Марат Өмірсерікұлы Әйнеков (22.06.1941 жыл, Балқаш — 2014) — суретші-монументші, мүсінші.
Арғын тайпасының Тобықты руының Жуантаяқ бөлімінен шыққан. Әкесі - Әйнеков Өмірсерік, марқұм, жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Әйнекова Нұргүлше, марқұм, киім пішуші болған.
Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1967) мүсінші, оқытушы мамандығы бойынша; Ленинградтың Көркемөнер академиясын (1973) мүсінші-суретші мамандығы бойынша бітірген.
«Мағжан Жұмабаев» естелік тақтасының (Кечиорен қаласы, Түркия) авторы.
Туындылары Таксим муниципалитетінің көрме залында (Стамбул қаласы, 1997), «ТарыкЗафер Туная» көрме салонында (Стамбул қаласы, 1998), «Алтунизаде» мәдениет орталығында (Стамбул қаласы, 1998), Ататүрік атындағы Көрме салонында және Мәдениет орталығында (Стамбул қаласы, 1998) қойылған.
Тас мүсіндемесі бойынша 5 симпозиумді ұйымдастырған.