23 мамыр 1961 (1961-05-23) (63 жас)
Италия
177
шабуылшы
карьерасын аяқтады
Даниеле Массаро (итал. Daniele Massaro; 23 мамыр 1961[1], Монца, Ломбардия) — Италиялық футболшы, шабуылшы. Италия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
1981 жылы тұңғыш рет Италия құрамасы сапында алаңға шықты. 1982 жылғы әлем біріншілігіне барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады, есесіне әлем чемпионы атанды. 1994 жылғы әлем чемпионатында алты кездесуде алаңға шықты. Финалда Бразилиямен ойынның соң пенальтилер сериясына дейін жетіп, Массаро соққысын дарыта алмады, Италия күміс жүлдені қанағат тұтты. Массаро бұл чемпионаттың топтық кезеңінде Мексиканың қақпасына бір гол соқты, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
1994 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын аяқтады.