Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңес (қыр. Кыргыз Республикасинин Жогорку Кеңеши) — Қырғыз Республикасының бірпалаталы парламенті. 1991 жылы ол Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінің орнын алды.
Парламенттің 90 орны бар, депутаттары 5-жылдық мерзімдерге сайланады.[1]
Тарихы
1991 жылғы тәуелсіздігінен парламент құрылысын өзгерткен 2006 жылғы референдумге дейiн парламенттің құрылысы өзгеше еді . Ол 60 депутаты болған Заң Шығару жиыны (Мыйзам Чыгаруу Жыйыны) (жоғарғы палатасы) және 45 депутаты болған Халық Өкілдер жиынынан (Эл Окулдор Жыйыны) (төмеңгі палатасы) тұратын.
2007 жылдың қазанынан бері парламент бірпалаталы болып келеді. Бастапқыда тек 90 депутат болған Кеңес Құрманбек Бәкиевтің қуылуынан кейін жаңа конституциясында депутат саны 120-ға көбейтілді. Әр партия 65 орыннан көп ала алмайды. Кейінірек өткізілген сайлауда парламенттегі орын санының 25%-ға азайтылуы шешілді және депутат саны 90-ға оралды.[1]
Сайлау жүйесі
Жоғарғы Кеңестегі 90 орынның 54-і біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционалды өкілдік арқылы, ал 36-сы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Орындарды жеңіп алу үшін партиялар берілген дауыстардың 5% (2020 жылғы қазандағы сайлаудағы 7% -дан төмен) ұлттық сайлау шегінен өтуі керек және жеті аймақтың әрқайсысында кемінде 0,5% дауыс алуы керек.
Тізімдер ашық, сайлаушылар бір ғана артықшылықты дауыс бере алады. Бірде-бір партияға пропорционалдық мандаттардың жартысынан астамын беруге рұқсат етілмейді.[2] Партиялық тізімде әр жыныстан үміткерлердің кемінде 30%-ы болуы керек, ал әрбір төртінші кандидаттың қарама-қарсы жынысы болуы керек. Сондай-ақ әрбір тізімде кандидаттардың кемінде 15%-ы этникалық азшылық өкілдері және 15%-ы 35 жасқа дейінгілер, сондай-ақ кем дегенде екі мүгедек кандидат болуы керек.[3]
Дереккөздер