Ішекті музыкалық аспаптар

A.

Ішекті музыкалық аспаптар, хордофондарішектері арқылы үн шығаратын музыка аспаптары. Ішекті музыкалық аспаптары дыбысының жоғары-төмен болып өзгеруі ішегінің қысқа (мысалы, скрипка, қобыз), немесе белгілі бір диапазонға келтіріліп қойған ішегіне (мысалы, фортепиано) байланысты. Ішекті музыкалық аспаптартардың дені ағаштан әзірленеді де, дека деп аталатын негізгі үнді тербеліске түсіріп шығаратын бөлігі шырша, не болмаса самырсын ағашынан жасалады. Әдетте ішекті музыкалық аспаптардың кейбір бөлшектерін бекіту және механизмдік тетіктері үшін металл (ішектен басқа) қолданылады. Ішекті музыкалық аспаптар дыбыс-үн шығаруына қарай ысқылы (виола, виолончель, гиджак, қобыз, скрипка, т.б.), шертпелі (арфа, балалайка, гитара, гусли, домбыра, т.б.), соқпалы, соқпалы-тілді (цимбал, фортепиано, т.б.) және шертпелі-тілді болып жіктеледі; қ. Музыкалық аспаптар.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!