Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауьісу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кету ахуалын бастан өткереді. Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалық даму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесін тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасындағы шынайы күрес ретінде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіндірді. Шын мәнінде, әлеуметтік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихында Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.
[1]
Дереккөздер
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7