Басқа мағыналар үшін Кербен деген бетті қараңыз.
Керуен (қыр. Кербен) — Қырғызстандағы қала, Жалалабат облысы, Ақсы ауданының әкімшілік орталығы.
Халқы (2017) — 28,3 мың адам[2].
Географиясы
Қала облыс орталығы Жалалабаттан 220 км солтүстік-батысқа қарай, Ташкөмір қаласының темір жолынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан.
Керуен қаласы Ақсы ауданының ортасында, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері жазық, кедір-бұдырлы. Климаты континентті. Қысы кейде қатал, жазы ыстық, жылдық орташа температурасы Цельсий бойынша плюс 12 градус.
Тарихы
Ауыл 1930 жылы Караван атауымен құрылған болатын. 2004 жылы 4 қазанда Караван ауылының атауы Керуен болып өзгеріп, оған аудандық бағыныстағы қала мәртебесі берілді.
Халқы
Кербен қалалық басқармасының аумағында 7 елді мекен орналасқан: Керуен, Күліктөбе, Ақтөбе, Жетіген, Құрылыс, Ұстықан және Мамай.
2004 жылғы 1 қаңтар деректеріне сәйкес Керуен қаласының халық саны (іргелес айыл өкмөттерін қоса есептегенде) 22 408 адамды құрайды (немесе облыс халқының 11,2 %-і). Қала халқы саны - 13 433 адам, ауыл халқы – 8 975 адам. Қалада шамамен 19 этнос өкілдері тұрады, оның ішінде: қырғыздар – 19 943 адам (89 %), өзбектер – 1 994 адам (8,9 %), орыстар – 314 адам (1,4%), басқалары – 157 адам (0,7%).
2017 жылғы 1 қаңтарда халық саны адам 28,3 мың адамды құрады
[2].
Дереккөздер
Сілтемелер
Қырғыз Республикасының қалалары қауымдастығы сайтында Мұрағатталған 27 шілденің 2010 жылы.