Басқа мағыналар үшін Көкпекті деген бетті қараңыз.
Көкпекті – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысының Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 206 км, су жиналатын алабы 9030 км2.
Бастауы
Бастауын Тарбағатайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі Сарытау, Қайрақты тауларынан алып, Зайсан көлінің батысына құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең (0,3 – 0,6 км). Су жайылмасы орта ағысында 80 м-ден 400 м-ге, төменгі ағысында 6 – 7 км-ге дейін жетеді. Жағалауы құмды-сазды, тіктеу жарқабақты (2 м), кейбір тұсы гранитті тік жарлы. Көкпектінің жалпы ұзындығы 126 км болатын 50-ден астам саласы бар. Ірілері: Кіндікті, Қарасу, Тамды, Шігілік, т.б. Өзен жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Көкпекті ауылы тұсында 4,31 м3./с. Шабақ, аққайран, сазан, қарабалық, т.б. балықтар бар. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Жайылмасы шабындық.
Дереккөздер