ӨзбекстанӨзбекстан
Қарақалпақстан
Қоңырат
43°58′04″ с. е. 57°29′38″ ш. б. / 43.96778° с. е. 57.49389° ш. б. / 43.96778; 57.49389 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°58′04″ с. е. 57°29′38″ ш. б. / 43.96778° с. е. 57.49389° ш. б. / 43.96778; 57.49389 (G) (O) (Я)
1975
4600 адам (2016)
қарақалпақтар, қазақтар, өзбектер
230608
Жаслық (қарақ. Жаслық, өзб. Jasliq/Жаслиқ) — Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстанның Қоңырат ауданындағы кент. Кентте аттас теміржол бекеті (Найманкөл-Бейнеу желісінде) және бұрынғы Түлей жергілікті әуе желілерінің әуежайы бар.
1975 жылдан бастап кент мәртебесіне ие.
Кенттен солтүстік-шығысқа қарай 9 шақырым жерде бұрынғы әскери әуеайлақ орналасқан. Кент маңында 1980 жылдары химиялық қару мен одан қорғану құралдарын сынақтан өткізуге арналған «Сегізінші химиялық қорғаныс станциясы» әскери полигоны құрылды. Полигонның негізгі аумағы Бейнеу-Нүкіс тас жолының шығысында, тас жол мен Арал теңізінің арасында орналасқан көлемі шамамен 30х40 км бесбұрыш болды. Полигонды Нүкіс қаласында орналасқан әскери бөлімдердің: сынақ-химиялық полк (44105 ә/б) және химиялық қарудан қорғану құралдарын әзірлеу орталығы (26382 ә/б) әскери қызметшілері басқарды. Сынақ алаңын авиациялық қамтамасыз ету үшін Нүкіс әуеайлағында орналасқан 101-ші жеке сынақ авиация эскадрильясы (Ан-26 ұшағы, Ми-8 тікұшақтары) пайдаланылды. Полигон мен әуеайлақ құрылысын әскери құрылысшылар жүргізді. 11708 және 01528 ә/б Жаслық кентінде орналастырылды. 43177 ә/б (Нүкіс) бағынышты.
«Жаслық» әуеайлағы, полигон және әскери құрылысшылардың екі бөлігі 1991 жылдың соңы – 1992 жылдың басында жабылды. Әскери қызметкерлер Ресейге шығарылды.
1999 жылы бұрынғы әскери қалашық пен әуеайлақ орнында діни-экстремистік топтардың қызметіне қатысы бар адамдар арасынан тұтқындар үшін қатаң режимдегі «Жаслық» колониясы (ҰЯ 64/71) құрылды. 2019 жылдың тамыз айында Өзбекстан президенті колонияның жабылатынын мәлімдеді.
Ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші Білеулі керуен сарайы Үстіртте Жаслық теміржол бекетінен солтүстік-батысқа қарай 67 км жерде орналасқан.