Атырап (Түрікменстан)

Түрікменстан картасында атырап шекаралары ақ түспен белгіленген

Атырап (түрікм. Etrap) — қазіргі Түрікменстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісінің екінші ретті әкімшілік-аумақтық бірлігі. Қазақстанның әкімшілік бірлігі ауданға ұқсас.

Сипаттамасы

Түрікменстан уәлаяттары атыраптарға бөлінеді, бұл бұрынғы Түрікмен КСР облыстарының аудандарға бөлінуіне сәйкес келеді. Сондай-ақ Түрікменстан астанасы – Ашхабад қаласы да бірнеше қалалық атыраптарға бөлінеді. Елдің басқа қалаларының атыраптарға бөлінуі туралы нақты мәлімет жоқ.

Атыраптар жергілікті бағыныстағы қалалардан, елді мекендер мен кеңестерден (бір немесе бірнеше ауылды қоса) тұрады. Кеңестер кеңестік кезеңдегі ауылдық кеңестерге ұқсайды. Атыраптардың басшылары «Хәкім» деп аталып, оларды Түрікменстан президенті тағайындайды.

2008 жылға дейін атыраптардың өкілді органдары «Халық Мәслихаты» болды, оның мүшелерін Түрікменстанның 2003 жылғы Конституциясына сәйкес төрт жыл мерзімге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтары сайлады.

2016 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Түрікменстанда 50 атырап, қалалардағы 8 атырап және атырап құқығы бар 15 қала болды.

Түрікменстан атыраптарының тізімі

  1. Ақбидай атырабы (бұрынғы Гәуер) — Әнеу қаласы
  2. Бабадайхан атырабы (бұрынғы Киров) — Бабадайхан қаласы
  3. Бәһерден атырабы (бұрынғы Баһарлы) — Бәһерден қаласы
  4. Көктепе атырабы — Көктепе қаласы
  5. Кака атырабы (бұрынғы Кахка) — Кака қаласы,
  6. Сарахс атырабы (бұрынғы Серахс) — Сарахс кенті,
  7. Тежен атырабы — Тежен қаласы,
  1. Берекет атырабы (бұрынғы Қазаншық)
  2. Мақтұмқұлы атырабы (бұрынғы Қарақала)
  3. Қызыларбат атырабы (бұрынғы Сердар)
  4. Түрікменбашы атырабы (бұрынғы Красноводск)
  5. Есенқұлы атырабы (бұрынғы Хасанқұлы)
  6. Етрек атырабы (бұрынғы Қызылетрек)
  1. Ақтепе атырабы (бұрынғы Ленин),
  2. Болдымсаз атырабы (бұрынғы Калинин),
  3. Көроғлы атырабы (бұрынғы Тақты),
  4. Көнеүргеніш атырабы,
  5. Шабат атырабы (бұрынғы Дашоғыз, С. А. Ниязов ат.),
  6. Рухубелент атырабы (2 сәуір 2007 жылы құрылды),
  7. Сапармұрат Түрікменбашы атындағы атырап (бұрынғы Октябрьск).
  1. Дарғаната атырабы (бұрынғы Бірата),
  2. Дәнеу атырабы (бұрынғы Дейнау, Қалқыныш),
  3. Керкі атырабы (бұрынғы Атамұрат),
  4. Көйтендақ атырабы (бұрынғы Шаршан),
  5. Саят атырабы,
  6. Халаш атырабы,
  7. Қожамбаз атырабы
  8. Шәржеу атырабы (бұрынғы Шаржау, Сердарабат).
  1. Байрамалы атырабы
  2. Уәкілбазар атырабы
  3. Қарақұм атырабы
  4. Жолөтен атырабы
  5. Мары атырабы
  6. Мұрғап атырабы
  7. Сақаршаға атырабы
  8. Тақтабазар атырабы
  9. Түрікменқала атырабы

Таратылған атыраптар

Тағы қараңыз

Сілтеме

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!