Кәлпе — Жетісу облысы Қаратал ауданындағы ауыл, Жолбарыс батыр ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Үштөбе қаласынан оңтүстікке қарай 18 км жерде, Быжы және Көксу (Тентек) өзендері аралығында қамыс, құрақ, сораң шөптер аралас шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
1709 |
▲1786 |
▼1486 |
83,2 |
908 |
▼783 |
86,2 |
878 |
▼703 |
80,1
|
Тарихы
Бұрыннан бұл өңір Жалайыр руының Күшік-Қосай елінің қыстауы болған. Ауыл іргесі 1931 жылы Түрксіб темір жолын салуға байланысты қаланған. Қалпе атауы қазіргі Кәлпе ауылында жерленген Жолбарыс би атына қойылған. 1963-1997 жылдары қызылша өсіретін “Кәлпе” кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан шаруа қожалықтары құрылды. 1996 жылы Жолбарыс би кесенесі тұрғызылды. Жыл сайын көкпар, қазақ күресі секілді түрлі мерекелер өткізіледі. 2020 жылдан бастап, ауылда жол жөндеу жұмыстары, мәдениет үйі, мешіт, спорт алаңдары салынды.
Инфрақұрылымы
Кәлпеде және осы ауылдық әкімшілік округке қарасты Айдар, Киров, Қанабек және Тельман ауылдарында 2 орта, 2 бастауыш мектеп, 2 кітапхана, клуб, мәдениет үйі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшер пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы және темір жолы арқылы қатынасады.[3]
Дереккөздер