Патриоттық немесе Патриоттар (қыр. Мекенчил), ресми атауы — «Патриоттық» саяси партиясы (қыр. «Мекенчил» саясий партиясы) — Қырғызстанның популистік және оңшыл саяси партиясы. Партияны Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаров басқарады.
Тарихы
Партияны 2010 жылы Садыр Жапаров пен Қамчыбек Ташиев құрды[1]. Партияның Ата-Жұрт партиясымен жақсы қатынасы болды.
Жапаров 2013 жылдың қазан айында түрмеге жабылғанға дейін «Мекенчил» партиясының де-факто жетекшісі қызметін атқарды. 2017 жылы екінші рет тұтқындалып, адам ұрлау айыпымен бірнеше жылға тұтқындалуына қарамастан, Жапаров партия жетекшілерінің бірі болып қала берді. 2020 жылдың қазан айында партия Ташиев жетекшілігімен 2020 жылғы парламенттік сайлауға қатысты.
2020 жылғы Қырғызстандағы сайлау нәтижелерінің жойылуына әкелген наразылық акцияларынан кейін Жапаров түрмеден босатылды. 2020 жылы 10 өкітәбір күні Жапаров премьер-министр болып сайланды. Сауранбай Жиенбековтың отставкасынан кейін Жапаров президент қызметінің орындаушысы болды. Жапаровтың билігі басталған салысымен партияның мүшелері жаңа лауазым алып (соның ішінде 16-шы өкітәбір күні Ұлттық Қауіпсіздік Мемлекеттік комитетінің басшысы болған Ташиев) және Мекенчилдің қырғыз саясатындағы жалпы рөлі үлкейді.
2021 жылы 23 ақпан күні Мекенчил партиясының 2021 жылғы парламенттік және жергілікті сайлауларда қатыспағаны жарияланды.[2]
Сайлау нәтижелері
Президент сайлаулары
Парламент сайлаулары
Дереккөздер