Ер-тұрман

Ер-тұрман құрылымы

Ер-тұрман – мініс-көлік малына салт мінетін ер әбзелдерінің кешенді атауы. Ер-тұрман "ер-тоқым" деп те аталады.

Тарихи дәстүр

Ер-тұрман – көне заманнан бүгінге жеткен көшпелілер тұрмысында зор маңызға ие болған заттық мәдениеттің айрықша үлгісі. Ердің шаруашылық маңызымен қатар ғұрыптық мәні де ерекше. Ертеректе отты қарудың жетілдірілген түрі шыққанға дейін көшпелілер қоғамында салт атты жауынгерлердің жауынгерлік қимылдарына лайықталған ер-тұрманның алар орны ерекше болды. Сондықтан көшпелі тұрмыс және әскери жорық қажеттілігіне байланысты ер-тұрман жабдықтары үнемі жетілдіріліп отырды. Ер-тұрманның негізінен атқа жайлы болу жағы басты шарт болған.

Ер-тұрманның құрамдас бөліктері

Құйысқан бөліктері.
Өмілдірік құрылысы.

Ер-тұрман ердің қаңқасы тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан, өмілдірік, үзеңгі, жүген, ноқта, жабу, тұсау, шідер, қамшы және т.б. тәрізді құрамдас бөліктерден тұрады. Атқа салт мінуге қажетті мұндай әбзел-жабдықтар халық тілінде жалпылама түрде ер әбзел, ат-жабдық, ат-сайман, ат әбзелі, ат-тұрман, ер-тоқым, айыл-тұрман, ат-анжам деп түрліше аталады.

  • Тоқым әдетте киізден сырыла, айнала жиегі шұға, барқыт секілді қымбат маталармен көмкеріле, сырты түгелдей былғарымен қаптала жасалады. Осыған байланысты тоқымдар киіз тоқым, сырма тоқым, көмкерме тоқым, былғары тоқымдеген түрлерге бөлінеді. Тоқым құрамына тебінгі, тоқым, ішпек, ішкілік, терлік,өң тәрізді төсеніш жабдықтар кіреді. Тоқымның кейбір түрлерін тек ершілер жасаған. Ер-тұрманның ат арқасына батпауын қамтамасыз ететін тоқым, әдетте, киізден сырып тігіледі де, кейде оның айнала жиегі матамен көмкеріледі, ал кейбір тоқымның сырты түгелдей былғарымен жабылады. Сонда сырылған киіз былғары тоқымның астары сияқты болып шығады. Былғарымен қапталмаған сырма тоқымдарды әйелдер де тіге береді, ал былғары тоқым тек ершілер қолынан шыққан. Тоқымның көлемі де, пішілу кескіні де әртүрлі болады. Әйел еріне арналған тоқымдар үлкен (көлемі 140-150х50-65 см) болып, көркем әшекейленеді. Ал еркектердің еріне арналған тоқымдар ықшамдау (көлемі 90-100х50-55 см) келеді. Халық арасында тоқымның әшекейленген ақ тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, киіз тоқым, былғары тоқым, желқом, жона, айыр жона, көк жона, киіз тоқым, құрым тоқым, олбыр тоқым, сырма тоқым, ішкілік, терлік, ішпек, ойма ішпек, қағыр және т.б. түрлері ұшырасады. Тоқымның көлемі мен пішіні оның қандай ерге арналғандығына байланысты болып келеді. Киіз тоқымды былғарымен қаптап, ою-өрнектер шабылып, күміс әшекейлер қондырылатын, ат тұрмандарының ішіндегі ең бір сәндісі – былғары тоқымның екі түрі болған: оймалы былғары тоқым және тұтас былғары тоқым. Тұтас былғары тоқым көбінесе әйелдерге арналады. Сондай-ақ сал мен серілер және елағасы атанғандар да былғары тоқымды пайдаланған.
  • Тебінгі – төмен қарай жалғастырыла тігілген немесе тағылған, шалбардың балағын, аяқкиімді аттың терінен сақтайтын жалпақ қалың былғары. Тебінгі жасағанда алдымен киізді арнаулы үлгімен пішіп алады да, былғарысын одан сәл артықтау етіп пішіп жиегін астына қарай емеріп қайып тігеді. Тебінгі үлгі-пішіні, үлкен-кішілігі, ою-өрнегі, неден жасалғаны, қалай құрастырылғанына қарай бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі аталады. Қыздар мен әйел адамдардың тебінгілері өте бай өрнектеліп, әшекейленеді.
  • Ішпек – ат арқасына ердің батпауы үшін тебінгі тоқым астынан салынатын аттың арқасын зақымдалудан қорғайтын жұмсақ төсеніш. Ішпек екі қабат киізден алды-арты көмкеріліп жасалады. Көлемі жағынан екі жаны ердің қапталымен сынық сүйем артылып төмен түседі, алды-арты тебінгі тоқымынан екі елідей шығып көрініп тұрады.
  • Ішкілік – ішпек астынан салынатын өте жұмсақ таза талдырмадан жасалған көлемі ішпектей ғана жалаң төрткүл киіз. Аттың денесіне тіке түсетін ең соңғы қабат ат арқасының тері сіңетін болғандықтан оны көбінесе терлік деп те, өң деп те атайды. Терлік көбінесе қозы, лақ терісінен, қылқадан, қарақұйрық терісінен, жұмсақ иленген ешкі жарғағынан кейде жабағыдан жасалады. Тоқым жұқа, жалаң болса, оның астына терлік, үстіне желдік салынады.
  • Желдік – тоқымның үстінен, ердің екі қапталының астынан қойылатын, қаптал ағашын ат арқасына тигізбей тұратын екі бөлек жабдық. Желдікті көбінесе құранды, қозықұйрық және шошақбас ерлер секілді қапталдарының көлемі шағын ерлерге арнап жасайды.
  • Жона – аттың арқасын ердің қажауынан қорғап тұру үшін ердің екі қапталына ғана келетіндей етіп былғарыдан жасалатын ықшам келген қалың тоқым.
  • Аткөрпе, атжабу көпшік – ердің үстіне жабылатын жұмсақ жамылғы. Көпшікті дорбашалап, былғарыдан немесе қалың көрпеден ішіне қоға, жүн, сабан салып дайындаған.
  • Кежім – жүйрік атқа жабатын, оюлап әшекейленген, жұқа шүберек жамылғы.
  • Жабу – атты суықтан қорғау үшін жабатын киіз, көрпе, жамылғы. Бәйгеге қосылатын аттың арам терін алу үшін де қатты желдіртіп, кейін жылы жабумен орап, терін шығарады.
  • Үзеңгі – атқа мінуге, ер үстінде отырғанда екі аяқты тіреп орнықты отыруға, әрі тебінуге мүмкіндік беретін әбзел. Қазақ ершілерінің ағаш, темір, қола сияқты материалдар-дан жасаған үзеңгісі үзеңгібау, тепкішек деп аталатын бөліктерден тұрады. Үзеңгібау өткізуге арналған үзеңгінің екі қапталдағы тесігі ені бір елі, ұзындығы екі-үш елі шамасында болады.
  • Жүген – мініс атының басына кигізілетін ат басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге көлікті адам ырқына көндіруге қажетті әбзел. Жүген ауыздық, тізгін және шыл-быр тәрізді негізгі және олардың құраушы ондаған ұсақ бөлшектерден тұрады. Қазақ әбзелшілері жүгенді оның өрілу техникасы мен безендірілуіне қарай көптеген түрлерге бөлген. Әбзелге қатысты деректер мен мәліметтерде өрме жүген, алтын жүген, шашақ жүген, күміс жүген, бесқасқа жүген, былғары жүген, жетіқасқа жүген, құр жүген, қайыс жүген, үкілі жүген, түйме жүген, шытырмалы жүген, күмбезді жүген және т.б. толып жатқан түрлері аталады және олар әбзелшінің шеберлік өресі мен қиялына сай түрлендіріп жасалады.
  • Құйысқан – ат арқасына салынған ер-тоқым мойнына қарай сырғып кетпеу үшін аттың құйрық түбінің астынан өткізіліп, ерге бекітілетін әбзел. Құйысқан екі жақтау, жаңбырлықтағы екі салпыншақ, үзбе бір боқтық және бір сауыр үзбе деп аталатын бөліктерден тұрады. Құйысқан ер қапталының артқы жағындағы құйысқандық деп аталатын шығыршық арқылы ерге бекітіледі.
  • Өмілдірік. Ер-тоқымның артқа қарай сырғып кетпеуі үшін ат омырауына тағылатын әбзел – өмілдіріктің әйел және ерлер ер-тұрмандарына арналған түрлері болады. Ерлер өмілдірігі екі жақтау, жырым, айылбас және салпыншақтан тұрады. Кейбір өмілдірікте ердің екі қапталындағы өмілдірік пен құйысқанды бекітетін қайыс бүлдіргі төсбау болады. Төсбаудың бір ұшы өмілдірікке, екінші ұшы төс айылға ілінеді. Өмілдірік пен құйысқан жасалу материалына, техникасына, пошым үлгісіне қарай қайыс, өрмелі, былғары, түймелі, үзбелі, шы-тыралы, алтын, күміс т.б. түрлерге жіктеледі. Кейде бұндай әбзел омыраулық, омырау бау, төстік бау, алқа бау т.б. деп аталады.
  • Пыстан – көпшік немесе ат көрпенің үстінен баса тар-тылатын тұрман. Пыстанның жалпақ тұсы ер қапталының үзеңгілігіне дейін келетін етіліп жасалады. Оның ұштары төс айылға жалғаса бекітіледі. Ені 3-4 елідей. Көпшік пен аткөрпені басып, ердің алдыңғы-артқы қасына кигізіле са-лынатын қайыс бауы болады, оны бастырма, көпшік, көрпе бастырма, пыстан бау деп түрліше атайды. Ердің алды-артында, қапталдың қастан асып тұрған қанжығалық бөлігі төртеу болады және онда екі-екіден сегіз тесік тесіледі. Әр екі тесікке таспаланып өткізілген бір жұп бүлдірге қанжыға деп аталады. Канжыға ердің алдыңғы және артқы жағына қоржын-қопсақ бөктеруге арналған.
  • Айыл – ер-тоқымды бекіту үшін аттың бауырынан орай тартылатын, құрдан немесе қайыстан қабатталып тігілген немесе өріп жасалған тоғалы тартпа. Әр ерде екі-үштен айыл болады.

Ер-тұрман дайындау

Бірнеше сатыдан тұратын, ұзақ уақыт алатын күрделі технологиялық үрдіс. Себебі ер-тұрман жасауға ағаш, тері, металл материалдар таңдау, оларды өңдеу, дайындау айрықша біліктілікті талап етеді. Бұл үрдіс ерге ағаш таңдау, ер ағашын шабу, құрастыру, тұрман, әбзелдерін жасау тәрізді бірнеше сатыдан тұрады. Егер лайықты, үлкен ағаш кездескен жағдайда, ердің ағашын бітеу шабатын болған. Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріндегі ершілер ердің қастарын жуан қайыңның шірімеген түбінен шабады. Себебі мұндай ерлер сапалы, әрі берік болады.

Ер-тұрман материалдары

Ерді құрастыруға және ердің құрамдас бөліктерін жасауға қажетті ағаш, темір, тері, көн, былғары, тарамыс, киіз, мүйіз, сүйек, алтын, күміс, мыс, жез, тоз, шыны, асыл тас, жүн тәрізді табиғи заттар қолданылды. Ер қосушылар қолданатын мұндай материалдардың дұрыс таңдалуы қазақ ершілерінің шеберлік деңгейін көрсетеді. Ершілікте қолданылатын материалдарды қатты материалдар және жұмсақ материалдар деп бөлуге болады. Ершілердің көбі материалдардың осы екі түрімен де шебер жұмыс істей білген. Ер-тұрман жасауда малдың көн терісін пайдаланады. Қайыс – иленген теріден өңделіп жасалған таспа. Иі қанып шыққан теріні көлеңкеде сорғытып, дегдітіп алып, талқыға салып жұмсартады. Кейде теріні ағаш жаңғырықтың үстіне салып, қол тоқпақпен соғу жолымен де жұмсартады, шелдейді. Қайыстан айыл, жүген, тізгін, шылбыр, қанжыға, ноқта, қамшы, тұсамыс, құлақбау, шідер, шілия сияқты т.б. ер-тұрман жабдығының қолданыстық маңызы айырықша элементтері жасалды. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап сырттан келетін былғарының таралуына байланысты ер тұрманға былғары түрлерін қолдану кең өріс алды. Былғарыдан тоқым, шашақ, айыл, жүген тәрізді ер-тұрмен бөліктері дайындалды. Ер-тұрман түрлерін сәндеуге ертеде Түркістан өлкесінде айрықша технология бойынша жылқының сауыр терісінен жасалған жасыл, көк түстерге боялған "көксауыр" тері пайдаланылған. Көксауырдан жасалған тұрман жоғары бағаланған.[1]

Дереккөздер

  1. ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9

Әдебиеттер

  • Масанов Э.А. Кузнечное и ювелирное ремесло в казахском ауле (вторая половина ХІХ – начало ХХ вв.) ТИИФЭ АН КазССР. Т.12. Алма-Ата, 1961. С.147-151;
  • Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
  • Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
  • Хозяйства казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу. Алматы: Наука, 1980;
  • Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы: Өнер, 1987;
  • Бабалықұлы Ж. Ер тоқым. Ер қанаты. Жинақ. Құраст.: Ж.Аупбаев. Алматы: Қайнар, 1987. 259-278 бб.;
  • Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991;
  • Нүркеұлы Қ. Ұлттық мирас – ата мұра. Өлгий. 1991;
  • Жетiбаев Ж.М. Маңғыстау және Үстірт қазақтарының халық суреттерiндегi қару-жарақтар. ҚР ҰҒА хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1993. №5. 61-68-бб.;
  • Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995: K.Péter. Szelek szárnyán. A sztyeppei nomádok lovas-kultúrája. Arkadas, 2003;
  • Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап 2005;
  • Кәмалашұлы Б., Ошанов О. Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпындағы ерекшеліктер. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Біртұтастығы және ерекшелігі. Құраст.: С.Е. Әжіғали. Алматы: Арыс, 2005. 226-245-бб.;
  • Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007;
  • Тоқтабай А. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы: Алматыкітап, 2010.

Read other articles:

تاريخ اقتصاديصنف فرعي من تاريخ العلوم الاجتماعية جزء من اقتصاد — تاريخ يمتهنه مؤرخ اقتصادي شخصيات مهمة فرنان بروديل تعديل - تعديل مصدري - تعديل ويكي بيانات جزء من سلسلة مقالات حولاقتصاد تاريخأفرع تاريخ الاقتصاد مدارس الاقتصاد اقتصاد سائد اقتصاد بدعي المنهجية الاقتصادية ...

Turkish chess player (born 1991) Kübra ÖztürkÖztürk at the 2008 World Junior Chess Championship in Gaziantep, TurkeyCountryTurkeyBorn (1991-05-11) May 11, 1991 (age 32)Mamak, Ankara, TurkeyTitleWoman Grandmaster (2012)Peak rating2364 (September 2017) Kübra Öztürk (born May 11, 1991) is a Turkish chess player. As of the July 2012 FIDE rating list, she is ranked number 199 in the world and second in Turkey among female active players. She earned FIDE titles as Woman FIDE Maste...

  此條目介紹的是一个政治用语。关于中華民國行政区划下的一个省份,请见「臺灣省」。关于中华人民共和国行政区划下的一个省份,请见「台湾省 (中华人民共和国)」。关于其他被稱為「臺灣」的條目,请见「臺灣 (消歧義)」。   提示:此条目的主题不是中华台北、中國台北或中華民國台灣。  中华人民共和国实际管辖的大陆地区(紫色) 中華民國...

San Gioacchino ai Prati di CastelloSan Gioacchino ai Prati di Castello, RomeAgamaAfiliasi agamaKatolik RomaDistrikLazioProvinsiRomeEcclesiastical or organizational statusGereja titulerKepemimpinanLeopoldo BrenesDiberkati1911LokasiLokasi Roma, ItaliaKoordinat41°54′35.7″N 12°27′54.5″E / 41.909917°N 12.465139°E / 41.909917; 12.465139Koordinat: 41°54′35.7″N 12°27′54.5″E / 41.909917°N 12.465139°E / 41.909917; 12.465139Arsitekt...

Universidad Politécnica de Palestina جامعة بوليتكنك فلسطين Fundación 1978LocalizaciónDirección Hebrón,  PalestinaCoordenadas 31°32′01″N 35°05′50″E / 31.533611, 35.097222Sitio web Página oficial[editar datos en Wikidata] La Universidad Politécnica de Palestina[1]​ (en árabe: جامعة بوليتكنك فلسطين) es una universidad situada en Hebrón, una localidad de Palestina. La escuela fue fundada en 1978 por la Uni

Cet article est une ébauche concernant une localité de l’Illinois. Vous pouvez partager vos connaissances en l’améliorant (comment ?) selon les recommandations des projets correspondants. Pour les articles homonymes, voir Essex (homonymie). Essex Administration Pays États-Unis État Illinois Comté Kankakee Type de localité Village Code ZIP 60935 Code FIPS 17-24452 GNIS 408061 Indicatif(s) téléphonique(s) local (locaux) 815 et 779 Démographie Population 554 hab. (2010) D...

تصميم دبليو 85 (قنبلة نووية) دبليو 85 هو رأس حربي نووي حراري طورته الولايات المتحدة الأمريكية. يشار إليها بالغالب باسم «الطلب الهاتفي» والتي يمكن ضبطها بين 5 و 80 كيلو طن.[1] نظرة عامة كان الصاروخ دبليو 85 مسلح برأس حربي يبلغ حجمه 400 كيلوطن.[2] وبحلول أوائل السبعينيات كان من...

AucasBerkas:Aucas.pngNama lengkapSociedad Deportiva AucasJulukanOrientales, El idolo del pueblo (Idola Masyarakat)BerdiriFebruary 6, 1945StadionEstadio Sociedad Deportiva AucasQuito, Ekuador(Kapasitas: 22,000)KetuaRamiro GordonManajerJulio AsadLigaSerie B2012Segunda Categoría, 1st Juara Kostum kandang Kostum tandang Superclásico di Quito, 2005 Sociedad Deportiva Aucas adalah tim sepak bola profesional asal Ekuador yang bermukim di Quito dan kini berkompetisi di kasta kedua di Ekuador. Tim i...

ميرانديس الشعار الاسم الكامل نادي ميرانديس لكرة القدم تأسس عام 1927 الملعب أندوفا ميراندا دي إيبرو، إسبانيا(السعة: 6،000) البلد إسبانيا  الدوري الدوري الأسباني الدرجة الثانية الإدارة المدير الفني كارلوس تيرازاس المدرب كارلوس تيرازاس (2013–2016)خوسيه ألبرتو لوبيز مينينديث (2020...

كوم بوها بحري  -  قرية مصرية -  تقسيم إداري البلد  مصر المحافظة محافظة أسيوط المركز ديروط المسؤولون السكان التعداد السكاني 7329 نسمة (إحصاء 2006) معلومات أخرى التوقيت ت ع م+02:00  تعديل مصدري - تعديل   قرية كوم بوها بحري هي إحدى القرى التابعة لمركز ديروط في محافظة أسي

American television series For other uses, see American Family. Loud Family redirects here. For the unrelated animated TV series featuring a family with the same surname, see The Loud House. For the unrelated rock band, see The Loud Family. An American FamilyThe Loud Family (Back, from left: Kevin, Grant, Delilah and Lance. Front, from left: Michele, Pat and Bill)GenreDocumentary/RealityCountry of originUnited StatesOriginal languageEnglishNo. of seasons1No. of episodes12ProductionProducerCra...

American conductor Robert Shaw Robert Lawson Shaw (30 April 1916 – 25 January 1999) was an American conductor most famous for his work with his namesake Chorale, with the Cleveland Orchestra and Chorus, and the Atlanta Symphony Orchestra and Chorus.[1] He was known for drawing public attention to choral music through his wide-ranging influence and mentoring of younger conductors, the high standard of his recordings, his support for racial integration in his choruses, an...

Bagian dari seri: Penerjemahan Jenis terjemah Penafsiran Penerjemahan hukum Penerjemahan harfiah Penerjemahan teknis Teknik terjemah Penerjemahan berkomputer Penerjemahan mesin Konsep lainnya Transkripsi Alih aksara Kotak ini: lihatbicarasunting Alih aksara tidak beraturan dari aksara Arab/Latin ke aksara Tifinagh. Alih aksara atau transliterasi adalah pengalihan suatu jenis huruf ke jenis huruf lainnya. Misalkan alih aksara dari aksara Hangeul ke huruf Latin, dari aksara Arab ke huruf Latin,...

ウィリアム・ダグラスWilliam Douglas 初代クイーンズベリー公 在位 1684年2月3日 - 1695年3月28日出生 1637年死去 1695年3月28日配偶者 イザベラ・ダグラス子女 ジェイムズウィリアムジョージアン家名 ダグラス家父親 第2代クイーンズベリー伯爵ジェイムズ・ダグラス母親 マーガレット・ステュワートテンプレートを表示 初代クイーンズベリー公爵ウィリアム・ダグラス(英:...

1965 novel by James A. Michener This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: The Source novel – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (January 2023) (Learn how and when to remove this template message) The Source First editionAuthorJames A. MichenerIllustratorJean-Paul TremblayCover artist...

Wolfs HeadWolfs Head from southeastHighest pointElevation12,165 ft (3,708 m)[1]Prominence80 ft (24 m)[1]Coordinates42°46′50″N 109°13′58″W / 42.78056°N 109.23278°W / 42.78056; -109.23278[2]GeographyWolfs HeadLocation in WyomingShow map of WyomingWolfs HeadLocation in the United StatesShow map of the United States LocationFremont and Sublette Counties, Wyoming, U.S.Parent rangeWind River RangeTopo mapUSGS Lizar...

Idaho Falls Idaho TempleNumber8DedicationSeptember 23, 1945, by George Albert SmithSite7 acres (2.8 ha)Floor area116,250 sq ft (10,800 m2)Height143 ft (44 m)Official website • News & imagesChurch chronology ←Mesa Arizona Temple Idaho Falls Idaho Temple →Bern Switzerland Temple Additional informationAnnouncedMarch 3, 1937, by Heber J. GrantGroundbreakingDecember 19, 1939, by David Asael SmithOpen houseSeptember 15–20, 1945; April 22–May 2...

Indian writer and director Habib FaisalHabib in 2012BornBhopal, Madhya Pradesh, IndiaAlma materJamia Millia IslamiaOccupationsFilm directorscreenwriterlyricistYears active1992–present Habib Faisal is an Indian filmmaker and lyricist. He is best known for directing Do Dooni Chaar (2010) and Ishaqzaade (2012). Career He made his directorial debut, Do Dooni Chaar, for which he won Filmfare Award for Best Dialogue.[1] He co-wrote Siddharth Anand's Salaam Namaste.[2] He...

Historical waterside mansion Hatice Sultan Mansion The Hatice Sultan Mansion (Turkish: Hatice Sultan Yalısı), a historical yalı (English: waterside mansion) located at Bosporus in Ortaköy neighborhood of Istanbul, Turkey and named after its original owner Hatice Sultan, is used today as a water sports club's building.[1] The residence at Defterdarburnu (Defterdar Point) in Ortaköy[2] was used as an orphanage and later as a primary school after the Ottoman dynasty was exil...

This article needs additional citations for verification. Please help improve this article by adding citations to reliable sources. Unsourced material may be challenged and removed.Find sources: Central Funicular – news · newspapers · books · scholar · JSTOR (April 2017) (Learn how and when to remove this template message) Central FunicularOverviewNative nameFunicolare CentraleStatusin useLocaleNaples, ItalyStations4ServiceTypeFunicularOperator(s)1975...