Ковбой (ағылш. cowboy, /ˈkaʊbɔɪ/ тыңдау, "cow" – сиыр, "boy" – ұл, оқылуы кәубой) — Солтүстік Америка (көбінесе Батыс АҚШ) ауылдық аймақтарында (ранчоларында) ірі қара малды бағатын[1] шопан болып, сонымен қоса ауылдық жұмыстарды да амалға асырған адам. Тарихи Америкалық ковбой Солтүстік Мексикадағы Вакеро тайпасының дәстүрінен келіп шығып, кейін ала ол аса маңызды фигураға және аңызға айналды.[2]
Ковбой кейіпкері вестерн (уэстэрн) жанрының көмегімен әлем мәдениетінде танымал фигураға айналды.