Жыланбас асатаяқ

Жыланбас асатаяқ. ҚР ҰМ қорынан. Ұзындығы 50,5 см. Ол біртұтас имек ағаштан өңделіп, қоңыр түске боялған. Асатаяқтың қолға ұстайтын тұсынан ары қарай әртүрлі көлемде жеті қола қоңыраулар орнатылған. Бір жақ жанына түрлі өрнектер ойымышталып салынған. Қоңырауларынан дыбыс шығару үшін соғуға арналған мыстан жасалған балғасы бар.

Жыланбас асатаяқ – соқпалы-сілкімелі музыкалық халық аспабы.

Жасалуы

Саз аспабы ұзындығы жарты құлаш көлеміндегі сәл иіңкі келген ағашты өңдеп, оған әртүрлі көлемдегі алдын-ала құйылған жезқола қоңырауды үлкенінен бастап кішісіне қарай ретімен тағып жасаған. Сонымен қатар, бұл аспаптың қосымша соғуға арналған нәзік етіп жасалған арнайы балғасы болады. Осы балғаның көмегімен қоңырауды соққанда, әр қоңыраудың өзінше шығаратын үні болады. Мәселен, үлкен қоңыраудың үні жуан болса, кішірегінен жіңішке үн шығады. Ертеде мұндай саз аспабын халық арасында музыкалық аспап ретінде қолданбай тұрған уақытта діни-бақсылық ғұрыпта, емшілікте жын-перілерді шақыруда пайдаланған. Себебі, халық түсінігінде қоңырау үнінің ерекше қасиеті бар деген сенім болған.[1]

Дереккөздер

  1. ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9

Әдебиеттер

  • Сарыбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары. Алматы: Жазушы, 1978;
  • Жәкішева З.С. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. Алматы: Алматыкітап, 2009;
  • ҚР МОМ – материалдарынан;
  • ОМЭЭ – материалдарынан.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!