Одри Хепбёрн |
ағылш. Audrey Hepburn |
Одри Хепбёрн (1956) |
Жалпы мағлұмат |
---|
Туған кездегі есімі |
Одри Кэтлин Растон
|
---|
Туған күні |
4 мамыр 1929 (1929-05-04)
|
---|
Туған жері |
Брюссель, Бельгия
|
---|
Қайтыс болған күні |
20 қаңтар 1993 (1993-01-20) (63 жас)
|
---|
Қайтыс болған жері |
Толошна, Швейцария
|
---|
Азаматтығы |
Ұлыбритания
|
---|
Мамандығы |
актриса
|
---|
Белсенді жылдары |
1948—1989
|
---|
Марапаттары |
«Оскар сыйлығы» (1953) «Алтын глобус» (1954, 1955, 1990) BAFTA (1954, 1957, 1960, 1965, 1992) «Эмми» (1993) «Грэмми» (1993) «Давид ди Донателло» (1960, 1962, 1965)
|
---|
IMDb |
ID 0000030
|
---|
Ресми сайты |
---|
|
Одри Хепбёрн ағылш. Audrey Hepburn, туған кездегі есімі — Одри Кэтлин Растон ағылш. Audrey Kathleen Ruston; 4 мамыр, 1929, Брюссель, Бельгия — 20 қаңтар, 1993, Толошна, Швейцария) – британдық және американдық актриса, фотомодель, қоғамдық қайраткер.[1] «Римские каникулы» фильмі үшін «Оскар сыйлығы» сыйлығын алады, 4 рет Оскар сыйлығы номинациясына енеді: 1954, 1959, 1961 және 1967 жылдары.
Брюссель астаналық ауданындағы Иксельде туған. Туғанда берілген аты - Одри Кэтлин Растон. Балалық және жастық шағын Нидерландта өткізеді, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германия оккупациялаған Арнемде тұрады. Арнемде балетке үйреніп, 1948 жылы Лондонға көшкенде лондондық театр сахналарында биші болып жұмыс істейді. Бірнеше еуропалық фильмдеріне түскен сон, Одри Колетт назарына түсіп, «Жижи» бродвейлік қойылымында ойнайды.
1952 жылы "Римские каникулы" американдық фильмінде басты рөлді ойнап, «Оскар сыйлығы», BAFTA және «Алтын глобус» сыйлықтарын алады. 1954 жылы «Ундины» қойылымындағы ойыны үшін «Тони» сыйлығына ие болады.
Уақыт өте келе Одри өз заманындағы жалақысы жоғары актерлердің қатарына қосылып, Грегори Пек, Рекс Харрисон, Кэри Грант, Генри Фонда, Гэри Купер, Уильям Холден, Фред Астер, Питер О’Тул және Альберт Финни секілді актерлермен ойнайды. Хепбёрн «Сабрина» (1954), «История монахини» (1959 жыл), «Завтрак у Тиффани » (1961) и «Дождись темноты» (1967) фильмдері үшін Оскар сыйлығы номинациясына енеді. «История монахини» (1959) және «Шарада» (1963) фильмдері үшін BAFTA сыйлығын иеленеді.
«Дождись темноты» түсірілгеннен кейін біршама уақыт киноға түспейді, 2 баласының тәрбиесімен айналысады. Хепбёрнның келесі фильмі - «Робин и Мэриан» (1976), одан кейін тағы бірнеше фильмдерде ойнайды, соңғысы Стивен Спилбергтің «Всегда» фильмі.
1988 жылы Хепбёрн ЮНИСЕФ халықаралық жақсылық ерік елшісі болып, Африка, Онтүстік Америка, Азияның тұрмысы нашар елдердегі балалардың проблемаларына зейін аудартады. 1982 жылы Одри ЮНИСЕФ-те атқарған жұмыстары үшін Еркіндік Президенттік медальмен марапатталады.
1999 жылы Одри Хепбёрн Американдық кино өнер институтының американдық ағзам актрисаларының тізімінде 3 орынға ие болды.
Дереккөздер