Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

Жаңа ауыл

Жаңа ауыл
Жаңа ауыл мечеті

Жаңа ауыл (қазіргі «Семей таңы») - газет, Семей губерниялық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары губерниялық Советінің органы. 1928 жылдан шыға бастаған. [1]


Газет 1940-1954 ж. Абайдың дүниетанымы мен қоғамдық қызметін ашып көрсету мақсатыңда бірқатар материалдар жариялады. Ә.Қасымбековтың «Абайдың ғылымды іздеуі» (1940, 11 қыркүйек), «Абайдың ұстаздық қызметі» (1940, 20 қыркүйек) және Толқынның «Абай және еңбек» (1940,25 қаңтар) деген мақапаларында Абайдың жас ұрпақты ғылым-білімге, еңбекке үндейтін өлеңдері сөз болады. С.Сейтхазиннің «Абай өлеңді қалай бағалады?» (1940,13 қазан), Исраилдің (Ақылбаевтың) «Абай және ән-күй» (1940, 20 қазан) атты материалдары ақынның өлең-жыр. Өнер туралы ойларын тұжырымдауға арналған. Зерттеуші ақындар Қ.Бекхожиннің «Абай-гуманист» (1954, 19 тамыз), О.Бекбосыновтың «Абай оқуға, білімге үндеген ақын» (1954, 26 тамыз) мақалаларында және «Біздің Абай» атты редакциялық материалда (1954, 5 қыркүйек) Абайдың әлеуметтік қызметі мен көзқарастарын зерттеу одан әрі тереңдей тұскен.[2]

Тағы қараңыз

Семей таңы

Дереккөздер

  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


Prefix: a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

Portal di Ensiklopedia Dunia

Kembali kehalaman sebelumnya