merupakan salah satu desa yang ada di kecamatan Siempat Nempu, Kabupaten Dairi, provinsi Sumatera Utara, Indonesia. Pemerintahan Desa Gomit terdiri dari Dusun Gomit, Gunung Tua, dan dusun lainnya. Sosial Kemasyarakatan Suku Demografi berdasarkan Marga di Desa Gomit[1] &#...