Джордж Дьюи Кьюкор немесе Джордж Цукор (ағылш. George Dewey Cukor; 1899 ж. 7 шілде — 1983 ж. 24 қаңтар) — американдық кинорежиссёр жəне сценарист. Оның «Сегіздегі түскі ас», «Филадельфиялық оқиға», «Газды жарық», «Адамның қабырғасы» жəне «Менің керемет аруым» (1964 ж., ең үздік режуссуралық қызметі үшін «Оскар» сыйлығын алды) секілді фильмдері Голливудтың алтын қорына енген.
Өмірбаяны
Нью-Йоркте Венгриядан шыққан еврейлер отбасында дүниеге келген. Қатардағы солдат ретінде екі Дүниежүзілік соғыс майданында шайқасты. 1920 жылдан бастап Бродвей театрында еңбек етті, ал 1928 жылы Голливудқа көшіп келді. 1930 жылдары атақты продюсер Дэвид Селзниктің қол астында еуропалық классиканың желісі бойынша фильмдер түсірумен айналысты. Сельзниктің жоспары бойынша дəл Кьюкор «Жел айдағандар» шығармасының желісі бойынша фильм түсіруі керек болатын. Алайда, түсірілімнің басталуына аз уақыт қалған кезде ол жобадан шығып кетті.
Кьюкор актерлармен адал жұмыс істейтін. Бұны оның фильмдеріндегі үш ер адамның қатарынан ең үздік ер адам рөлі номинациясында «Оскар» сыйлығын алуы дəлелдейді. «Газды жарық» фильміндегі рөлі үшін атышулы Ингрид Бергман «Оскар» сыйлығын алды. 1940 жылдар мен 1950 жылдардағы аралықта ол Джуди Холидей ойнайтын төрт фильм түсірді. Солардың біреуі үшін ол «Оскар» сыйлығын алды. Кьюкордың фильмінде «Оскар» сыйлығының төрт мəрте иегері Одри Хепбёрн алғашқы рөлін сомдаса, Грета Гарбо соңғы рөлдерін сомдады.
Кьюкордың соңғы жұмыстарының бірі оған кеңестік режиссерлермен жұмыс істеу тəжірибесін сыйлады: екі арадағы қарым-қатынастың жақсаруы кезеңінде «20th Century Fox» пен «Ленфильм» кинокомпаниялары бірлесе отырып, Морис Метерлинктің пьесасының желісі бойынша «Көгілдір құс» ертегісін түсірді.
Түсірілім алаңының сыртында Кьюкор бонвиван ретінде атақты болды. Оның вилласындағы тұрақты ойын-сауық кештеріне көптеген голливудтық атақты адамдар жиналатын. Ол əйелдерге қызықпайтын, жас ер адамдармен бірге өмір сүретін. Бір жолы ол тіпті «әдепсіз мінез-құлқы» үшін қамауға алынып, голливудтық қожалардың араласуынан кейін бұл іс тез жабылды. Кьюкор 1983 жылы 24 қаңтарда жүрек талмасынан дүниеден өтті жəне Глендейлдің «жұлдызды» зиратында жерленді. Өзінен кейін бірнеше миллиондаған долларлық дəулет қалдырды.
Фильмографиясы
- 1930 ж. — «Ашулы» / Grumpy
- 1930 ж. — «Рақымды күнə» / Virtuous Sin
- 1930 ж. — «Бродвейлік корольдер отбасы» / The Royal Family of Broadway
- 1931 ж. — «Масқараланған ару» / Tarnished Lady
- 1931 ж. — «Қыздар қала жайлы» / Girls About Town
- 1932 ж. — «Билль ажырасу жайында» / A Bill of Divorcement
- 1932 ж. — «Голливуд қанша тұрады?» / What Price Hollywood?
- 1932 ж. — «Өзіңмен өткен бір сағат» / One Hour with You (Эрнест Любичбпен бірге)
- 1933 ж. — «Сегіздегі түскі ас» / Dinner At Eight
- 1933 ж. — «Кішкентай əйелдер» / Little Women
- 1935 ж. — «Дэвид Копперфильд» / The Personal History, Adventures, Experience, & Observation of David Copperfield the Younger
- 1935 ж. — «Аруларсыз» / No More Ladies
- 1935 ж. — «Сильвия Скарлетт» / Sylvia Scarlett
- 1936 ж. — «Камелия» / Camille
- 1936 ж. — «Ромео мен Джульетта» / Romeo and Juliet
- 1938 ж. — «Мереке» / Holiday
- 1939 ж. — «Заза» / Zaza
- 1939 ж. — «Əйелдер» / The Women
- 1940 ж. — «Филадельфиялық оқиға» / The Philadelphia Story
- 1940 ж. — «Сьюзен мен Құдай» / Susan and God
- 1941 ж. — «Екіжүзді əйел» / Two-Faced Woman
- 1941 ж. — «Əйелдің жүзі» / A Woman’s Face
- 1942 ж. — «Оның қағаз көңілдесі» / Her Cardboard Lover
- 1942 ж. — «Алауды сақтаушы» / Keeper of the Flame
- 1944 ж. — «Газды жарық» / Gaslight
- 1944 ж. — «Қанатты жеңіс» / Winged Victory
- 1947 ж. — «Екіжақты өмір» / A Double Life
- 1949 ж. — «Менің ұлым - Эдвард» / Edward, My Son
- 1949 ж. — «Адамның қабырғасы» / Adam’s Rib
- 1950 ж. — «Кеше туған» / Born Yesterday
- 1952 ж. — «Некені құтқару» / The Marrying Kind
- 1952 ж. — «Пэт пен Майк» / Pat and Mike
- 1953 ж. — «Актриса» / The Actress
- 1954 ж. — «Жұлдыз туды» / A Star Is Born
- 1954 ж. — «Бұл сіздің басыңызға түсуі керек» / It Should Happen to You
- 1955 ж. — «Бховани станциясы» / Bhowani Junction
- 1957 ж. — «Қыздар» / Les Girls
- 1957 ж. — «Жөнсіз жел» / Wild Is the Wind
- 1960 ж. — «Күлгін шалбардағы сайтан қыз» / Heller in Pink Tights
- 1960 ж. — «Аяқталмайтын əн» / Song Without End
- 1960 ж. — «Төсек рақатына батайық» / Let’s Make Love
- 1962 ж. — «Чэпмен баяндамасы» / The Chapman Report
- 1962 ж. — «Бірнəрсесі болар» / Something’s Got to Give
- 1964 ж. — «Менің тамаша аруым» / My Fair Lady
- 1969 ж. — «Жюстина» / Justine
- 1972 ж. — «Əпкеммен саяхат» / Travels With My Aunt
- 1975 ж. — «Қирандының арасындағы махаббат» / Love Among the Ruins
- 1976 ж. — «Көгілдір құс» / The Blue Bird
- 1981 ж. — «Атақты əрі бай» / Rich And Famous
Дереккөздер