Ескелді би ауылы — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Ескелді ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-дей жерде, Көксу өзеннің оң жағасындағы бетеге, боз, көде, жусан, айрауық басым өскен қоңыр, қызыл қоңыр топырақты жазық өңірде орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1343 |
▲1424 |
▼1393 |
97,8 |
703 |
▼701 |
99,7 |
721 |
▼692 |
96
|
Тарихы
Іргесі 1927 жылы қаланған. Ұжымдастыру кезінде (1930) “Новый мир” және Крупская атындағы ауыл шаруашылығы артельдері “Крупская” қызылша өсіру ұжымшарына бірікті. Ауылда шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрылған. Ауылдың бұрынғы атауы "Дальний Восток". Ауылға Қаратал өңірінде жатқан 18 әулиенің үлкені Ескелді би есімін беру туралы шешім қабылданып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.07.2000 жылғы №21-71 қаулысымен және облыстық маслихаттың 1993 жылғы 13 наурыздағы №2-11 шешімі және 19.06.1992 жылы Тельман ауылдық кеңесінің қаулысымен (бұрынғы Дальний Восток селосы) ел қорғаны Жылкелдіұлы Ескелді бидің (1692-1780 жыл) есімі берілді.
Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Алматы — Өскемен автомобиль жолы өтеді.[3]
Дереккөздер