Ұлтшылдық

Ұлтшылдық (кейде Национализм, ағылш. Nationalism) — саяси және ұлттық бірліктер сәйкес келуі керек дейтін, ұлттық бірлік пен дамуға талпынатын, ұлттық идентити мен құқықты қорғайтын саяси принцип.

Ұлтшылдық идеологиясы бойынша ұлт пен ұлттық мемлекет әлеуметтік-саяси ұйымдасудың ең заңды әрі қалаулы бірліктері болып табылады және осы бойынша бүкіл әлеммен қабылдану керек. Адамдар игілікке, тұрақтылыққа, бақытқа тек ұлт құрамында, ұлттық мемлекеттерде қол жеткізеді деп түсіну қалыптасқан. Тарихи тұрғыдан бұл халықтың мемлекетпен байланысы біртіндеп саяси құрылымның бұрынғы түрлерін тықсырып шығарды. Басқа жағынан, ұлттық мемлекет идеалына тек онда бір ұлт қалған жағдайда жетуге болады. Ұлтшылдық мемлекеттілік институтын нығайтты.[1]

Ұлтшылдық - географиялық және кейбір елдерде демографиялық аймақтың маңыздылығын анықтайтын және сонда бірге тұратын халықтың ортақ салт дәстүріне және/немесе ұлысына тәуелсіздікті қалайтын ортақ топтық сезім. Басқа сөзбен, ұлтшылдық - жеке адамның өз ұлтына қарата мақтаныш және жауапкершілік сенімі немесе дамыту және құқық қорғау идеологиясы деп айтуға болады. Ұлтшылдық ұлттық сәйкестендіруді тұспалдайды, оған қарама-қарсы патриотризм әлеуметтік шарттастықты және мемлекеттің қадамдары мен шешімдерін қолдайтын жеке адамның мінез-құлқын білдіреді.

Саяси немесе әлеуметтік көзқарастардан қарағанда, ұлтшылдықтың пайда болуы туралы және оның негізгі ұғымдары туралы екі көзқарас бар. Бірінші, примордиалистік көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтын бөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды. Келесі, модернистік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды.

Осы екеуіне альтернативтік көзқарас ортақ теориясында табылады. Осы теория бойынша ұлтшылдықтың құрылысы біздің заманымыздан шыққан, бірақ оның мағынасы мен cубъективті қамтуы примордиалистік сезімдеріне байланысты.

Ұлт - сөзінің өз мағыналары өте көп, сондықтан ұлтшылдық деген сөздің бірнеше бағыттары бар.

Кейбір мемлекеттерде азаматтық тек қана бір этникалық, мәдени, діни, немесе өздерін жеке куәландыратын топқа қана жататын ұғым. Алайда, мемлекет көпұлттық саясатты енгізсе ұлттық азшылықтар өздерінің ұлттық жеке қасиеттерін еркін түрде білдіре алады. Тарихи даму тұрғысынан, ұлттық бірегейлік қабылдануы ықпалды топтардың, олардың белгіленген әлеуметтік тапсырыс және олардың мүшелерінің сол әлеуметтік тапсырыстың тәжірибесі арасындағы сәйкессіздіктен, қалыптасқан дәстүрлі ұғымдарымен қанағаттандырылмағанның нәтижесінде болған, өз жағынан бұл жәйт ұлтшылдар шешуге тырысатын аномия жағдайға келтірді. Аномия нәтижесінде қоғам немесе қоғамдар біріккен бірлестікті құру үшін өздерінің жеке ұғымдарын жаңадан талдайды да оның ішінде жарамды элементтерін қалдырады, ал жарамсыз элементтерін жояды. Бұл даму ішкі құрылымдық мәселелерінің нәтижесінде немесе бар топтың немесе топтардың басқа қоғамдастықтарға қарай нараз болуынан, әсіресе оларды шетелдік державалар басқаратын болса немесе басқарады деп ойласа, пайда болды.

1983 жылы бұл анықтаманы Э. Геллнер ұсынды және ол әлі күнге дейін қолданыста. Көрсетілген "бірліктер" ұлттық мемлекет пен ұлтқа сәйкес келеді. Бұл идеалға жетудің екі негізгі жолы бар.

  • Біріншіден, мемлекет халқын азаматтарға айналдыру. Азаматтық ұлтшылдықтың бұл түрінде азаматтық ұлтпен сәйкес келеді, ал, азаматтар жиынтығы ұлтпен сәйкес келеді. Осылайша, мемлекет ұлттық мемлекетке айналады.
  • Екіншіден, этникалық ұлтшылдық шеңберінде белсенді топ діні, тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен анықталатын этникалық шығу тегіне негізделген ұлттық қозғалыстар құруы мүмкін. Ұлтты құрушылардың айтуынша, ұлтты қандай да бір этнос құрамына кіретіндер (кіреді деп саналатындар) құрайды. Егер халықтың осы бөлігі бұл көзқараспен келіссе, ол ұлтқа айналады.[2]

Ұлттық ту, ұлттық әнұран және басқа ұлттық рәміздер ұлттық қоғамадастықтың өте маңызды бейнелері деп саналады.

Тарихы

Ұлттық сана сезімнің өсуі бірнеше символикалық жолдарда көрсетілді, мысалы ұлттық тудың қабылдануы. Суретте, Әлемнің қазіргі заманғы мемлекет деген кітаптің 1704-ші жылғы редакциясындағы Шотландтық Одақ Туы.

18-ші ғасырдағы Англияда ұлттық қоғамдық саланың пайда болуынан және кешенді, ел-кең экономиканың пайда болуынан, ағылшын адамдар олардың отбасыларымен, қала немесе провинцияларымен ұқсататынын тоқтатты, енді олар бүкіл елмен анықтауды бастады. Танымал патриоттық ұлтшылдық ерте пайда болды, шамалы 18-ші ғасырдың ортасында, оны дамыту үшін Британдық үкімет және сол уақыттағы жазушылар мен зиялылар белсенді үлес қосты. Ұлттық рәміздер, әнұрандар, аңыздар, тулар мен мысалдар ынталы құралып, қабылданды. Одақ туы бір ұлттық ретінде қабылданды; Томас Арне «Rule, Britannia!» (“Басқар, Британния!”) деген патриоттық әнін 1740-шы жылы жазды, және карикатурашы Джон Арбутнот ағылшын ұлттық рухың бейнесі ретінде Джон Булл деген кейіпкерді 1712-ші жылы ойлап тапты.

18-ші ғасырдың аяғында Американдық және Француз революцияларының кесірінен саяси селкілдіктер патриоттық ұлтшылдықтың ықпалын таратуын күшейтті. Ультра-ұлтшылдық саяси партиялары Француз революциясынан кейін Франция жерінде таралды.

Пруссияда туған Йоханн Готфрид Гердер (1744-1803жж.), осы жаңа діннің түрінде пайғамбар болған және ұлтшылдық деген жаңа ұғымды еңгізген. Гердер немістердің сана сезімінде өздерінің тамырларымен мақтаныш сезімін тудырды және халыққа жолдауында тіл туралы сөйледі, өйткені оның ойынша тіл ұлттың ойын және мәдениетін көрсетеді. Ол ұлт және отан сүйгіштік деген түсініктерге аса үлкен мағына беріп отырды – "патриоттық рухын жоғалтқан адам өзін және өз туралы бүкіл әлемдерді жоғалтты", "белгілі бір мағынада әрбір адамның жетілдіруі ұлттық " деп оқытқан.

Ұлтшылдықтын саяси дамуына және халық егемендігі үшін соққы болған Еуропадағы ұлттық/этникалық революциялардың басталуы, мысалы 1821-1829 жылдардың арасындағы Грекия тәуелсіздік соғысы. Сол кездерден бастап, ұлтшылдық тарихтағы ең мықты саяси және әлеуметтік күштерінің бірі болды, бәлкім ең көріңкі ықпалы Бірінші Дүниежүзілік әсіресе Екінші Дүниежүзілік соғыстарында білінді. Ұлтшылдықтың ұғымдары сауаттылық, білім және байланыс құралдар арқылы таралды: Бенедикт Андерсон айтқандай "Белгілі бір тіл емес, баспасөз тілі ұлтшылдықты ойлап шығарады"

Себептері

Ұлтшылдықтың пайда болуының себептерін екі басты ойшылдар тобы зерттейтін:

1 модернисттік көзқарас ұлтшылдықты, өзінің бар болуы үшін қазіргі қоғамда құрылымдық жағдайлардың болуын талап ететін, жаңа құбылыс деп санайды

2 примордиалисттық көзқарас ұлтшылдықты ежелгі эволюциялық беталыс жағынан көріп, адамдар туған туыстан құрайтын бөлек топтарға бөлінеді деген ойды қолдайды

Роджер Мастерс Саясат Негіздері (1989ж.) деген еңбегінде ұлтшылдықтың түсініктері, модернисттік және примордиалисттық, екеуі де адамның немесе топтың ұлттық ұғымындағы ортақ мүдделерінің үш деңгейі бар екенінде келіседі:

1 топ аралық деңгейде, адамдар бәсекейлестік немесе жанжал жағдайға түссе басқа топтарға шабуыл жасау үшін немесе өз тобын агрессиялық топтардан қорғау үшін бір топқа бірігеді

2 топ ішіндегі деңгейде, жеке күшімен қиын болғандықтан, адамдар бір бірімен ынтымақтастық құрып, ортақ мүдделерді қорғайды, сонда топқа жататын адамдар пайда көреді

3 жеке адам деңгейде, басқа адамның жарамдылығы туралы пайдакүнем ойлап, не түйсіксіз не әдейі, өзінің қорғаныс ойларының нәтижесінде топты құруға уәждейді

Этникалық немесе ұлттық топтардың мәдениетінің дамуында көсбасшылық немесе элита топтардың жүріс-тұрысы, әсірісе айтылған топтардың мобилизация кезінде көсбасшылық топтар өз жарамдылығын сынайтын кезінде, маңызды ықпал етеді.

Примордиалисттық түсіндіру

1821-ші жылдан бастап, Грекия тәуелсіздік соғысы Осман империясының билігіне қарсы грек ұлтшылдар тарапынан көтеріліс ретінде бастады.

Примордиалисттық көзқарас эволюция теориясында құрылған. Ұлтшылдықтың эволюциялық теориясы, эволюция нәтижесінде адам өзін әр түрлі топтармен, ұлттың негізіне жататын этникалық немесе басқа топтармен, байланыстырғандықтан ұлтшылдық дамыған деп ойлайды. Роджер Мастерс Саясат Негіздері-нде этникалық және ұлттық топтардың құрылуын примордиалисттық түсіндірумен көрсетеді: топтың ішіндегі байланыс қайталанбас, эмоциялық, зор және ұзақ болады, өйткені ол туытсық қарым-қатынаста құрылған және ортақ ата-бабаларымен ынталандырылған.

Ұлтшылдыққа примордиалисттық эволюциялық көзқарас Чарльз Дарвинның, кейін Джон Тооби мен Леда Космидес жетілдірген, эволюциялық теориясынан жаралған. Эволюция теориясындағы түйінді ойы - бүкіл биологиялық ағзалардың анатомиялық ерекшеліктері және оларға тән мінез-құлық үлгілері өзгерістерден өтеді. Дарвинның табиғи іріктеу теориясы ағзалардың эволюциялық өзгерістердің механизмы болып, адам қоғамдардың дамуын, ерекше айтқанда қоғамдардың мүшелерінің психикалық және психологиялық белгілерінің дамытуын, суреттейді.

Психикалық және психологиялық белгілерінің эволюциялық дамуына қатар, Дарвин және басқа эволюциялық теоретиктар қоршаудың тәртіпке әсер ететіне ерекше көңіл аударды. Біріншіден, ата-бабалар ежелгі кезден тұратын аймақтар болады, олар адамның немесе топтың психикалық күйіне, мұра ретінде келіп немесе отбасының және туыстардың арасында жүргеннен кейін, әсер етеді де нақты мінез-құлықтың дамуына келтіреді. Ұлттық топтарда ата-бабалардың қоршаған орталарының болуы патриоттық қозғалыстарды жарату сияқты психологиялық ниеттерге себеп болады. Дереу орталар деп аталатын жағдайлар кезек болса, олар адамда немесе топда сол жәйттарға сай психикалық жауаптарды тудырады. Ұлттық топтардың үлгісін алсақ, ұлттың шекарасына жақын шетел әскер дайындықтарды байқаса, ұлт өкілдері қосылып, өзінің әскери күштерін шетелге қарсы көтеруі мүмкін. Нақты орталарда адамдар дереу емес шынайы немесе ойдан шығарылған жағдайлар мен бірге дереу жағдайларды ажыратады, сонымен адам жие кездестіретін субъективтік және объективтік компоненттерден құралған жәйттар адам шешімдеріне әсер етеді. Нақты орталардың өздері адамды, сол кездегі және келешекте болуы мүмкін жағдайларға қаратқызып, шешім қабылдауға мәжбүр етеді. Ұлт және ұлтшылдық саясаттардың мәнмәтінінде, саяси көсбасшының қолы қойылған халықаралық шарт негізінде мейірімді тілекпен емес бірақ көсбасшының өз еліне келешекте пайда әкелер деп сеніміне байланысты немесе ұлттың абыройы көтерледі деген үмітпен қабылданғаны мүмкін. Өз жағдайларымен риза емес елдердің саясаттарында нақты ортаның рөлі бар (мысалы, осыған ұқсас, адам немесе топ өзін пайдаланған болып сезсе және оны ашық білдіртсе, бұл жағдайға шешім табылады, алайда бұны ашық айтпай жүре берсе, олардың мәселесіне ешкім мән бермейді). Басқа елдердің қасерінен, өзінің жағдайын ұнатпайтын елдер ұлтшылдықты анықтайтын нақты ортаның әсеріне түседі.

Ұлтшыл мен либералдық қысымдар 1848-ші жылдардың Еуропалық революцияларына әкелді

Бұл көптеген тарихи жағдайларда кездеседі, мысалы Американдық және Француз революциялары. Кезінде өздерінікі болғанын қайтару үшін, өз даралығын, салт-дәстүрлерін жоғалту қорқыныш және экономикалық теңсіздік, адамдардың бірлестіруіне себеп болды. Мемлекет жасамау керек әрекеттерін істесе де істемесе де, мемлекеттің тұрғындары ол олардың екенін анық білді, кем болғанда олар оның екенін білді. Мемлекет олардан не талап ететінін білді, және олар өз борыштарын құқықтарының бір шарты ретінде қабылдады. Демек, олар міндеттердің және құқықтардың негізгі алаңдарын білді. Қысқаша, жеке және топтық ұмтылуға жол ашқан ұжымдық қызығушылық пен мақсаттың басым болуы. Осы сезімнің жоғалтуы біздің сияқты қоғамымыз үшін ауыр қаза болар, өйткені оның орнына әлі ештене табылмады.

Пьер ван ден Берг Этникалық Феномен-де (1981ж.) этностың және этникалық топ ішіндегі отбасындағы биологиялық арақатынас, туыстықтың, ұлттық ұғымы үшін маңыздылығына ерекше көңіл аударады. Ван ден Бергтін айтуы бойынша, отбасылық сезімдер ұзақ, зор, эмоциялық және келістілік байланыстарды тудырады, олар этникалық топтың ішінде пайдалынады. Ван ден Берг генетикалық қарым-қатынасты отбасылық топтардың арасындағы ұзақ қатынастары үшін негізі деп санайды, өйткені генетикалық байланыс алып тасталынбайды және ұрпақтан ұрпаққа таратылып кете береді. Ван ден Берг ортақ ата-текті этникалық топтардың арасындағы шекаралардың негізі ретінде көреді, себебі көбінесе адам этникалық топқа қосылмайды, ол оның ішінде туылады. Бергтің ескертуі бойынша, туыстық қатынастың сезімі және ниеттестігі шынайы туыстықты талап етпейді, биологияда емес, сезімде қана құрылған қатынастардың болуы да мүмкін. Осымен қатар, ондай этникалық ынтымақтастық сезімдер көбінесе шағын, тұтас топтарда пайда болады, алайда үлкен және таралған топтарда бұндай байланыстар аз болады.

Примордиалисттық эволюциялық теориясының функционалисттық түсіндірмелері бар. Функционалисттардың айтуы бойынша, адамдар немесе топтар арқылы табылған ресурстардың үлестіруі көп уайым туғызғандықтан, этникалық және ұлттық ұйымдар пайда болды. Бұл мәселе клан топтың құрылуымен шешілді. Клан өз қатарына кім кіретінін және ресурстардың үлестіруін шектерін белгілейді. Функционалисттық талдау этникалық және ұлттық ұйымдарының жасалуына генетикалық туыстықты талап етпейді де басқа да себептерді қабылдайды. Бірінші себебі, осы ұйымдар өзінің ерекшелігі мен бірлігін отбасылық және туыстық лимиттардан арттырады, өйткені өзара альтруизм, бір-біріне көмектескендіткен екеуіне де пайда тигізеді. Осы беталысты өзінің Ынтымақтастықтың Эволюциясы (1984ж.) деген кітабінде Роберт Аксельрод баяндап берді. Екіншіден, адамдардың бірлескеніне себеп болатын қорғаныс және тірі қалу мәселелері. Бір одақтың басқа жау одағынан қорқынышы, адамдар арасындағы ниеттестікті ұлғайтады. Соғыстың Генетикалық Тұқымы (1989ж.) деген кітапта, авторлары Р. Пауль Шоу және Юва Вонг алдында айтылған феноменды ксенофобияның бастамасы деп ойлайды; ксенофобияны аңшы жинаушы қоғамдарда бірінші пайда болған деп санайды.

Модернисттік түсіндіру

Модернисттердің ойы бойынша, ұлтшылдықтың және ұлт құру барысының қазіргі заманның мемлекеттерінде дамыған және гүлдегені үшін келесі шарттар керек: индустриялдық өзін-өзі қамтамасыз ететін экономикасы, өзінің билігін және қоғамның біртұтастығын сақтай алатын ортақ жоғарғы өкімет, орталықтандырылған тіл немесе кішірек топтардың ішінде көпшілігі түсінетін орталықтандырылған тіл. Модернисттіктердің ескертуі бойынша, осы жағдайдың мүмкіншілігі тек қана қазіргі заманның қоғамында бар, өйткені дәстүрлі қоғамда: қазіргі уақытқа сай индустриялдық мықты экономикасы жоқ, бөлінген бишілік, бірнеше тілдердің болуы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың құруына кедергі болады.

Халықтардың құрылуына буржуазиялық көтеріліс және индустриалдық экономика керек деп Карл Маркс жазған. Қазіргі заманғы мен дәстүрлі салыстырмасын Маркс Индиядағы Британдық колониалдық билігіне қолданды. Индия үшін Британдық билігі жақсы деп ойлады, себебі Индия өркендеу бастады да “феодолизмның” “ауылдық идиотизмнан” құтылды. Алайда, Маркстың теориялары дәуірлес академиялық ойға және мемлекеттердің жетілуіне аз әсер етті.

Ұлттың және ұлтшылдықтың модернисттік түсіндіруін дамытқан көрнекті тұлғалардың арасында: Карлтон Джозеф Хантли Хаес, Генри Майне, Фердинанд Тоннис, Рабиндранат Тагоре, Эмайл Дуркхайм, Макс Вебер, Арнольд Джозеф Тойнби және Талькот Парсонс.

Еуромайдан белсенділері Украин Көтерілістік Aрмиясының жалауларын көтеріп келе жатыр, Украина, 2014

Генри Майне тарихи өзгерістердің және адам қоғамының дамуының зерттеулерінде "статус" және "контракт" қоғамдарының айырмашылығын тапты. Біріншілердің құрылысы отбасыға қатысуымен және жеке кісінің өз рөлінің атқаруымен сипатталады. Екіншілерді заманауи қоғамдар деп атайды, оларда әлеуметтік қатынастар рационалды, адам үшін пайда тигізетін, шарттармен құрылған. Майне қоғамның дамуын дәстүрлі, статус құрылысынан заманауи, контракт ұйымына көшуінен көрді.

Фердинанд Тоннис Gemeinschaft und Gesellschaft (1887ж.) деген еңбегінде gemeinschaft (қауымды) дәстүрлі қоғамдарда кездесетін эмоциялық құштарлықта негізделген, ал Gesellschaft (қоғам) заманауи жақсыз қоғам деп жазған. Дәстүрлі ұйымдардың сырластығын мақтап, ол заманауи қоғамдардың жақсы жақтарын ойда сақтап, олардың, араласпаушылыққа келтіретін, суық және жақсыз сипаттарын білдіртті.

Эмайл Дуркхайм Тоннистың қатынаспау туралы материалын нығайтып, заманауи және дәстүрлі қауымдардың айырмашылығын “органикалық” және “механикалық” пікірлестіктің түрлерлінде көрді. Механикалық тілектестікте ортақ пікірді қолдау үшін әдет-ғұрып, әдет және қуғын қажет болды. Бұған қарама-қарсы, органикалық ниеттестікте жат болып кетуін туғызатын әлеуметтік саралауында негізделген еңбектің бөлінуі. Дуркхаймның айтуы бойынша, дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік интеграция әлеуметтік тәртіпті қабылдайтын авторитарлық мәдениетін талап етеді. Қазіргі қоғам интеграцияны еңбектің бөлінуден екі жақты артықшыларда көреді, бірақ заманауи қалалық өмірдің жақсыз сипаты қатынаспаушылықты және аномияны туғызды.

Макс Вебердың түсінігі бойынша, қазіргі мемлекеттердің дамығаны үйірімпаз, жаңа дәстүрді немесе рационалды-құқықтық жүйесін қабылдаған, жаңа жоғарғы мемлекет билігін орнатқан, жетекшісінің арқасында өтті. Вебердің үйірімпаз көсбасшылық ұғымы көптеген ұлтшыл үкіметтердің негізіне салынды.

Ұлтшылдықтың түрлері

Ризорджименто және Түпкі ұлтшылдық

Италия және Германияның бірлігуінің алдында Йоханн Фридрих Овербекпен жазылған Италия мен Германия.

Ұлтшылдықтың әркелкі түрлері бар, олардың ішінде Ризорджименто және Түпкі ұлтшылдық. Ризорджименто ұлтшылдығы либералдық мемлекеттің құрылуын қаласа (мысалы, Италиядағы 19 ғасырдағы Ризорджименто және соған ұқсас Грекиядағы, Германиядағы, Польшадағы қозғалыстар, немесе Американдық ұлтшылдық), түпкі ұлтшылдық халықтың егемендігіне және мемлекет құрылуына жеткеннен кейін пайда болады. Альтер мен Браунның айтуынша, түпкі ұлтшылдықтың жарқын мысалдары - Муссолинидің Италиясы және нацистік Германия.

Түпкі ұлтшылдықты сипаттайтын маңызды қасиеттердің арасында анти-жекешілдік, статизм (азшылық идеологиясының жоспарлары), радикалдық экстремизм, және агрессивті-экспансиялық милитаризм. Түпкі ұлтшылдықтың ұғымын көбінесе фашизмға ұқсатады, бұған -стан олардың арасында бірнеше келісреушіліктер бар. Егер мемлекеттің тәуелсіздігі әскери күштерімен жүзеге асырылған болса, онда әскери рухы мықты болады да жаңа елдің қорғанысын және өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында қуатты әскер керек деп сенім туады. Осындай елде түпкі ұлтшылдықтың пайда болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, осындай тәуелсіздік үшін күрес сәттілікке айналса, халықтың арасында ұлттың астамшылық сезімдері экстремалдық ұлтшылдыққа әкелуі мүмкін.

Азаматтық ұлтшылдық

"Бостандық халықты бсатауда" (Евгений Делакроикс, 1830) ұлтшылдық мәдениеттің көрнекті мысалы

Азаматтық ұлтшылдық (либералдық ұлтшылдық ретінде танымал) ұлтты бірыңғай және ортақ саяси құқықтары бар және ұқсас саяси рәсімдерге берілген адамдардың қауымдастығы ретінде көреді. Азаматтық ұлтшылдықтың қағидалары бойынша, ұлт деген ортақ этникалық бабалардың бар немесе жоқ болуына қарамай, саясат пікір бірлігіне үлкен мән береді. Бұл ойды Эрнест Ренан 1882-ші жылында болған "Ұлт деген не?" дәрісінде ашты. Онда ұлт - "күнделікті референдум" ("күнделікті плебисцит" деп жие аударылады), адамдардың бірге өмір сүруі жайлы қалауына тәуелді болады.

Азаматтық ұлтшылдық ксенофобиялық ұлтшылдыққа қарама-қарсы болады да азаттық, төзімділік, теңдік, және жеке құқықтар деген либералдық құндылықтарына сәйкес келеді. Эрнест Ренан және Джон Стюарт Милл ең бірінші либералдық ұлтшылдар болып саналады. Либералдық ұлтшылдар көбінесе ұлттық сәйкестің құнын жоғары бағалайды, өйткені адамдарға мәнді және автономиялық өмір сүру үшін, бұдан бөлек демократиялық саясаттардың қызметін тиісті атқару үшін керегі ұлттық сәйкестік.

Азаматтық ұлтшылдық рационализмның және либерализмның дәстүрлеріне сай, дегенмен этникалық ұлтшылдыққа қарсыластырылады. Эрнест Ренанның "Ұлт деген не?"-дегі "күнделікті референдум"-ға ұқсас, азаматтық елде әр адам мүшелікті өз еркімен қабылдайды. Азаматтық-ұлттық мұраттар Құрама Штаттардың және Францияның өкілі демократияның дамуына әсер етті (1776-шы жылғы Құрама Штаттары Тәуелсіздік Декларациясын, сондай-ақ 1789-шы жылғы Адам және Азаматтың Құқықтары Декларациясын қараңыз).

Кейбір авторлар, ұғымдардың екі мәнділік болғандықтан, этникалық ұлтшылдық және азаматтық ұлтшылдық арасындағы айырмашылықты бұзады. Олардың сенімдері бойынша, Эрнест Ренанның парадигматикалық жәйті негізінде дәріптеушілік және неміс салтына қарсы емес, оның шеңберінде түсіндірілуі керек. Мысалы, олар айтқандай, Ренанның "Ұлт деген не?"конференциясында берілген дәлелдері оның өз ойларына қарсы келеді. Бұл азаматтық ұлтшылдықтың ұғымын тек қана Франко-Пруссия соғысындағы Эльзас пен Лотарингияның жоғалтуында қолдануға болады.

Этникалық ұлтшылдық

Ұлтшылдық бір халықтың немесе елдің басқалармен салыстырғанда басымдылықты білдірмесе де, кейбір ұлтшылдар этноцентрикалық артықшылықты және/немесе этноцентрикалық протекционизмді қолдайды. Ұлттық тазалығы

Кейбір ұлтшылдар белгілі бір топтарды арасынан шығарады. Басқа ұлтшылдар ұлттық қоғамды этникалық, тілдік, мәдениеттік, тарихи, немесе діни жақтарынан (немесе олардың қиыстырулармен) анықтағаннан кейін, кейбір азшылық топтарды өз елінің бір бөлігі ретінде санамайды. Кейде ұлттық анықтауы үшін мифтік туған жер халық тұратын шын аймақтан гөрі маңызды.

Сол қанатты ұлтшылдық

Каракастың бұрынғы Венесуэла президенті Уго Чавесқа мейірімді лашық бөліктерінде анти-американдық және анти-империялық саяси фрескалар жиі кездеседі.

Сол қанатты ұлтшылдық (кейде социалисттік ұлтшылдық деп танымалы, бірақ ұлттық социализмнен бөлек) әр сол қанатты саясаты мен ұлтшылдықты қоса атқаратын саяси қозғалыс болып саналады.

Ұлттық қозғалыстардың көбі ұлттық азаттыққа арналған, олардың көзқарастарында халқы басқа елмен қуғынға ұшыраған, алайда енді құдалаушыдан бостандық алып, өзін-өзі анықтауға тырысады. Антиревизионизмдік Марксист-Ленинизм осы идеологиямен тығыз байланыста, және осыған дәлел - расисттік немесе діни айырмашылықсыз ұлтшылдықтың халықаралық деңгейде қолдану мүмкіншілігі туралы Сталинның Марксизм және Ұлттық мәселе және Социализм бір елде деген еңбектері. Сол қанатты ұлтшылдықтың басқа үлгілері 1959-шы жылдағы Америка қолдайтын Фульдженсио Батистаның ығыстыруымен аяқталған Куба революциясының бастапқы себебі болған Фидель Кастроның Шілденің 26-сындағы Қозғалысы, Корнвальдың Мебьён Керноу партиясы (Cornwalls Mebyon Kernow), Ирландияның Синн Фейн партиясы(Sinn Féin), Уэльстың Плаид Камри партиясы (Plaid Cymru), Бангладештағы Авами Лигасы (Awami League) және Солтүстік Африкадағы Африкандық Ұлттық Конгресс (African National Congress).

Аумақтық ұлтшылдық

Бразилияның әскери диктатурасы бағында жие қолданылған ұлтшылдық слоган: “Бразилияны сүй әлде кет”.

Аумақтық ұлтшылдар бір елдің тұрғындары өз туған немесе асырып алған мемлекетіне қарызды деп ойлайды. Ұлт және оның ортақ тарихы қасиетті болып саналады. Аумақтық ұлтшылдар азаматтықты дәріптейді. Аймақтық ұлтшылдардың басты ниеті ортақ құндылықтарына, дәстүрлеріне байланысты үлкен, әлеуметтік мәдениетін құру.


Пан-ұлтшылдық

Пан-ұлтшылдық үлкен ғылыми алаңды қамтиды. Пан-ұлтшылдық көбінесе этникалық топтардық кластерлеріне назар аударады. Пан-Славизм пан-ұлтшылдықтың бір үлгісі. Оның мақсаты - бүкіл Славян елдерінің өкілдерін бір мемлекетке жинастыру. Ең қызықтысы, олар 1918-ші жылы бірнеше оңтүстік Славян халықтарын Югославияға біріктіріп сәттілікке жеткен.

Анти-колониялық ұлтшылдық

Бұл түрі соғыстан кейін деколонизация кезінде пайда болды. Көбінесе Африкамен Азияда шетел мемлекеттердің зорлығы қарсы реакциясы ретінде болды. Ол тағыда Патшалық империясының орыс емес аймақтарында туылды, және кейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы кезінде украинианист және Ислам Марксистер Ресей Большевиктың билігін жаңадан құрылған Ресей империализм деп кінәләді. Ұлтшылдықтың осы түрі әр түрлі келбет алды, мысалы Индия субеонтиненттағы Махатма Гандидің бейбіт бәсең қарсылық.

Бенедикт Андерсонның айтуы бойынша анти-колониялық ұлтшылдық сауатты және екі тілді, империяның тілін толық меңгерген, оның "ұлттық" тарихын мектепте оқыған, және колониалдық әкімшілігінің жоғарғы кадрларында істейтін жергілікті интеллектуалдардың тәжірибесінде құрылған. Колониялардан шыққан әкімшіліктер негізі алдындағы империалдық әкімшіліктің жергілікті түрі деп саналады.

Сын

Ұлтшылдықтын сыншылары "ұлт" деген не екенін көбінесе анықта алмайтыны, немесе неге саяси үстемдігінің бірлігі тек қана ұлт болу керек екені жайлы дауласады. Ұлт ең қолайлы мағынасын мәдениет тұлға ретінде келтіреді, саяси ассоциация ретінде емес немесе бір аймаққа тіркелгенде де емес. Алайда, ұлтшылдар өзінің пікірін қорғау үшін қарама-қарсы ойлайды: мемлекеттің шекаралары мүмкіндігінше ішіне кіретін бір халықтың шекараларымен сәйкес болу керек; мультимәдениеттікті қолдамайды. Философ A.C. Grayling ұлттарды ойлап тапқан деп және "олардың шекаралары өткен соғыстардың қанымен салынған" деп айтқан. "Әлемдегі мелмекеттердің арасында бірден астам мәдениеттерге үй беріп отырмаған ел жоқ. Мәдениеттік мұра ұлттық куәлікпен бірдей емес."

Нотс Берри Фармдағы снэк-бардың “Американдық” картоп фриды жарнамалайтын белгісі. Алдында, белгіде “Француздық” деп жазылып тұрған.

Ұлтшылдық мәні бойынша бөлінетін ұғым, себебі ол адамдар арасындағы айырмашылықты тек өз ұлтына ғана сай деп ойлайтын адамдардың пікірін айырықша баса айтады. Бұл идея ықтимал жауыз бола алады, өйткені ол жеке ерекшеліктерін жалпы ұлттық ұғымдармен басып қояды да элитаға немесе саяси көсбасшыларға адамдарды алдауға немесе бақылауға мүмкіндік береді. Ұлтшылдықтың ерте қарсылықшылар оның әрбір ұлт үшін жеке мемлекет деген геосаяси идеалымен келіспеді. 19-шы ғасырдың классикалық ұлтшылдық қозғалыстар Еуропадағы көпұлттық елдердің бар екенін қабылдамады. Сол ертеңгі заманда да ұлтшылдықтың идеологиялық сыншылдар табылды. Бұл батыс әлеміндегі бірнеше ұлтшылдыққа қарсы ұжымдардың пайда болуына келдтірді. 20-шы ғасырдағы Исламның оралуы ұлттық мемлекетке қарсы Ислам сынына келтірді.

19-шы ғасырдың аяғында, Марксисттер және басқа социалисттер (Роза Люксембург сияқты) орта және шығыс Еуропадағы белсенді ұлтшылдық қозғалыстарға қарсы саяси анализ өткізді (алайда, Лениннен (коммунист) бастап Йозеф Пилсудскиға шейін (социалист), көп заманауи социалисттер мен коммунисттер ұлттықтың өзін анықтауына жақсы ниетпен қарады).

Өзінің классикалық шығармасында Джордж Орвелл ұлтшылдықты отаншылдықтан айырады. Отаншылдық оның айтуы бойынша нақты бір жерге берілгендік. Дерексіз айтсақ, ұлтшылдық - “өзін-өзі алдауымен шынықтырылған қуаттылық көксеу”.

Либералдық саяси дәстүрде ұлтшылдықты қауіпті деп санайды және мемлекеттердің арасындағы соғыстар мен қақтығыстардың себебі болады деп сынайды. Ел азаматтарды мемлекеттер арасындағы дауласуларда іске асыру үшін ұлтшылдықты жие қолданады. Бұл Дүниежүзілік Соғыстарда болған оқиға, онда ұлтшылдық насихаттардың маңызды бөлігі болып табылған. Либералдар көбінесе ұлт-мемлекеттердің барлығына дауласпайды, дегенмен кейбіреулер халықтың, ұжымдық бостандығына емес жеке адамның бостандығына назар аударады.

Ұлтшылдықтың пацифист сыны ұлтшыл қозғалыстардың зорлығына, милитаризмға, және джингоизм немесе шовинизмнің кесірінен болған ұлттардың арасындағы жанжалға зор назар аударады. Кейбір елдердің ұлттық рәміздердің және патриоттық қайсарлықтың өткен соғыстарда қатысқаны үшін беделін түсірді, әсіресе бұл Германияда нақты көрінеді. Әйгілі пацифист Бертранд Расселл ұлтшылдықты жеке адамның туған жерінің шетел саясатын талдау қабілетін төмендеткен үшін сынайды. Альберт Эйнштейн айтқандай "Ұлтшылдық бір сәби ауруы. ... Бұл адамзаттың қызылшасы."

Дереккөздер

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6

Read other articles:

عملة تركية تذكارية للاتحاد الجمركي بين الاتحاد الأوروبي وتركيا البلد المرشح تركيا والاتحاد الأوروبي في 31 كانون الأول / ديسمبر 1995، صدر قرار في 6 آذار / مارس 1995 عن مجلس الشراكة بين الاتحاد الأوروبي وتركيا، المنشأ بموجب اتفاق أنقرة، لتنفيذ اتحاد جمركي (بالتركية: Gümrük Birliği)‏ بي...

De ingang van de Belgische militaire begraafplaats van Halen Velpen is een voormalige heerlijkheid die een wijk werd van de Limburgse stad Halen. Geschiedenis Velpen is ontstaan waar de oude weg Diest-Zoutleeuw de Velpe oversteekt. De eerste vermelding als Felepa is wanneer het samen met de domeinen (villae) Halen, Schaffen en Meerhout door graaf Rotbertus van Hasbania aan de abdij van Sint-Truiden wordt geschonken. Later zou het opgenomen worden in de domeingroep Halen. In de twaalfde eeuw k...

FIL-Sommerrodel-Cup 2014 Männer Frauen Sieger Altersklasse Elite/Junioren Deutschland Andi Langenhan Deutschland Dajana Eitberger Altersklasse Jugend A Deutschland Max Langenhan Osterreich Madeleine Egle Teilnehmer Nationen 6 5 Sportler 43 18 ← 2013 2015 → Der FIL-Sommerrodel-Cup 2014 war die 22. Auflage des von der Fédération Internationale de Luge de Course veranstalteten Sommerrodel-Cups, der am 5. und 6. September 2014 auf der Rennschlittenbahn „Wolfram Fiedler

  لمعانٍ أخرى، طالع رون تايلور (توضيح). رون تايلور معلومات شخصية الميلاد 16 أكتوبر 1952  غالفستون  الوفاة 16 يناير 2002 (49 سنة)   لوس أنجلوس  سبب الوفاة نوبة قلبية  مواطنة الولايات المتحدة  عدد الأولاد 1   الحياة العملية المدرسة الأم الأكاديمية الأميركية للفنو...

هذه المقالة يتيمة إذ تصل إليها مقالات أخرى قليلة جدًا. فضلًا، ساعد بإضافة وصلة إليها في مقالات متعلقة بها. (أبريل 2019) ميكي ستانلي   معلومات شخصية الميلاد 20 يوليو 1942 (81 سنة)  غراند رابيدز  مواطنة الولايات المتحدة  الحياة العملية المهنة لاعب كرة قاعدة[1]  الرياضة

This article does not cite any sources. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Recording format – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (December 2009) (Learn how and when to remove this template message) A cylinder, head, and sector of a hard drive. The sectors are a recording container format. The digital data on the disks may be both secondary con...

Piala Super UEFAMulai digelar1972; 50 tahun lalu (1972)(resmi sejak tahun 1973)WilayahEropa (UEFA)Jumlah tim2Juara bertahan Manchester City (gelar pertama)Tim tersukses A.C. Milan Barcelona Real Madrid (5 gelar)Situs webSitus web resmi Piala Super UEFA 2024 Piala Super UEFA (bahasa Inggris: UEFA Super Cup) sejak tahun 1972 hingga 1994 bernama Piala Super Eropa (bahasa Inggris: European Super Cup) adalah pertandingan antar klub sepak bola Eropa yang diperebutkan oleh tim yang meru...

يفتقر محتوى هذه المقالة إلى الاستشهاد بمصادر. فضلاً، ساهم في تطوير هذه المقالة من خلال إضافة مصادر موثوق بها. أي معلومات غير موثقة يمكن التشكيك بها وإزالتها. (مارس 2023) تفتقر سيرة هذه الشخصية الحيّة إلى الاستشهاد بمصدر موثوق به يمكن التحقق منه. فضلاً، ساهم في تطويرها من خلال ...

Alphabet of the Hebrew language This article is about the alphabet derived from the Aramaic alphabet (CE 135 – present). For the original Hebrew alphabet derived directly from the Phoenician alphabet (10th century BCE – CE 135), see Paleo-Hebrew alphabet. For the descendant script of the Paleo-Hebrew alphabet, see Samaritan script. For the insect, see Hebrew character. Hebrew alphabetScript type Abjad Time period2nd–1st century BCE to present[1]Direction...

You can help expand this article with text translated from the corresponding article in Polish. (August 2020) Click [show] for important translation instructions. Consider adding a topic to this template: there are already 1,382 articles in the main category, and specifying|topic= will aid in categorization. Do not translate text that appears unreliable or low-quality. If possible, verify the text with references provided in the foreign-language article. You must provide copyrig...

Dutch footballer Armando Obispo Obispo with the Netherlands U18 team in March 2017Personal informationDate of birth (1999-03-05) 5 March 1999 (age 24)[1]Place of birth Boxtel, Netherlands[1]Height 1.85 m (6 ft 1 in)[2]Position(s) Centre-backTeam informationCurrent team PSVNumber 4Youth career–2006 LSV2006 ODC2006–2016 PSVSenior career*Years Team Apps (Gls)2016–2021 Jong PSV 40 (2)2018– PSV 46 (3)2019–2020 → Vitesse (loan) 26 (0)Internati...

Bósnia e Herzegovina Alcunhas?  Plavo-žutiZuto-plaviGolden lilliesLions Associação Associação de Futebol da Bósnia e Herzegovina Confederação União das Associações Europeias de Futebol (Europa) Material desportivo?  Kelme Treinador Savo Milošević Capitão Edin Džeko Mais participações Edin Džeko (133) Melhor marcador?  Edin Džeko (65) Uniformetitular Uniformealternativo FIFA Código BIH Ranking 57[1] Melhor colocação 13 (agosto de 2013)[1] Pior colocação ...

Opération Strike of the sword (Khanjar) En rouge l'opération Strike of the sword; en bleu l'opération Panther's Claw Informations générales Date Du 2 juillet 2009 au 20 août 2009 Lieu La province du Helmand en Afghanistan Issue Victoire stratégique partielle de la coalition, mais situation toujours en impasse dans certaines régions et particulièrement dans la région de Nawzad Belligérants États-Unis, Royaume-Uni, Afghanistan Taliban Commandants Général de brigade Lawrence D...

Pembantaian Pasukan ElphinstoneBagian dari Perang Inggris-Afganistan PertamaLukisan tahun 1898 yang menggambarkan pasukan Britania yang masih tersisa di GandamakTanggal6–13 Januari 1842LokasiJalan Kabul–Jalalabad, di dekat Gandamak, AfganistanHasil Kemenangan besar AfganistanHampir seluruh pasukan Britania tewas atau ditangkapPihak terlibat Keamiran Afganistan  Imperium Britania British East India CompanyTokoh dan pemimpin Wazir Akbar Khan William Elphinstone (POW)Kekuatan Tidak...

قسطنطين تشيرنينكو   مناصب السكرتير العام للحزب الشيوعي السوفييتي   في المنصب13 فبراير 1984  – 10 مارس 1985  يوري أندروبوف  ميخائيل غورباتشوف  رئيس هيئة رئاسة مجلس السوفيت الأعلى لاتحاد الجمهوريات الاشتراكية السوفياتية (9 )   في المنصب11 أبريل 1984  – 10 مارس 1985&...

Not to be confused with Ł. L with bar in Doulos SIL L with bar (capital Ƚ, lower case ƚ) is a Latin letter L with a bar diacritic. It appears in the alphabet of the Venetian language, and in its capital form it is used in the Saanich orthography created by Dave Elliott in 1978. In Unicode, both the capital and lower case are in the Latin Extended-B block. The capital (U+023D Ƚ LATIN CAPITAL LETTER L WITH BAR) is part of the Additions for Sencoten (Saanich), while the lower case ...

ГородЯффа 32°03′16″ с. ш. 34°45′06″ в. д.HGЯO Страна  Израиль История и география Часовой пояс UTC+2:00, летом UTC+3:00 Яффа  Медиафайлы на Викискладе Аэрофотосъёмка Яффы Церковь Святого Петра в Яффе Я́ффа[1][2][3][4][5][6], Я́ффо[3], Я́фо[5][6 ...

Species of bird Celestial monarch Male seen in Bislig, Surigao del Sur. Photo by Adri Constantino of Birding Philippines. Female lithograph by Smit. Yellow eye-ring and crest not drawn in. Conservation status Vulnerable (IUCN 3.1)[1] Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Chordata Class: Aves Order: Passeriformes Family: Monarchidae Genus: Hypothymis Species: H. coelestis Binomial name Hypothymis coelestisTweeddale, 1877 Subspecies See text The...

You can help expand this article with text translated from the corresponding article in French. (July 2022) Click [show] for important translation instructions. Machine translation, like DeepL or Google Translate, is a useful starting point for translations, but translators must revise errors as necessary and confirm that the translation is accurate, rather than simply copy-pasting machine-translated text into the English Wikipedia. Do not translate text that appears unreliable or low-qu...

Edenvale Commando / RegimentSADF Edenvale Commando and Regiment emblemsDisbandedFebruary 14, 2003 (20 years ago) (2003-02-14)Country South AfricaAllegiance  Republic of South Africa  Republic of South Africa Branch  South African Army  South African Army TypeInfantryRoleLight InfantrySizeOne BattalionPart ofSouth African Infantry CorpsArmy Territorial ReserveGarrison/HQEdenvale, GautengMilitary unit Edenvale Commando was a light infantry regiment of...