Джон Форд (ағылш. John Ford, туған кездегі есімі — Джон Мартин Фини ағылш. John Martin Feeney; 1 ақпан, 1894, Кэйп Элизабэт, Мэн, АҚШ — 31 тамыз, 1973, Палм-Дезерт, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Үздік режиссура үшін төрт «Оскардың» жалғыз иегері.
Қызмет жолы
Портлендтегі олледжде оықыды. 1913 жылы Голливудта режиссердің ассистенті, ал 1917 жылы режиссер болды. 1920-1930 жылдары прогресшіл әлеуметтік мазмұнға толы ковбойлық фильмдер қойды. Фильмдерінде кейіпкерлердің психологиясын тереңірек ашуға ұмтылды. Оның үздік фильмдері негізінен әдеби шығармаларды экрандаумен байланысты болды: "Эрроусмит", "Хабаршы", "Соқа мен жұлдыздар", "Дилижанс" т.б. осы секілді деректі фильмдер де түсірді.
[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том