Киіз үй

Қазақ киіз үйде

Киіз үй[1] — Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Орталық және Орта Азия халықтарының көшпелі тұрғын үйі.[2]

Ол — көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

Көшпенділердің киіз үйі — тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үй апарып жүрді.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй.Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады.Кереге әдетте екі түрлі болады.

Оның бірі кең көзді кереге «желкөз» -деп аталады.Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді.

Екінші түрі тар көзді кереге «торкөз»- деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді.Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады.Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады.

Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады.Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды.Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады.

Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады.Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады.Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады.

Үйдің төріне жұқаяқ қойылып,оның үстіне абдыра, көрпе-жастық және т.б жүктер жиналады.Үйдің сол жағына кебеже, қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан, жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады.

Тарихы

Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынырақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шамамен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған.

Этимологиясы мен синонимі

Жалпытүрік тіліндегі «jurt» («юрта» - орыс тілінде ) деген сөзі «жұрт» деген мағынаны басымрақ білдіріп және де – «жайылым, жайлау» деген мағынаны да білдерді. Қырғыз және қазақ тілдерінде «Ата-Жұрт» сөзі «атамекен» - синонимі «Отан», сөзбе-сөз айтқанында: «Әке үйі» дегенді білдіреді.

  • Гэр (транслитерациясы: ger) – Моңғолша жай ғана «үй» мағынасын бідіреді.
  • Тирмә (транслитерациясы: tirmä) – бұл Башқұрт тіліндегі «киіз үй» термині.
  • Боз үй (транслитерациясы: boz üy) – Қырғыз терминінде киіздің түсіне байланысты, «боз, сұр үй» дегенді білдіреді.
  • Аk öý және gara öý – Түркімен тілінде сән салтанатына не әсемділігіне сай сөзбе-сөз «ақ үй» және « қара үй» дегенді білдіреді.
  • "Kherga"/"Jirga" - деп атайды, Африкандықтар.
  • Kheymah (خیمه) (урду тілінен (және парсы): خیمه) – Пакистан тұрғындары үшін, бұл «шатыр» не «киіз үй» деген мағынаны білдіреді.
  • Чадра (چادر) – Парсы тілінде
  • Хona-я siyoh , xayma (киіз үй, хонаи сиёҳ, хайма). –Тәжік тілінде [3]

Киіз үй түрлері

Киіз үйлер қазақы және қалмқы деп екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді. [4]

  • Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
  • Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
  • Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
  • Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй.
  • Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй.
  • Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
  • Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
  • Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.
  • Қараша үй – кедей үйі.
  • Отау – жас жұбайлар үйі.
  • Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
  • Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.[5]
  • Ақтағыр - 2 қанатты, 2 үзікпен жабылатын шағын киіз үй.
  • Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.
  • Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

Үй құрамы

Киіз үй сүйегі

Киіз үй қаңқасын немесе киіз үй сүйегін атадан балаға мирас болып келе жатқан шеберлік кәсіпті меңгерген, өнер қонған шаңырақтар дайындайды. Ежелгі аты “қаңқа” сөзі болғанымен соңғы атау қазіргі ауызша да, әдеби тілде де көбірек пайдалануына байланысты біз де “киіз үй сүйегі” атауын пайдаландық.

Киіз үй сүйегі арнайы дайындалған ағаш сырықтар мен бұтақтардан дайындалады. Олар желге, жабылатын киіз салмағына, әсіресе кенеттен пайда болатын дала құйынына шыдамды етіп жасалынуы қажет.

Киіз үй формасының дөңгелек түрде алынуы, барлық бөлшектерінің бір-бірімен айналмалы, қозғалмалы (шарнирлі) етіп жалғастырылуы киіз үйді жел екпініне, жер сілкінісіне төзімді етеді жҽне киіз үйдің бұндай қасиеттері кездейсоқ құйын соғып, не қатты дауылға шыдамай құлаған жағдайда үйлерді аз ғана шығынмен қайта тұрғызуға мүмкіндік береді.

Өмірлік тәжірибе құлаған киіз үйдің ең көп зақымданатыны уық қаламдары екенін көрсетіп жүр. Бұндай жағдайға ұшыраған киіз үй сүйектері зақымданған уық қаламдарын сәл ұзартып, қайта қаламдаумен шектеледі де, үй қалпына келтіріледі.[6]

  • Тоғын– шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
  • Шаңырақ– үйдің бас бөлігі.
  • Күлдіреуіш– түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
  • Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
  • Қаламдық– уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
  • Қаламы– уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.
  • Уық– шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
  • Алақаны– уықтың кереге басына бекітілетін басы.
  • Иіні– уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
  • Кереге– жиналған кереге (үй қабырғасы).
  • Керегенің басы– керегенің жоғарғы жағы.
  • Керегенің аяғы– керегенің жерге тірелген жағы.
  • Көз– керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
  • Азат көз– керегенің көктелмеген жерлері.
  • Желі– керегені құрайтын ағаштар.
  • Ерісі– ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.
  • Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
  • Қары– уақтың иініне дейінгі бойы.
  • Ыру– уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.
  • Сықырлауық– киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
  • Маңдайша– екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
  • Босаға– маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
  • Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.
  • Жабық– туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
  • Күйеу қазық– шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзын ағаш.[7]

Шаңырақ

Басты мақаласы:Шаңырақ Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.

Шанырақ

Киiз үй — ғаламның моделi. Бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы. Рухани мәдениет ретiнде қарастырсақ, киiз үй баспана ғана емес арғы әлеммен байланыстырып, қаскөй рухтардан қорғайтын киелi орын. Қазақ үйдiң киесi шаңырақтан бастау алады.

Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақ көтерiлiп жатқанда ешкiм сөйлемейдi. Өйткенi ұлы iс атқарылып жатқанда үнсiздiк орнауы тиiс. «Жетi уық шаншылғанша жетесiз ғана сөйлейдi» деген сөз осының дәлелi. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.

Ертеректе шаңыраққа үрлеген қарын байлап қоятын болған. Оның мәнiсi, құт құйылады деп есептеген.

Шаңырақтың астында ошақ орналасады. Ошақ — адамның оты. Шаңырақтың үстiнде Алланың оты маздаса, төменде адамның оты лаулайды.

Этимологиясы

Қазақ тілінде “шаңбақ” деген сөз бар. Ол сөз тек қана бір-біріне тік бұрышпен бікітілген нәрселерге арналатын сөз. Қауғаның шаңбағы деп құдықтан су шығаратын тері ыдысты бекітетін, тура шаңыраққа ұқсатып жасаған құралды айтады. “Шаң” сөз түбірі болса (қосу таңбасы) “рақ” пен “бақ” жалғаулары олардың бірін шаңыраққа бірін шаңбаққа айналдырып тұрады. Бұл мәселе жөнінде тіл мамандарына ой толғап көруіне болатын секілді.[8]

Сықырлауық. Есік. Немесе киіз үйдің кіреберсі. Blender және ZBrush 3D графикалық бағдарламада орындалған сурет.

Есiк пен төр

Басты мақаласы: Есік (қазақ үй), төр

Киiз үйдiң есiгi әдетте шығысқа қарай бағытталады. Бұл — күннiң сәулесi үйге бiрiншi түссiн дегендi бiлдiредi.

Есiкке қарама-қарсы бетте — төр. Төрдегi адам есiкке қарап отырады. Егер ол малдас құрып отырса, оның әкесi жоқ деп есептеңiз. Әкесi тiрi адам малдас құрмайды. Отырудың өзiнiң осындай таңбалық мәнi бар.

Төрдегi адам төрелiк айтады. Төрге ақ пен қара түстi сырмақ төселедi. Мәнiсi, төр — ақ пен қараның ара жiгiн ажырата алатын адамның орны. Төрде отырып, билiк айтқандар мемлекет билiгiне дейiн көтерiлген.

Мұны Орхон-Енисей жазбасындағы «төр» сөзiнiң мемлекет мағынасында қолданылғанынан байқауға болады.

Қазақта: «Едiл үйдiң — есiгi, Жайық үйдiң — жапсары, Түркiстан — ұлы төрiмiз» деген сөз бар.

Шыңғыс дәуiрiндегi Ақ орда, Көк орда, Алтын орда дегендердiң өзi — кеңейтiлген киiз үйдiң көшiрмесi iспеттi.

Сосын төрге қыз бала отырған. Өйткенi, қыз — қонақ. Бабалардан қалған бiр сөз — «Қыз бала — төр иесi, ұл бала — үй иесi».

Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!

Басты мақаласы: Кереге, Босаға

Босаға — екеу. Оң жақ босаға және сол жақ босаға.

Сол жақ босағаға кебеже, саба, мес, күбi т.б. қойылады. Сол жақ босағаға келген дүниенi ғалымдар «құт» категориясымен белгiлейдi. Өйткенi жоғарыдағы аталған ыдыстарға айран, iркiт, қымыз, шұбат т.б. құйылады.

Демек сол жақ босаға — әйелдiң символы. Дәл осындай түсiнiк әлемнiң бiрқатар елдерiнде де бар. Ал қазақ шұңғыл ыдысты да әйелдiң символы ретiнде бағалайды. «Аяғын көрiп, асын iш, анасын көрiп, қызын ал» деген мақалдағы «аяқ» осындай мағынасы үшiн де мақалға енген.

Сол босағадан кiрген дүние сыртқа шықпайды, қапқа түседi. Қазақ мұны «қапқа түскен — қатындыкi» деп бiр-ақ қайырады.

Ал оң босаға — еркектiң символы. Оң жаққа ер-тұрман, ат әбзелдерi, бүркiт т.б. қойылады. Қатты жауын-шашында малдың жас төлiн де оң босағаға кiргiзетiн болған. Оң жақ — аралық меже. Босаға аттап келген келiндi оң жақта қарсы алады. Аяғына «биязы болсын» деп ақсарбастың терiсiн төсейдi. Босағаны пәк болып аттаған бойжеткен аралық межеден өтiп, жанұялық өмiрiн бастайды. Үйленген соң, төсек-орнымен сол жаққа өтедi.

Қайтыс болған адамды да қазақ ақ киiзге жатқызып, оң жақтан шығарады. Демек оң жақ бiр әлеуметтiк сатыдан екiншi әлеуметтiк сатыға немесе бiр әлеммен екiншi әлемге өткiзетiн көпiр iспеттес. Олай болса, «Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!» деген тiлектiң кейiнгi жолдарында әке-шешең аман болсын деген астар жатыр.

Қазан-ошақ

Шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасады.

Ошақ орналасқан соң, қазан асылады. Ал қазан асылған соң мiндеттi түрде оған бiрдеме құйылуы керек.

Қазанның бос тұруы жаман ырымға саналады. Құт деген түсiнiктi сарқа құйып алатын символдың басы осы — қазан. Оның бiзге жеткен керемет үлгiсi — Түркiстандағы Тайқазан. Қазақтың қазанды қатын-баламен бiрге атайтыны да осыдан келiп шығады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып бүгiнгi күнге дейiн жалғасып келедi.

Қазанды татулықтың белгiсi ретiнде де мансұқтайтын аңыздар бар. Оның бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Олай болса қазанды береке-бiрлiктiң символы ретiнде де таниды.

Бақан, адалбақан

Басты мақаласы: Бақан, адалбақан

Бақан да еркектiң символы. Бақанды әйел адам ұстамайды. Бақан әлемдi тiреп тұрған нәрсе. Ал адалбақанның рөлi бұдан да жоғары. Төсек-орнымен сол жаққа шыққан ерлi-зайыптылар жастары өсе келе төрге бiр табан жақындаса, адалбақанға екi табан жақындайды.

Адалбақан — әлем ағашының символы. Әлем ағашы, әлем бәйтерегi дегенiңiз — Ертөстiк ертегiсiнде айтылатын, самұрық құс қонатын, арғы әлем мен бергi әлемдi жалғастырған ғажайып ағаш. Адалбақанға жақындаған адам — адалдыққа жақындаған адам. Дәл осы жастағылардың денсаулығы сыр берiп, жаны күйзелгенде «Төрiмнен көрiм жақын» деп қиналатыны да бар.

Табалдырықты баспа!

Ертедегi түсiнiк бойынша, әлем үш сатыдан тұрады. Аспан — рухтар мекенi. Ондағы адамдар белбеудi басынан байласа, жердегiлер белiнен, ал төмендегiлер аяғынан байлайды. Табалдырық сол төмендегi әлеммен байланысқа түсiретiн мәнге ие.

Мысалы, ертеректе шала-жансар туылып, өлiп қалған малдың төлiн табалдырықтың астына көметiн болған. Түсiктi де сөйткен. «Табалдырықты баспа!» дейтiн тыйымның шығу себебi, мiне, осымен байланысты.

Оталмаған мылтық пен қаппаған қақпанды домдау үшiн табалдырықтың астына қойып, бойын таза ұстайтын әйел адамға аттататын болған. Себеп, арғы әлем мен бергi әлемнiң арасындағы қаскөй рухтар мылтық пен қақпанды байлап тастады дейтiн түсiнiк.

Үй киіздері

  • Киіздер– киізден тұратын бөлшектер.
  • Түндік– шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.
  • Туырлық– ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.
  • Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.
  • Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.[9]
  • Киіз есік - үйдің есігін сыртынан жабылып тұрады
  • Үзік - уықтардың үстін ала жабылады

Киіз үйдің баулары, басқұр мен арқандары (бау-шулары)

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

  • Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. Таңғыш – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
  • Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.
  • Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.
  • Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.
  • Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.
  • Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.
  • Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.
  • Бел-бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.
  • Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
  • Киіз үйдің шилері - кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
  • Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.
  • Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
  • Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шоғы
  • Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар.
  • Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.
  • Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан.[10]

Киіз үйндің негізгі бөлмелері

  • Төр – мұнда жүк жаналады, қонақтар орналасады. Бұл үйдің жоғарғы әрі қымбатты орыны деп саналады. Жас келіндер бұл жерді баса бермейді.
  • От орны қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

Киіз үй киіздерін дайындау барысында орындалатын жұмыстар:

Киіз үйде отыру тәртібі

  • Сүйеніп, тіреліп отыруға болмайды.
  • Таянып отыруға болмайды.
  • Жағын таянуға, маңдайды тіреуге де тыйым салынады.
  • Қолын төбесіне қойып немесе желкесіне қойып отыруға болмайды.
  • Тізені құшақтап немесе қолдарын айқастыра, тізені тартып отыруға болмайды.«Тізеңді құшақтама, керме».
  • Жұртқа қарап керілуге болмайды.
  • Киіз үйде жастардың жамбастап жатуына болмайды.
  • Жатып ішуге болмайды.
  • Аяғын созып отыруға болмайды — көсіліп жату.
  • Киіз үйдің ішінде жүрелеп отыруға болмайды.
  • Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды.
  • Киіз үйге қолына қамшы ұстап кіру жөнсіз саналады.
  • Қазақта ер адамның дұрыс отыруы «малдас құру» арқылы отырады.
  • Күйеуі бар әйел, бәйбіше — ошаққа қарап, оң аяғын астына басып, сол аяғының тізесін бүгіп отырады.
  • Салт атты адам киіз үйге артқы жағынан келуі керек.[12]

Киіз үй жиһаздары

  • Абажа - ас, тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі.
  • Абдыра - киім-кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.
  • Ағаш төсек - жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.
  • Адалбақан - киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз.
  • Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.
  • Бөгіре - кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін).
  • Жағылан - былғарыдан істелген сандық.
  • Жозы - жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.
  • Жүкаяқ - жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.
  • Кебеже - ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.
  • Сандық - әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.

Киiз үйге байланысты қарғыстар

  • «Шаңырағың шарт сынып, шандырыңа қадалсын, күлдiреуiшiң күрт сынып к…iңе қадалсын». Мұны кезiнде Радлов жазып алған.
  • «Көк шөбiң басылмасын, күлiң шашылмасын». Бiр қарағанда тәп-тәуiр сөз секiлдi көрiнгенiмен бұл қарғыстың салмағы зiл батпан. Бұл — үйiңнiң айналасын жайқалған шөп бассын, оны таптайтын үйiңде адам қалмасын, балаларың, үрiм-бұтағың жойылсын деген сөз. (Ертеректе балаларды «күлшашар» деп те атаған). Бұл қарғысты Моңғолия қазақтарынан Ақедiл Тойшанұлы жазып алған.[13]

Қазақ киіз үйі мен моңғол киіз үйінің парқы

  • Ұяағаштарының жасалуы ұқсамайды.
  • Сыртқы жамылшыларының пішіліп, жабылуы (үзік, туырлықтарының) ұқсамайды.
  • Сыртқы пішіні ұқсамайды.
  • Бау-шу, өрнектері, ішкі жиһаздалуы ұйқаспайды. Сондықтан сырттай көргенде-ақ киіз үйдің тігілу пішінінен қазақ киіз үйі мен моңғол үйін айқын парықтауға болады.[14]

Дереккөздер

  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  3. https://en.wikipedia.org/wiki/Yurt
  4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.—Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. —384 бет, суретті.Кенжеахметұлы С. ISBN 9965-24-751-x
  5. el.kz Мұрағатталған 2 қарашаның 2014 жылы.
  6. Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0
  7. el.kz Мұрағатталған 2 қарашаның 2014 жылы.
  8. Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0
  9. el.kz Мұрағатталған 2 қарашаның 2014 жылы.
  10. el.kz Мұрағатталған 2 қарашаның 2014 жылы.
  11. Қазақтың киіз үйі / Сайын Назарбекұлы. - Астана : Елорда, 2005. - 93 б. : ISBN 9965-06-399-0
  12. e-history.kz Мұрағатталған 2 қазанның 2014 жылы.
  13. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  14. e-history.kz Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2014 жылы.

Сыртқы сілтеме

Тағы қараңыз


Read other articles:

هذه المقالة يتيمة إذ تصل إليها مقالات أخرى قليلة جدًا. فضلًا، ساعد بإضافة وصلة إليها في مقالات متعلقة بها. (أكتوبر 2023) يفتقر محتوى هذه المقالة إلى الاستشهاد بمصادر. فضلاً، ساهم في تطوير هذه المقالة من خلال إضافة مصادر موثوق بها. أي معلومات غير موثقة يمكن التشكيك بها وإزالتها...

Desert in central-Eastern Australia Sturt Stony DesertSturt's Stony, StonyPosition of Sturt Stony Desert in AustraliaGeographyCountryAustraliaStateSouth Australia, QueenslandCoordinates27°S 140°E / 27°S 140°E / -27; 140  Sturt Stony Desert (previously Sturt's Stony Desert) is an area in the north-east of South Australia, far south western border area of Queensland and the far west of New South Wales. It was named by Charles Sturt in 1844, while he was trying ...

国鉄12系客車 上越線を走行するJR仕様の12系(2016年10月 井野駅 - 新前橋駅間)基本情報運用者 日本国有鉄道東日本旅客鉄道東海旅客鉄道西日本旅客鉄道四国旅客鉄道九州旅客鉄道製造所 新潟鐵工所・富士重工業・日本車輌製造製造年 1969年 - 1978年製造数 603両主要諸元軌間 1,067 mm最高速度 110 km/h車両定員 80人(スハフ12・オハフ13)88人(オハ12)全長 21,300 mm全幅 2,944 mm全...

نيشينومايا    علم الاسم الرسمي (باليابانية: 西宮町)‏(باليابانية: 西宮市)‏    الإحداثيات 34°44′16″N 135°20′30″E / 34.737638888889°N 135.34175°E / 34.737638888889; 135.34175  [1] تاريخ التأسيس 1 أبريل 1889،  و1 أبريل 1925  تقسيم إداري  البلد اليابان[2][3]  التقسيم الأعلى...

Stasiun Tulangan J10 Stasiun Tulangan dilihat dari arah timur, 2021LokasiJalan Stasiun TulanganKemantren, Tulangan, Sidoarjo, Jawa Timur 61273IndonesiaKetinggian+4 mOperatorKAI CommuterLetak dari pangkalkm 33+064 lintas Surabaya Kota–Sidoarjo–Tulangan–Tarik–Madiun–Solo Balapan[1]Jumlah peron3 (satu peron sisi dan dua peron pulau yang sama-sama tinggi; tidak ada peron pulau di antara jalur 2 dan 3)Jumlah jalur4 (jalur 3: sepur lurus)KonstruksiGaya arsitekturFuturistik 2000Inf...

American animated sitcom Big MouthGenre Animated sitcom Blue comedy Coming-of-age Created by Andrew Goldberg Nick Kroll Mark Levin Jennifer Flackett Starring Nick Kroll John Mulaney Jessi Klein Jason Mantzoukas Jenny Slate Fred Armisen Maya Rudolph Jordan Peele Ayo Edebiri Opening themeChangesby Charles BradleyComposersMark RiversPatrick Doyle (Vagina Shame)Country of originUnited StatesOriginal languageEnglishNo. of seasons7No. of episodes71 (list of episodes)ProductionExecutive producers Ni...

Para otros usos de este término, véase Operación Phoenix. Programa Phoenix Sello original del Programa PhoenixOperacional 1965 - 1972 (oficialmente)Objetivos Identificar y «neutralizar» a aquellas personas y organizaciones que apoyaban al FNLV (Viet Cong).Regiones activas Vietnam del Norte y Sur[editar datos en Wikidata]  Guerra de VietnamFase de guerrillas Laos Palacio de la Independencia Ap Bac Binh Gia Intervención estadounidense Ia Drang Operación Masher Operación T...

Blason de la Charente Cette liste recense les commanderies et maisons de l'ordre du Temple présentes sur le territoire de l'actuelle Charente au Moyen Âge. Faits marquants et histoire Les installations templières ont été relativement nombreuses en Charente. Elles avaient pour rôle principal de défendre la route d'Espagne. Après la fondation de l'ordre en 1118, et le concile de Troyes en 1129 qui fixa son organisation, l'Aquitaine figurait parmi ses neuf provinces. De nombreuses expéd...

American television drama series ShooterGenre Drama Action Thriller Based onPoint of ImpactTime to HuntBlack Lightby Stephen HunterDeveloped byJohn HlavinStarring Ryan Phillippe Shantel VanSanten Omar Epps Cynthia Addai-Robinson Eddie McClintock Josh Stewart Gerald McRaney ComposerBobby KrlicCountry of originUnited StatesOriginal languageEnglishNo. of seasons3No. of episodes31ProductionExecutive producers Lorenzo di Bonaventura John Hlavin Stephen Levinson Mark Wahlberg ProducerRyan Phillippe...

For other uses, see The Indestructibles (disambiguation). The Indestructibles (Ancient Egyptian: j.ḫmw-sk – literally the ones not knowing destruction[1][2]) was the name given by ancient Egyptian astronomers to two bright stars which, at that time, could always be seen circling the North Pole.[3] The name is directly related to Egyptian belief in constant North as a portal to heaven for pharaohs, and the stars' close association with eternity and the afterlife. ...

Estadio Dongdaemun LocalizaciónPaís  Corea del SurLocalidad Seúl, Corea del SurCoordenadas 37°34′03″N 127°00′38″E / 37.56758, 127.010595Detalles generalesSuperficie Césped naturalDimensiones 117 x 78 mCapacidad 22.706 espectadoresConstrucciónApertura 1926Demolición 2003Equipo local Ilhwa Chunma (1989-1995)LG Cheetahs (1990-1995)Yukong Kokkiri (1991-1995)Acontecimientos Juegos Olímpicos de Seúl 1988 (fútbol)[editar datos en Wikidata] El es...

Docklands Light Railway station Tower Gateway The station entrance in 2015Tower GatewayLocation of Tower Gateway in Central LondonLocationMinoriesLocal authorityCity of LondonManaged byDocklands Light RailwayNumber of platforms2 (facing 1 tracks)AccessibleYes[1]Fare zone1OSIAldgate Fenchurch Street Tower Hill [2]Cycle parkingYesToilet facilitiesNoDLR annual boardings and alightings2018 4.780 million[3]2019 4.905 million[4]2020 1.344 million[5]2021 2.401...

Ligue 1JuaraMontpellier(gelar pertama)DegradasiCaen Dijon AuxerreLiga ChampionsMontpellier Paris Saint-Germain LilleLiga EropaLyon Bordeaux MarseilleJumlah pertandingan380Jumlah gol956 (2,52 per pertandingan)Pencetak golterbanyakOlivier Giroud Nenê (21 gol)Kemenangan kandangterbesarParis Saint-Germain 6–1 Sochaux (22 April 2012)[1]Kemenangan tandangterbesarDijon 1–5 Rennes (7 Agustus 2011)[2] Sochaux 2–6 Rennes (21 September 2011)[2]Pertandingan terbanyak g...

Canadian scholar (1929–2023) Eva KushnerOC FRSCBornEva Milada Ruth Dubska(1929-06-18)June 18, 1929Prague, CzechoslovakiaDiedJanuary 28, 2023(2023-01-28) (aged 93)Toronto, Ontario, CanadaEducationMcGill University (BA, MA, PhD)Spouse Donn Kushner ​ ​(m. 1949; died 2001)​Children3 Eva Milada Ruth Kushner OC FRSC (née Dubska; June 18, 1929 – January 28, 2023) was a Canadian scholar of Comparative literature and French, Renaissance...

Marvel Comics character For the British comic, see Nikki (DC Thomson). Comics character NikkiTextless cover of Guardians 3000 #5Art by Alex Ross.Publication informationPublisherMarvel ComicsFirst appearanceMarvel Presents #4(April 1976)Created bySteve GerberMary SkrenesAl MilgromIn-story informationAlter egoNicholette GoldSpeciesMercurianTeam affiliationsGuardians of the GalaxyAvengersAbilities Mercurian physiology granting: Superhuman strength, speed, vision, agility, durability, and reflexe...

Not to be confused with Naib Nazim of Dhaka. Nawab of DhakaAhsan Manzil, seat of the Nawab of DhakaCreation date1806First holderKhwaja Abdul GhaniLast holderKhwaja HabibullahStatusExtinctExtinction date1952Seat(s)Ahsan Manzil, Dhaka The Nawab of Dhaka (Bengali: ঢাকার নবাব), originally spelt in English Nawab of Dacca, was the title of the head of one of the largest Muslim zamindar in British Bengal and Assam, based in present-day Dhaka, Bangladesh.[1] The title of naw...

Association for Defence studies Bernardo Houssay was the first Latin American to obtain a scientific Nobel, when he was awarded the Nobel Prize in Medicine in 1947 for his work on the influence of the anterior lobe of the pituitary gland on the distribution of glucose in the body, which is important for development of diabetes.[1][2] Luis Leloir (left) celebrating with his teammates the day he was awarded the Nobel Prize in Chemistry in 1970 for his discovery of nucleotide sac...

Skuadron Polandia pada tahun 1830–1831 Skuadron,[1] eskadron,[2] atau skadron[a] (bahasa Italia: squadrone) adalah subunit kavaleri dan formasi dari kompi dalam dunia militer. Istilah ini masih digunakan untuk merujuk pada unit kavaleri modern tetapi juga dapat digunakan sebagai sebutan untuk senjata dan layanan lainnya. Skuadron juga merupakan sejumlah kapal terbang atau pesawat terbang militer yang membentuk suatu kesatuan.[1] Lihat pula Skuadron udara ...

Genus of molluscs Banana slug Two banana slugs preparing to mate Scientific classification Domain: Eukaryota Kingdom: Animalia Phylum: Mollusca Class: Gastropoda Subclass: Heterobranchia Order: Stylommatophora Superfamily: Arionoidea Family: Ariolimacidae Subfamily: Ariolimacinae Genus: AriolimaxMörch, 1859 Type species Ariolimax columbianus Synonyms Aphallarion Pilsbry & Vanatta, 1896 Anatomy of a slug Banana slugs (Ariolimax) is a genus of North American terrestrial slugs in the family...

Artikel ini memiliki beberapa masalah. Tolong bantu memperbaikinya atau diskusikan masalah-masalah ini di halaman pembicaraannya. (Pelajari bagaimana dan kapan saat yang tepat untuk menghapus templat pesan ini) Topik artikel ini mungkin tidak memenuhi kriteria kelayakan umum. Harap penuhi kelayakan artikel dengan: menyertakan sumber-sumber tepercaya yang independen terhadap subjek dan sebaiknya hindari sumber-sumber trivial. Jika tidak dipenuhi, artikel ini harus digabungkan, dialihkan ke cak...